1. Критериалды бағалау жүйесінің мақсат – міндеттері Критериалдық бағалау



бет2/7
Дата18.01.2023
өлшемі49,38 Kb.
#61823
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Критериалды бағалау

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Рубрикатор – жетістіктерді көрсете отырып бағалау критерийлері мазмұнын сипаттау
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық әдістемелік құжаттар негізінде берілген:
• Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);
• Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;
• Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;
• Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;
• Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар;
• Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.


Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен атааналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, 10 оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
4. Критериалды бағалау жүйесін пайдаланудың тиімділігі
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады.
Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін — бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда)
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.
Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет