1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


) Т.Нұрмағамбетовтің “Атақоныс” шығармасындағы мотивтер



бет10/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

13) Т.Нұрмағамбетовтің “Атақоныс” шығармасындағы мотивтер
Мотив: Сағыныш
Ауылға деген сағыныш Аймүйізді іздеймін деп Мұқа шалдың өз ауылына амалсыздан жолы түсіп кетеді. Талтоған ауылының тас-шөбі мен тау-тасы сол қалпында тұрғанын көреді. Ауылға көз сала бере Мұқа шалдың өзінің жары Дәнекермен кешке қарай пеш жанында өткізген түрлі ыстық естеліктері көз алдына елестеп , көңіліне мұң шалады . Яғни, шалдың сағыныш сезімі орнайды. Балалары әр жаққа кеткен соң , өз жастық шағы өткен ауылдан көшуге тура келеді. Міне, осылай бірнеше уақыт өткеннен кейін бошалап кеткен сиырын іздеу мақсатында Мұқа шалда біраз уақыт келмеген ауылына аяқ-асты келіп қалады. Тіпті бұл жерде байқайтынымыз сиырдың өзі, өзінің туған жерін аңсағандай өз жерінде бұзаулапты. Кей сәттерде жануарлардың сезімі адамдардың сезімінен де жоғары екенін байқаймыз.
Қазіргі таңдағы өзекті пробелмалардың бірі ауылды сақтап қалу, жастың да, кәрінің де ауылды тастап кете баруы түптің түбінде ауыл деген керемет мекеннің жойылып кетуіне апарады. Жастар ауылды көркейтудің орнына қаладағы өдерінің жанына жағатын жайлы өмірді таңдайды. Алайда ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүру дұрыс емес деп ойлаймын. Түйіндей келе, ауылды сақтап қалмасақ қазақтың жанының бір бөлшегінен айырылатынымыз айдан анық.
14) Р.Ғамзатовтың “Ана тілі” өлеңіндегі тіл мен ұлт мәселесіне жан-жақты талдау жасаңыз.
Тақырыбы : Ана тілін , ұлтын қадірлеу,ұмытпау
Идеясы: “Балгер де емес,дәрігер де емес емдейтін , тек өзімнің тілім екен сөйлейтін” деп өлең шумақтарында айтып кеткендей Р.Ғамзатовтың туған еліне,жеріне,тіліне деген ерекше махаббаты, әрбір тау-тасқа дейін суреттеп, өзінің ішкі сезімін өлең арқылы білдіреді.
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Оқиғаның басталуы – Ақынның түс көруі
Оқиғаның байланысуы – Дағыстанның табиғатының суреттелуі, ақынның жалғыздығы
Оқиғаның шиеленісуі – екі адамның әңгімесі
Оқиғаның шарықтау шегі - ақынға туған үнінің күш беруі
Оқиғаның шешімі – Ақынның туған тіліне махаббаты
Өлең құрылысы: Төрт тармақты, үш бунақты, 11-12 буынды, егіз ұйқас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет