1. «Көшпелілер тек малшаруашылығымен айналысты, өздері өнім өндірмеді». Бұл пікірге қалай қарайсыңдар



Дата01.06.2022
өлшемі26,33 Kb.
#36141
Байланысты:
емтихан қаз тарихыноб-219 (1) (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІБАСТҰЗ КОЛЛЕДЖІ




Құқықтық пәндер
ЦӘК отырысында қаралды және бекітілді
Хаттама № ____________
ЦӘК төрайымы____________Ф. А. Тюгумбаева
«____»______________2022 ж.

БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі директор орынбасары
_______________Б. А. Спанкулова «_____»_____________ 2022 ж.



Емтихан сұрақтары
Пәні
«Қазақстан тарихы»
II курс, АТ-111, ҚТ-111, ББ-111, ҚТӘ-111, И-111, МдТ-111, БжС-111, ДТ-111 топтары
Мамандығы: Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы барлық мамандықтар үшін


Құрастырған оқытушы:
Жалмагамбетов Р. И.
2021 – 2022 оқу жылы
Қазақстан тарихы пәні бойынша емтихан сұрақтары

1. «Көшпелілер тек малшаруашылығымен айналысты, өздері өнім өндірмеді». Бұл пікірге қалай қарайсыңдар?


2. Қазақ қоғамындағы ауқатты көшпелілердің рөлі қандай еді?
3. Қазіргі уақытта республикамыздың қай өңірлерінде егіншілік басым дамыған?
4. «Ұлттық қолөнер бұйымдары кез келген халықтың шаруашылық ерекшелігіне байланысты қалыптасады» деген тұжырымға қалай қарайсыңдар?
5. Бүгінгі күнделікті өмірімізде ұлттық қолөнер туындылары қаншалықты пайдаланылады?
6. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтуда Ұлы Жібек жолы қандай рөл атқарды?
7. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қай қалалар бүгінгі күнге дейін сақталған?
8. Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихына қосқан үлесіне баға беріңдер.
9. «Қазақтар көшпелі емес, отырықшы халық болған» деген пікірмен келісесіңдер ме?
10. Жоспарлы экономиканың дәстүрлі шаруашылық жүйеден айырмашылығы неде?
11. «Қазақстан – аграрлы республика» деген пікірге өз көзқарастарыңды айтыңдар.
12. Орыс, украин және т.б. диаспоралар өкілдерінен шыққан қандай көрнекті тұлғаларды білесіңдер?
13. 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының деректері бойынша Қазақстанда тағы қандай этностардың өкілдері тұрды?
14. Республикадағы түрлі ұлт өкілдерінің тату тұрып жатқаны қазақ халқының парасаттылығы арқасында екенін дәлелдеңдер.
15. Тоқырау жылдарында не себепті ауыл халқы қалаға көшті?
16. Дүниежүзі қазақтары құрылтайын өткізу мен қандастарымыздың елге оралуының негізгі себептері мен алғышарттары қандай?
17. Қазақстан қандастардың елге жаппай қоныс аударуынан қандай жеңілдіктер мен артықшылықтар алды?
18. «Серпін» бағдарламасының мақсаты мен жүзеге асырылу барысы жайлы айтыңдар.
19. Көптілді саясаттың қандай артықшылықтары бар?
20. Бірнеше мемлекеттік тілдері бар елдерді атаңдар.
21. «Елдегі конфессияаралық бейбітшілікті қалай нығайтуға болады?» деген тақырыпта өз ойынды атйып, дәлелде
22. Елде бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға қатысты қандай ұсыныстарың бар?
23. Ежелгі көшпелілердің Жер-Анаға деген құрметі қандай болды?
24. М. Қашғаридың «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани луғат-ат-түрік») еңбегін жазуына не себеп болуы мүмкін?
25. Ежелгі және ортағасырлық ойшылдар көзқарасының бүгінгі күні өзектілігі неде?
26. Жыраулар мен ақындардың Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі қандай?
27. Қазақ хандары қоғамның бірлігін қамтамасыз етуде қандай қызмет атқарды?
28. Билердің қоғамның саяси-әлеуметтік өміріндегі орнына баға беріңдер.
29. Қазақ тарихында Тәуке хан заманын неге «Алтын ғасыр» деп атайды?
30. «Зар заман» кезеңі қазақ мемлекеттілігі үшін күрес болды» деген пікірмен келісесіңдер ме?
31. Бүгінгі әдебиетте «Зар заман» ақындарының ықпалы байқала ма?
32. ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қандай оқиғалар әсер етті?
33. Қазақ зиялыларының ортақ мүдделері болды ма?
34. Патша үкіметі қазақ ағартушыларына қатысты қандай саясат ұстанды?
35. Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөлі қандай?
36. Мерзімді басылымдардың қоғамдық-саяси ойды жаңғыртудағы рөлі неде?
