2. Қалыптастырушы бағалау
Жаңартылған білім беру аясында жасалған «Көркем еңбек» оқу пәнінің білім беру бағдарламасының мәні оқушылардың «Көркем еңбек» пəні елестету мен бақылау қабілетің, кеңістікте тану жəне көзбен көріп қабылдау қабілетін қамтамасыз ететін, əр түрлі шығармашылық əрекет барысында, көркемдік-технологиялық білімдерді, қабілеттер жəне дағдылар- ды қалыптастырады.
«Көркем еңбек» кіріктірілген (бейнелеу өнері мен технология) білім беру бағдарламасы тәжірибеге мен нәтижеге бағытталған білім беру моделдеріне негізделгені анықталды. Ал, оның білім беру мазмұны мен педагогикалық әдіс-тәсілдері сындарлы, спиральды, скоффолдинг пен моделдеу, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыда ойлау, саралап оқытудың теорияларына негізделіп құрылғаны байқалады.
Оқу пәнінің оқыту барысында оқушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер, кері байланыс пен рефлексия үдерісінде қолданатын тәсілдер оқушылардың көркем еңбек пәні бойынша да ойлау мен тілдік дағдыларын дамытуға, көркемдік-технологиялық білімін қалыптастыруға және тұлғалық қасиеттерін дамытуға қуатты құралдардың бірі болып табыла алады.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің сабақтарында оқушылардың жоғары да аталған дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауға бағытталған қалыптастырушы және жиынтық бағалаулар, олардың танымдық және тұлғалық қасиеттерін анықтау мен жетілдіруге жүйелі түрде бақылау мен бағалау жасауға сапалы бағалау құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |