1. "Көркем еңбек" пәнінің маңыздылығы


"Көркем еңбек" пәні оқу бағдарламасындағы ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану



бет6/11
Дата31.12.2021
өлшемі36,38 Kb.
#21728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Көркем еңбек практика

3. "Көркем еңбек" пәні оқу бағдарламасындағы ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

1)ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста технологияларды сенімді және шығармашыл түрде қолдана білуін қамтамасыз етеді;

2) оқушылар ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтерімен, ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану, өз жұмысын жүзеге асыру арқылы білім беру бағдарламаларының барлық пәндері бойынша өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын дамытады;

3) «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламасында:

көркем жұмыстарын жасауда компьтерлік-сандық технологияларды қолдану;

Интернеттен және дерекқордан ақпараттар іздеу (сандық және интернеттен алынған дәйектерді маңызына қарай табу, таңдау, өңдеу);

белгілі мақсаттар және нақты аудитория үшін түрлі дереккөздерінен алынған материалдар кіретін слайд презентацияларын жасау дағдыларын дамыту;

басқа оқушылармен шығармашылық жұмыс жасау үшін ақпарат алмасу, хабарлама жіберу, ынтымақтастық құру;

белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны пайдалану.

Берілген тәсілдерді жүзеге асыру:

1) олардың әрі қарай дамуы мақсаты үшін әр оқушының ойын құрметтеу және осыған дейінгі алған білімі мен түсінігінің маңыздылығын мойындау;

2) мұқият таңдалған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен оқушылардың уәждік және дамыта оқытылуы;

3) оқушыларға түсінікті мысалдардың негізінде стратегиялық мәселелердің шешімдерін моделдеу;

4) оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

5) «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушылардың білім алуына қолдау көрсету;

6)шығармашылық орта құру мақсатында әртүрлі тәсілдермен оқытуды дифференциациялау;

7) пәнаралық байланыстарды дамыту және қолдау;

8) оқушылардың зерттеушілік әрекеттеріне негізделген белсенді білім алуын мадақтау;

9) шығармашылық іс-әрекеті процесіне белсенді қатысу: оқу іс-әрекеті процесіндегі шығармашылық жұмыстарын бағалау және талдау, құру, бақылау зерттеу, жүргізу;

10) оқушылардың бойындағы сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалау қабілетін дамыту;

11) оқушылардың шығармашылық әрекеттерін одан әрі ынталандыру үшін идеялары мен жұмыстарына презентация жасау (ұсыну) арқылы іске асырылады.
Практикалық №3

Тақырыбы: Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет