1. Когнитивті(танымдық) сала



бет1/16
Дата23.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#59243
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1 О ушыларды критериалды ба алау ж йесі



1.2. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі

Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың мәдениеті мен тәжірибесін дағдыландыру бағалау жүйесін реформалау үрдісіндегі әрекеттердің күрделі


бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім санасының философиясында туындаған асимметриямен байланысты, санада қабылданатын объект бұрынғы қалыптасқан пікірі мен артықшылықтарына сәйкес емес жағдайда туындайды. Сана философиясына сәйкес асимметрияның болуының жақсы
жақтары да бар: нысананы қабылдауда объективтілікті арттырады, ол асимметрияны тудырады және оның дамуына әкеледі. Демек, қалыптастырушы бағалауға сыни және күмәнмен қараған мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың негізінде алынған нәтижелерді бұдан әрі объективті түрде бағалауы мүмкін. Өз кезегінде бұл педагогикалық қоғамда ынталандыратын және қолдайтын кәсіби орта қызмет жасайды деген шартпен мұғалімге өз тәжірибесінде шынайы өзгерістер мен жақсы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Сана философиясына сәйкес асимметрия санадағы объект алдыңғы қалыптасқан сенім мен артықшылықтарға сай болмаған жағдайда туындайды. Оңтайлы сәті оның дамуына алып келетін берілген объектіні қабылдаудың объективтілігін арттыру болып табылады.
Педагогикалық мақсаттардың ең алғашқы үлгісінің авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол «Таксономия» еңбегінің бірінші бөлігін жарыққа шығарды(1956).Блум таксономиясы–танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі.Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді:білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Келесі онжылдықта Д.Кратволь және басқа да ғалымдар «Таксономия» еңбегінің екінші бөлігін (аффективті сала бойынша) жазды.Бірінші бөлігі танымдық (когнитивті) мақсаттар саласын сипаттайды. Алдымен іс-әрекет саласы мен ол қамтитын сәйкес мақсаттарға тоқталайық.
1.Когнитивті(танымдық) сала. Бұның құрамына зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудан бастап проблемаларды шешуге дейінгі мақсаттар енеді.Оның барысында жаңа нәрсе құруды енгізе отырып, бар білімді қайта ойлап (басқаша ойлау) оның алдын-ала зерделенген идеялармен, әдістермен, тәсілдермен жаңа байланысын құру қажет болады. Танымдық салаға бағдарламалардағы, оқулықтардағы, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесіндегі оқыту мақсаттарының басым бөлігі қатысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет