1. Критериалды бағалау жүйесінің мақсат – міндеттері Критериалдық бағалау



бет7/7
Дата18.01.2023
өлшемі49,38 Kb.
#61823
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Критериалды бағалау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.
2.Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107-бет

Критериалды бағалауды мен қалай түсінемін?


 Оқу-әдістемелік материалдар 0 15,306 қаралған 2018-04-09
Оқу үдерісіндегі жаңашылдық — мектептен шынайы жасалатын сынақтар мен маңызды тәжірибе жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Ал тәжірибесіз жаңа нәрсенің проблемасы зерделеніп, әдістер тиімділігі жетілмейді.
Қазіргі таңда, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында орта мектептерде туындап отырған өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың тиімділігін арттыру болып отыр.
Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқы кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.
Оқуды тиімді бағалау — білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді.
Күнделікті сабақта білім алушылар топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.
Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл кері әсер беретін тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды. Ол үшін Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек.
Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай жоспарланады. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік принципі сақталады. Қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде сабақта күтілетін нәтижеге жету қарастырылады.
Енді бағалауға келсек, қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жетімен» тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.
Оқушының сабаққа ынтасын арттыруда алдымен психологиялық тренингтер жүргізу керек секілді. Өйткені, сабаққа зейіні ауған оқушының білімге деген құштарлығын қызықтырғыш элементтер арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сыныпта «Бәрімізге бақыт сыйлайық» сәтін жиі ұйымдастырған дұрыс. Осы кезде оқушылардың бойына мейірім мен шынайылылық қалыптаса бастайды. Осындай жылы сезімдермен бір- бірінің қолдарынан ұстап ізгі ниет білдіреді.Топқа бөлу үшін берілген суреттерде жарқын тұрмыс, не тәтті тағам немесе жылы шырайлы келбет беретін гүл суреттерін, болмаса жандарына жылылық ұялататын жақын адамдардың келбетін ұсынған дұрыс. Ол да сабақтың нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқтай сал» әдісі, көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас таныта отырып, топтасып жұмыстануға ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыс.
Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек. Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша бірнеше қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне жеке жұмыс жасаған тұста керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді. Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды.
Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.
Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады.
Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
Сарыкемер орта мектебінің бүгінгі мектепішілік тәжірибе алаңында бағалау әдістерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру мен оқуға деген уәж-ынтасын арттырудың жолдары зерделенуде. Бұл оқу және оқыту үшін бағалаудың үдерісінен туындайтын сұрақтарға педагогтар назарын аударады деп ойлаймын.
Қазіргі мектеп оқушылары көбіне сыртқы (басқа тараптан алынған) бақылау сынақтарында тұрақты білім жетістіктерін көрсете алмайды. Бірде жоғары болса, бірде төмен көрсеткіш көрсетеді.Біз үдерістегі осы проблемаларды шешу жолдарын ұйымдастыру мақсатында, мектепішілік бағалаудың бақылау шарасы ретінде Директордың Жиынтық Бағалау Тестілеуін мектептің дамыту жоспарына жаңа тәжірибе ретінде енгіздік. Бұл мектепішілік ДЖБТ оқу жылы көлемінде екі рет алынып отырылады. Және де тест материалдары деңгейлік тапсырмалар арқылы сарапталып, оқулық материалдарындағы тақырыптық мазмұнды жоғалтпауға тырысады. Дегенмен, мұндағы жиынтық бағалау тестілеуінің көрсеткіштері бізді тағы бір жаңа қадамға қол созу қажеттілігін туындатты. Осылайша, оқу сабақтарында барынша критериалды бағалау әдісін қолдану маңыздылығын арттыру қажеттілігі туындап, тәжірибеде бұл жұмыстар жалғасын тапты.
Мәселен өз сабағымда кездескен жайттан мысал келтірейін:
Мен оқу стандартын жүйелі меңгерту және күнделікті өз тәжірибемде кездесетін қиыншылыктарды ескере отырып, өзім сабақ беретін математика пәнінде жалпы пәнге арналған бағалау критериі кестесін жасадым.
Бұл кестеде ең алдымен пәнге байланысты оқу стандартында оқушы нені білуі керектігіне байланысты міндетті талаптарды негізге алдым. Математика сабағында күнделікті тәжірибемізде кездесетін оқушы колиграфиясының нашарлығын да жөндеу мақсатында жазу үлгісін де бір дискриптор етіп алдым. Бұл кесте күнделікті сабақта, сынып бөлмесінде оқушылардың назарында үнемі ілініп тұрады. Бұлай ету, оқушыны критеримен үнемі жұмыс істеуге дағдыландыру болып табылады. Сонымен қатар оқушы мұғалім бүгін қандай критерий ұсынады деген көзқарастан бірте — бірте алшақтап, өзі «Нені білуім керек?», «Нені жасауым керек?» деген әрекет қалыптасып, өздігінен білім алуға дағдыланады.Биылғы оқу жылында өзім жұмыс жасап отырған Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінде биылғы оқу жылында критериалды бағалау жүйесін жүйелі түрде мектеп тәжірибесіне енгізуді мақсат етіп алдық. Осы бағытта әр пән бірлестіктері топтаса отырып, критериалды бағалауды тәжірибемізге енгізіп, нәтижесі мен кемшіліктерін ортаға салып талқылаудамыз. Алғаш осы кестемен бір апта жұмыс жүргізу барысында бағалау шкаласының дұрыс қойылмағандығын байқадық. Қайта түзетулер енгізіп, келесі апталарда жұмыс жүргіздік. Әзірше кестемен жұмыс жүргізілуде, алайда әлі де жатығу, үйрену керек. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалана алмау, оқушылардың толық атсалыса алмауы көрініс табуда.
Сонымен қатар, сабақ барысында критерийді оқушылармен бірлесіп құру өте тиімді, өйткені әрбір оқушы тақырыпқа байланысты тапсырманы орындай отырып өздерін бағалайды. Мына суреттерде оқушылар критерийді өздері құра отырып, жұптық жұмыс барысында өзгені және өздерін бағалап отыр.
Осылайша, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.
Десек те, оқушылар өздері тапсырма орындау барысында міндетті түрде бағалау критериі кестесіне қарап, өзі қаншалықты деңгейде тапсырманы орындай алғандығын, нені орындай алмағанын біліп отыр. Сонымен қатар өзінің жұмысын жанындағылармен салыстырып, сыни көзқараспен қарау қалыптасуда.Тағы бір жетістігіміз бәсекелестік қалыптасып, сыныпта ерекшеленуге және бірінші болуға талпыныс байқалады.. Бұның өзі критериалды бағалау жұмысының аздап болса да жолға қойылуы, жүйеге келуге қадам басталуда деп түсінемін.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұны шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау деп ойлаймын.
Бағалау оқу мен оқытудағы маңызды аспектілердің бірі. Сондықтан мұғалімдер балаға ұсынылатын критерийлер туралы терең ойланғаны маңызды. Дұрыс ұйымдастырылмаған кез-келген әрекет оқушының оқуы мен дамуына кері әсер етуі мүмкін. Критериалды бағалау кері байланыс қызметін атқарады. Ол кері байланыс оқушыға берілген тапсырманы қайта орындайтын болса, тапсырманың қай тұсы бойынша ойланып, басқаша жасау керектігі туралы ақпарат беретін болу керек.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александр, 2001).
Сондықтан, бағалау үдерісінде критериалды бағалау түрін қолдану біздің оқушыға да мұғалімдерге де жаңа бағалау әдісі ретінде қолданылғандықтан, біз мектеп тәжірибесінде кезеңдік жолмен қолданып отырмыз. Оқушыға алдымен критерийлер арқылы жұмыс талабын мұғалім көмегімен ұғындыруды толық меңгертіп барып, оларға өздері де жасауға, ортақ қатысуға болатындығына еркіндік береміз. Жалпы , критериалды бағалаудың шеңбері кең болғандықтан, барлық тапсырмаға немесе жаттығуға критерийлер жасауға болады. Бірақ, сабақ уақытының тиімділігінде ескеруіміз керек. Және оқулықтағы тапсырмалар көлемі мен жаңа тақырыптар тығыздылығы да ескеріледі

А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: А.С.Қуанышева.


Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі. Мақсаты: Бүгінгі таңдағы білім беру үрдісінде АКТ-ны тиімді пайдалана отырып оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау. Коучинг сессиясының міндеттері: Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру. Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау. Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу. Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу. Күтілетін нәтиже: 1. Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды; 2. Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі; 3. Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды. Түйінді идеялар: «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу. Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту.
Сабақ барысы. Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату. Мұғалімдер қоржыннан шиыршықталған қағаздардың бір-біреуін алады. Қағаздарда сабаққа қатысушылардың есімдері жазылған. Әр мұғалім қағазда жазылған әріптесінің атын атап, оған өзінің жылы лебізін, тілегін айтады. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушылар үлестірілген қызыл, жасыл, сары жетондар арқылы үш топқа бөлініп отырады. Ой шақыру. Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады? Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де... Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма? Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу. «Дейін және кейін» стратегиясы. «Дейін»: алдымен мұғалімдерге өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын. Әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын постерге жазады, оны тақтаға шығып қорғайды. Бір топ жауап бергенде қалған екі топ олардың жауаптарын тыңдап, әр топ бірін-бірі бағалайды. Бағалап болғаннан кейін оларға бағалау критерийі ұсынылады: 1. Тақырыптың ашылуы 2. Дәлелдердің нақтылығы 3. Қалай бағалауға болады? 4. Сөйлеу мәнері 5. Сабақтың қай тұсында пайдалануға болады? 6. Постердің рәсімделуі. Жауаптарыңыз критерийлерге сай келе ме? Егер мен бұл критерийлерді тапсырманы орындатпас бұрын, алдын-ала бергенде сіздердің жауаптарыңыз да, бағаларыңыз да басқаша болып шығар еді.
Топтар, енді осы критерийлер бойынша өздеріңіздің жауаптарыңызды бағалап көріңіздер және топтар бірін-бірі қайтадан бағалаңыздар, қай топтың жауабы жақсырақ деп ойлайсыздар? Салыстырыңыздар. Енді ойланыңыздар, не маңыздырақ, адамның өзін-өзі бағалауы ма немесе басқаның бағалауы ма? Сіздер өзіңізді қалай бағаладыңыз, басқа топтар сізді қалай бағалады? Салыстырыңыздар, өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалауда алшақтық бар ма? (Критерий бойынша дұрыс бағаласа, алшақтық болмайды). Дәстүрлі оқытудағы бағалау мәселесіне келетін болсақ, бұл тек мұғалімнің құзіретіне жататын сабақтың ең бір жауапты кезеңі болатын. Және оқушылар көбіне өзіне қойылған бағаға келіспеушілік білдіріп, өз реніштерін білдіріп жататын, тіпті кейде, әсіресе, тоқсан соңында олардың ата-аналары да мектепке келіп дауласып, баға мәселесіне байланысты үлкен шу шығып жататыны жасырын емес. Бүгінгі таңда осындай проблеманы шешудің бір жолы – оқушының жетістігін критерий арқылы бағалау. Бағалау критерийлері оқушыларға да, ата-аналарға да түсінікті болуы керек. Кейде белгілі бір тапсырма бойынша оқушылар критерийді өздері де ұсынуы мүмкін, бұл – олардың оқуға деген қызығушылығының оянғаны. Топтық жұмыс. Шығармашылық тапсырма. Үш топқа да көбелектің суретін салуды ұсынамын. Салынған суреттер бойынша топтар бірін-бірі бағалайды. Неге дәл осы бағаны қойғанын түсіндіреді. (Топтардың арасында өз тобына қойылған бағамен келіспеушілік тууы мүмкін – менің көздеген мақсатым да осы: баға мәселесіне байланысты топтар арасында қақтығыс тудыру). Айтыңыздаршы, мен осы жерде қандай қателік жібердім? (Бағалау критерийін ұсынбадым, сондықтан бағаға келіспеушілік туындады). Енді қатысушыларға көбелек суретіне байланысты бағалау критерийін ұсынамын. Бір-біріңіздің суреттеріңізді мына критерийлер бойынша тағы да бағалап көріңіздер: 1. Көбелек 4 түрлі түспен боялған 2. Көбелектің фигуралы 4 қанаты бар 3. Көбелектің денесі, мұртшалары бар 4. Көбелектің көздері, аяқтары бар 5. Көбелек гүлге қонып отыр Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма? (Біреулер көбелектің көздерін немесе мұртшаларын салуды ұмытуы мүмкін). Критерий бойынша қойылған бағамен келісесіз бе? Суретті салу барысындағы өз қателіктеріңізді көрдіңіз бе? Жоғарыдағыдай баға мәселесіне байланысты топтар арасында қақтығыс туды ма? Неліктен деп олайсыз? Бұл бір суретке пайдаланылған екі түрлі бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз? Нені түсіндіңіз? Егер мен мұғалім ретінде тапсырманы орындатпас бұрын сіздерге бағалау критерийін ұсынсам, жоғарыдағыдай қақтығыс туар ма еді? Осыны ҰМЫТПАҢЫЗ! Оқушыларға
тапсырманы берердің алдында олараға бағалау критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы суреттегідей мектептен күнде екілік алып келетін оқушыларыңыз жойылады. Топтық жұмыс. Кластер жасау. Әр топқа тапсырма беріледі: 1- топ: Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді? 2- топ: Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады? 3- Топ: Критериалды бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма? Топтар өз кластерлерін қорғайды. Топтар бірін бірі толықтырады, ой бөліседі. Олардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін немесе өзім толықтырамын:
Критериалды бағалауды пайдаланудың тиімділігі мен берері
Оқушы
Мұғалім Ата-ана
·
Өзінің
тақырыпты меңгеру дәрежесін
анықтайды
·
Өз
жұмысына сараптама жасауға
үйренеді
·
Өзінің
білім деңгейін алдын-ала
болжайды
·
Өзінің
және сыныптастарының білім
деңгейіне сын көзімен қарауға
үйренеді, сын · Оқушының білім деңгейін анықтайды, дамуын қадағалайды · Әр оқушының мүмкіндік деңгейін біліп отырады · Оқушыға оқудың қай тұсы қиындық туғызатынын анықтайды · Оқушының кемшіліктеріне назар аударта отырып, оның дамуына бағыт береді · · Баласының білім деңгейі жайлы объективті дәлелдеме алады · Баласының оқудағы жетістіктерін, оның дамуын қадағалайды, біліп отырады · Критерий көмегімен баласына оқуда қолдау көрсете алады · Баласының не үшін баға алғанын біліп отырады ·
тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды · Критерийдің көмегімен өз білімін бағалауға мүмкіндік алады Мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланыс орнайды Ата-ана мен мектеп арасында кері байланыс орнайды
Баға үшін дау-жанжал туындамайды, баға критерий бойынша әділ қойылады
«Дейін және кейін» стратегиясы. «Кейін»: мұғалімдерге тағы да өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын. Мұғалімдер осы сұрақ бойынша «Дейін» не білгендерін және «Кейін» не біліп шыққандарын салыстырады, қорытынды шығарады. Өз түсініктерін қорғайды, дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет