23. Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесін сюжеттік-композициялық жүйесіне қарай талдаңыз Басталуы – Ауыл көрінісі, Дүйсеннің ауылға келуі
Дамуы – Дүйсен мектеп ашуы
Байланысуы – Академик Алтынай Сүлейменованың ауылға келуі
Шиеленісуі – Алтынайдың хаты
Шарықтау шегі – Дүйсеннің Алтынайды қалаға алып кетуі
Шешімі – Мектепке «Дүйсен мектебі» деп атау беру
Алғашқы ұстаз әнгімесіндегі Алтынайдың тағдыры әлеуметтік мәселелер тұрғысынан қарасақ,әке-шешесі қайтыс болған қыз аға-жеңгесінің қолында өскен.Сол заманның әлеуметтік әсері-жетім қызды адуын жеңгесі біреуге малға сатпақшы болады.Жебір жеңге қыздың жастығын,обалын ойламай өз құлқын ғана ойлап, ойын жүзеге асырғысы келеді.Сол қоғамның әлеуметтік тұрғысынан қарағанда Алтынай оқу оқымай,жастайынан біреуге тұрмысқа беріліп,тағдыры қор болып өтерме еді? Егер ауылға Дүйсен келіп ауыл балаларын,Алтынайды оқытпағанда.Адуынды жеңгесінің тепкісін,зорлығын көп көріп өскен қыздың оқуға ынтасын білген Дүйсен сол қор өмірден,әлеуметтік жағдайдан тапшылығынан Алтынайды суырып алып,қалаға оқуға жібереді.Менің ойымша Алтынайдың тағдырын өзгерткен алғашқы ұстаз Дүйсен.Ол болмағанда Алтынай қиын тағдырына хош айта алмас еді.Алғашқы ұстазы Дүйсеннің арқасында кейін академик Алтынай Сүлейменова атанады.
24. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына кешенді әдеби талдау жасаңыз Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда"поэмасы 1973жылы жарық көрген.Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығы -шығарманың қайталанбас өз ерекшелігіменде күрделене түскен.Ақын шығарманы тереңнен толғанып,адам жүрегінен орын алатындай дәрежеде жазып,поэманың сұлу сарайына айналдырған.Поэманың құндылығы оның сапасымен,көлемімен бағаланбайды.Ақынның бұл поэмасының құндылығы биік таудан сарқырай аққан таза,мөлдір бұлақ секілді дүние.Оны оқыған адам сусындап,мейірі қанып рахатқа бөленетін құнды дүние.Шығарманың негізгі идеясы-ана бейнесі арқылы көлдің еркесі аққуға жасалған қастандықты көрсете отырып,қиянаттың қайғыға ұрындыратынын ұғындыру,қоршаған ортаның заңдылығына қарсы келмеу керектігін көрсету.Дәлелім:Жалғыз ұлы өлім аузында жатқан ананың тәуіптің сөзіне еріп,табиғат ананың аққу перзентін атып,өз перзентінен айрылуы.Логикалық қорытынды жасар болсақ:Бұл дүниеде екі ана бар.Бірі-табиғат анамыз,2-шісі адам анамыз.Екі анада мейірімді,аналарға қатаңдық көрсетуге болмайды.Адамзаттабиғат перзенті делік,онда адам анаға табиғат ананың перзенті аққуға мылтық кезенткен қандай күш?Ол-ананың баласын өлімнен құтқарғысы келіп ұмтылған,ананың балаға деген жанұшырған махаббат күші.Аққуды өлтіріп өз перзентінен айрылған ана ес-түссіз,аңырап қалады.Мұндағы қорытынды-айнала қоршаған ортаға зиян келтірмей,табиғаттың заңын қорғау. Эссенің құрылымына келсек: 1.Кіріспе.Жетімкөлдің табиғаты суреттеледі.Сұлу ақ қанатты,пәк,сұңқыл үнді талғампаз киелі құс-аққудың мекеніне айналған көл мен оның сұлу табиғаты. 2.Негізгі бөлім.Ананың жалғыз ұлының өлім қәлінде жатуы.Тәуіптің:аққу қанатымын емде- деуі.Ашынған ананың көлге аттанған дәрменсіз келбеті бейнеленген. 3.Қорытынды бөлім.Жалғыз ұлын өлімнен құтқарғысы келген ананың көлге келіп аққуды атуы.Өлген аққу мен қанға боялған жаралы аққудың сұңқылдаған бейнесі.Көлден ұшқан аққулар.Дәрменсіз,ессіз күйде үйіне оралған ана бейнесі. Поэманың соңында Жетім көл өз сұлулығы аққудан айрылып,аққудың сұңқылы есітілмейді.Поэмада көлдің сәні аққу екенін дәлелдеп,табиғатты аялауға тәрбиелейді.