37. Қазақ зиялыларының шығармашылық мұралары қоғамдық санаға қалай әсер етті?
38. Ұлт мүддесін қорғауда Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметі қалай көрініс тапты?
39. «Алаш» партиясының негізгі бағдарламалық ұстанымдары қандай
40. Не себепті Алаш қайраткерлері халықты тыл жұмысына баруға үгіттеді?
41. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1916 жылы қазақтарды тыл жұмыстарына алуға көзқарасы
42. «Ұлттық идея» мағынасын қалай түсінесіңдер?
43. Ұлттық идеяның маңызы
44. Қазіргі кезде үлкенге құрмет көрсету әдебі қаншалықты сақталған?
45. Ұлы дала тұрғындарының қонақжайлылық қасиеті
46. «Далалықтардың жазылмаған заңдары» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?
47. Бұрынғы салт-дәстүрлер уақыт өте өзгерістерге ұшырады ма
48. Ортағасырлық Қазақстанда ғылымның дамуына қандай тарихи-мәдени оқиғалар ықпал етті?
49. Ежелгі түркі жазуының қалыптасуы
50. Ортағасырлық ғылым дамуындағы араб тілінің рөл
51. Ортағасырлық ғұламалардың Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлестері
52. Ерте орта ғасырларда түркілердің жазуын алғаш кімдер зерттеген?
53. Арабтардың Оңтүстік Қазақстан жеріне енуімен қандай өзгерістер орын алды?
54. Орта Азияның басқа елдерінен (өзбек, тәжік, түрікмен т.б.) ортағасырлық қандай ғұламаларды білесіңдер?
55. «Қазақстан аумағына жіберілген әскери және ғылыми экспедициялар патшалық Ресейдің отарлау саясатының бір бағыты» деген тұжырыммен келісесің бе?
56. XVIII–ХХ ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектері Қазақстандағы ғылымның дамуына қаншалықты әсер етті?
57. Қазақтардың медицина саласындағы зерттеулері.
58. Қазақстанды зерттеуші қазақ және орыс ғалымдарының мақсаттары бір болды ма?
59. Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуі
60. Орыс географиялық қоғамына мүше болған қандай қазақ ағартушыларын білесің?
61. ХІХ–ХХ ғасырлардың бас кезіндегі ғалымдардың қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі
62. «Ресей империясы қазақ балаларын оқыту арқылы патша үкіметіне қызмет ететін шенеуніктерді дайындауды көздеді» деген пікірмен келісесіңдер ме?
63. Жәдидтік мектептердің басқа мектептерден айырмашылығы қандай?
64. 1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы сауатсыздыққа қарсы күрес: жетістіктер мен қайшылықтар
65. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қызметі елде білімді жетілдіруде елеулі рөл атқарды ма?
66. Кеңестік билікке «Сауатсыздықты жою» мәселесін көтеруге не себеп болды?
67. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім.
68. Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығында Орта Азияның басқа республикаларында мектеп ісінің жағдайы қандай еді?
69. Білім беру деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен байланысты ма?
70. 1969 жылы Есік қорғанындағы қазба жұмыстары кезінде қандай маңызды археологиялық жаңалық ашылды?
71. Неліктен қазіргі замандағы көшпелілердің этнографиялық өмірін бақылау бұрынғы көшпелілер өмірін тануға көмектеседі?
72. «Неолиттік төңкеріс» дегеніміз не?
73. Суармалы және суарылмайтын егіншіліктің айырмашылығын түсіндірі.
Бұл егіншілік экологиялық қандай жағдайда тиімді болады?
74. Көшпелі малшаруашылығы пайда болуының алғышарттарын ата
75. Ботай мәдениет.
76. Қазақстан аумағында қола өндірісінің дамуына не ықпал етті?
77. Беғазы-Дәндібай мәдениеті(б.з.б. X–VIII ғғ.)
78. Ұлы Даладағы ертедегі көшпелілер
79. Сақтар
80. Халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуы
82. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі
83. Махмұд Қашқаридың араб тілінде жазылған «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі
84. Ақ Орда
85. Өзбек хандығы
86. Мәдени-генетикалық код дегеніміз не?
87. Шежіредегеніміз не? Шежіре неге тарихи дереккөз қызметін атқаруы мүмкін? Шежірешінің бойында қандай қасиеттер болуы керек?
88. Жүздердің құрылу факторларын ата
89. Ғұн империясының саяси құрылысы туралы әңгімеле
90. Түрік қағанаты

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет