Тапсырмаларды әзірлеуде жетістік критерийлерін құрастыру бойынша ескерілетін мәселелер: Жетістік критерийі бойынша дайындалған тапсырманың бағдарламадағы сілтеме мен оқу мақсатына негізделіп жасалуы:
тапсырманың шұбалыңқы емес, оқушыға түсінікті тілде құрылуы;
қысқа көлемді тапсырмалардың қолданылуы, көлемі, орындау уақытын алдын ала жоспарлау;
бағалауда бақылауды қажет етпейтін артық ақпараттың тапсырмада қолданылмағаны жөн;
кейбір күрделі тапсырмаларда міндетті түрде орындау қадамдары берілуі керек( мысалы, жазылымда және айтылымда) шығармашылық сатыға арнап құрылатын тапсырмалар үшін арнайы шектің немесе жауап үлгісі алдын-ала даярлануы керек.
Оқу мақсаттары, тапсырмалар және жетістік критерийлері өзара тығыз байланыста болады [7]. Жоспарлау оқу мақсаттарын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушының игеретін білімі туралы шешім қабылдаған соң, оған сай тапсырманы оқу жоспарын қолдана отырып жоспарлайды. Тапсырма оқушының бір немесе бірнеше оқу мақсаттарына табысты түрде жетуіне ықпал етеді (3-сурет).
Оқушы тапсырманы орындап жатқан кезінде мұғалім оның оқу үрдісінің қай сатысында екенін анықтауға тырысады. Ол ағымдағы нәтиже деңгейін осы деңгейге сәйкес жетістік критерийлеріне жүгіне отырып салыстырады. Оқушы оқу мақсатына «жеткен» жағдайда, мұғалім оқушы білімін әрі жетілдіруді ұсынады, қиынырақ деңгейдегі тапсырмалар береді. Оқу мақсатына «талпынған» оқушыға мұғалім қолдау мен кеңес береді, әрі қарай оқу мақсатына жетудің жолдарын көрсетеді.
Тапсырма түрлері Жабық түрдегі тапсырмалар:
Бір дұрыс жауапты;
Бірнеше дұрыс жауапты;
Сәйкестікті анықтауға берілген;
Дұрыс реттілікті анықтауға берілген.
Ашық түрдегі тапсырмалар:
Қысқа жауапты қажет ететін;
Толық жауапты қажет ететін;
Эссе.
4-сурет. Тапсырманы құрастыру кезеңдері
Бұл ақпараттар тапсырмаларға сәйкес келеді және осы оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалауға қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі (4-сурет. Тапсырманы құрастыру кезеңдері). Қол жеткізуге тиісті жетістік критерийлері саны әр оқу мақсатын бағалау бойынша ұсыныстарымен жан-жақты сипатталады.