1. Компьютер – бұл



бет4/37
Дата20.05.2023
өлшемі88,82 Kb.
#95460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Документ

8. Құралдар үстелі – бұл ...
a) жиі пайдаланылатын әмірлердің шартты белгішелерінің батырмалары түрінде ұсынылған осы әмірлер мәзірінің жиынтығы 
b) басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалармен және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе 
c) құжаттар және олармен жұмыс істеуге арналған әр түрлі құралдары бар монитор бейне беті
d) пайдаланушы жиі пайдаланатын дискі немесе басқа тасымалдаушы
9. Әмірдің сұхбат терезесі ... бұл
a) пайдаланушы сұратқан әмірінің параметрлерін таңдайтын немесе беретін терезе 
b) басқарушы құралдар жинағы бар бағдарламалармен және құжаттармен жұмыс істеуге арналған терезе
c) құжаттар және олармен жұмыс істеуге арналған әр түрлі құралдары бар монитор бейне беті 
d) ішкі және сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуге арналған Тапсырмалар үстелі терезесі 
10. Нысанның мәтінмәндік мәзірін қалай шақыруға болады?
a) тінтуірдің сол жақ батырмасымен нысанды шертіп
b) тінтуірдің оң жақ батырмасымен нысанды шертіп 
c) тінтуірдің ортадағы батырмасымен нысанды шертіп
d) тінтуірдің сол жақ батырмасымен нысанды екі рет шертіп
11. Бір ашық терезеден екінші терезеге ... өту керек.
a) Тапсырмалар үстелінде  керекті терезенің батырмасын басып 
b) Бастау батырмасын басып және керекті терезені таңдап 
c) Файл мәзірін ашып және керекті терезені таңдап 
d) Түр мәзірін ашып және керекті терезені таңдап
12. Windows бағдарламаларының көпшілігін ... іске қосуға болады.
a) Бастау мәзіріндегі Құжаттар ішкі мәзірін, содан кейін бағдарламаның өзін таңдап
b) Бастау мәзіріндегі Баптау ішкі мәзірін, содан кейін бағдарламаның өзін таңдап
c) Бастау мәзіріндегі Бағдарламалар ішкі мәзірін таңдап және бағдарламаны таңдап
d) Бастау  мәзіріндегі бағдарламаны таңдап
13. Windows амалдық жүйесінде жұмысты дұрыс аяқтау үшін ...
a) Бағдарламаның бәрін жабу, Бастау әмірін таңдау және Өшіру батырмасын басу керек
b) Бағдарламаның бәрін жабу, Өшіру батырмасын басу керек
c) Бастау мәзірінен Өшіру әмірін таңдау керек
d) Power батырмасымен компьютерді өшіру керек
14. Windows-тың қалыпталған бағдарламалары болып ... саналады.
a) Paint сызбалық өңдегіші, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары
b) Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint бағдарламалары
c) Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш, Блокнот, Word Pad, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPointбағдарламалары
d) Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш, Блокнот, Word Pad бағдарламалары
15. Блокнот бағдарламасы ... арналған.
a) мөлшері үлкен мәтіндерді теру.doc кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге
b) мөлшері үлкен мәтіндерді теру, .txt кеңейтімі бар құжаттарды қарап шығуға және өңдеуге
c) .bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге
d) кеңейтімі .ppt әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге
16. Блокнот бағдарламасын іске қосу үшін ... керек.  
a) Бастау мәзірінен тізбекті түрде Бағдарламалар – Microsoft Offiсe әмірін таңдау немесе .txt кеңейтімі бар файлды екі рет шерту
bБастау мәзірінен Бағдарламалар – Қалыпталған әмірін таңдау, .txt кеңейтімі бар файлды екі рет шерту немесе Бастау мәзірінен Жегу әмірін таңдап, notepad әмірін енгізу
c) тек қана Бастау– Жегу тармағынан notepad әмірін екі рет шерту 
d) тек қана .txt кеңейтімі бар файл бойынша екі рет шерту
17. Word Pad бағдарламасы ... арналған.
a) мөлшері онша үлкен емес құжатты әзірлеу және қарап шығу, кеңейтімі .txt мәтіндік құжаттарды пішімдеуге және өңдеуге
b) .bmp типті сызбалық файлдарды қарап шығуға және өңдеуге
c) көлемі шектелмеген құжатты әзірлеу және қарап шығу, кеңейтімі .doc мәтіндік құжаттарды, сондай-ақ кеңейтімі .txt Блокнот бағдарламасының құжаттарын пішімдеуге және өңдеуге 
d) кеңейтімі .doc әлдеқашан бар құжаттарды өңдеуге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет