Қаржылық талдауда қолданылатын коэффициенттерді атаңыз
Әдебиет: 2,3,5,7
Тақырып №12.Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру
Сағат саны – 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары Корпорацияның дағдарыстық жағдайының туындау механизмі. Дағдарыс факторлары және корпорацияның төлем қабілетсіздігінің сатылары. Қаржылық тұрақтылық факторларының сыныпталуы
Корпорацияны қайта құрылымдаудың түсінігі мен түрлері. Қаржылық қайта құрылымдау: сыныпталуы мен сатылары. Банкроттық белгілері мен принциптері. Ықтималдылық диагностика және банкроттықтың процедурасы. ҚР-ның дәрменсіздік және банкроттық заңнамасын нормативті-әдістемелік қамтамасыз ету.
Дәріс тезисі 1. Нарықтық экономикаға өту біздің жаңа қаржылық тәжірибемізге кәсіпорын банкроттығы түсінігін алып келді. Қаржылық менеджемент позициясымен, банкроттық – бұл кәсіпорынның қаржылық қызметі процесінде белгілі бір кезең ішінде кредиторлар жағынан талаптар мен бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауына қабілетсіз болған жағдайдағы апаттық тәуекелділіктерді сипаттайды.
Кәсіпорын банкроттылығы заңды факт болып табылады. Оның негізінде қаржылық себептер жатыр.
Банкроттықтың алғы шарттары әртүрлі – бұл сыртқы факторлар сияқты, ішкі сипаттағы факторлардың да өзара әрекетінің нәтижесі. Оларды келесідей жіктеуге болады:
Ішкі факторлар:
1. Тиімсіз өндіріс – коммерциялық қызметі немесе тиімсіз инвестициялық саясат салдарынан меншікті айналым капиталының дефициті.
2. Өндірісті ұйымдастырудың және технологияның, техникалық деңгейдің төмендігі.
3. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын тиімсіз қолдану, өзіндік құнның жоғары деңгейі, шығынның жоғарылығы.
4. Аяқталмаған құрылыстың, өндірістік запастардың, дайын өнімнің жоғары нормативті қалдықтарын құру, бұнымен байланысты капитал айналымдылығы төмендейді және оның тапшылығы қалыптасады. Бұл кәсіпорынның қарызға кіруіне әкеледі және ол банкроттықтың себебі болуы мүмкін.
5. Кешігумен төлейтін немесе төлемейтін кәсіпорынның жаман клиентурасы, яғни ол кәсіпорынның қарызға кіруіне әкеледі.
6. Баға саясатын өңдеуде, өнімнің жоғары сапасы мен бәсеке қабілеттілігі, өнімді тарату нарығын зерттеу бойынша маркетингалық қызметін ұйымдастырудың төменгі деңгейінің әсерінен өткізудің жоқтығы.
7. Өзін - өзі қаржыландыруға, шаруашылық қызметінің рентабельділігінің төмендеуіне, қаржылық шығындардың өсуіне әкелетін кәсіпорынның пайдасыз жағдайларына заемдық құралдарды тарту.
8. Шаруашылық қызметін тез және бақылаусыз кеңейту, бұл нәтижесінде шығындар мен дебиторлық борыштың өсуін әкеледі.
Сыртқы факторларға келесілер жатады:
1. Экономикалық: елдің экономикалық дағдарыстық жағдайы, өнеркәсіптің құлдырауы, инфляция, қаржы жүйесінің тұрақсыздығы ресурстарға бағаның өсуі, нарық конюнъктурасының өзгерісі, төлем қабілетсіздік, партнердің банкроттігі.
2. Саяси: қоғамның саяси қалыпсыздығы, мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты, экономикалық байланыстың бұзылуы, өткізу нарығын жойылуы, экспорт және импорт жағдайының өзгеруі.
3. Ғылыми – техникалық даму прогресімен байланысты халықаралық бәсекелестікті күшейту.
4. Демографиялық: халық құрамы, халықтың тұрмыс жағдайы, тауарлар мен қызметтерге және басқа да қызметтерге халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымы және көлемін анықтау.
Банкроттық түсінігін оның әртүрлі түрлерімен түсіндіруге болады:
Шынайы банкроттық. Ол кәсіпорынның алдағы кезеңде өзінің қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қалыптастыруға толық қабілетсіздігін сипаттайды және капиталын жоғалту. Капитал жоғалтудың апаттық деңгейі мұндай кәсіпорынға алдағы кезеңге тиімді шаруашылық қызметін жүргізуге мүмкіндік бермейді, әсіресе ол заңмен банкрот деп жарияланса.
Техникалық банкроттық – бұл термин төлемқабілетсіздік жағдайын сипаттайды. Мұнда кәсіпорын дебиторлық борышының көлемі кредиторлық борыштан асып кетеді.
Әдейі, қасақана банкроттық. Ол кәсіпорынның жетекші немесе меншік иелерімен қасақана төлем қабілетсіздігін құру.
Жалған банкроттық. Кредиторлық борыш соммасына жеңілдіктер немесе кредиторлық міндеттемелерін кейінге қалдыру мақсатымен кәсіпорынның банкроттығын қасақана өтірік хабарлау.
2. Кәсіпорынның іс-әрекетін болжаумен, оған кеңес берумен және аналитикалық шолу жасаумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар және басқа да компаниялар аналитикалық бағалау үшін белгілер жүйесін қолданады.
Мысал ретінде кәсіпорынның банкроттығын бағалау үшін қолданылатын критикалық көрсеткіштер тізімі келтірілген аудит тәжірибесін қамту бойынша комитет ұсынысын (Ұлыбритания) келтіруге болады. В.В. Ковалев батыс аудиторлық фирмалардың жоспарларына сүйене отырып, келесі екі деңгейлі көрсеткіштер жүйесін ұсынды.
Бірінші топқа ағымдық мәні қолайсыз критерийлер мен көрсеткіштер жатады. Оларға:
негізгі өндірістік қызметтегі жоғалтулардың қайталануы;
кредиторлық борыштың кейбір критикалық деңгейлерінің жоғарылауы;
ұзақмерзімді салымдарды қаржыландырудың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдық құралдарды үздіксіз қолдану;
өтімділік коэффициентінің мәнінің төмендігі;
негізгі құралдардың жеткіліксіздігі;
заемдық құралдар көлемінің қойылған шектен асып кетуі;
акционерлер, кредиторлар және инвесторлар алдында міндеттемелердің орындалмауы;
банктік жүйе мекемелерімен қарым-қатынастың нашарлауы;
қолайсыз жағдайларда жаңа қаржылық ресурстардың қолданылуы;
өндірістік процесте қолданылу мерзімі өтіп кеткен құрал-жабдықтарды қолдану;
тапсырыс портфеліндегі қолайсыз өзгерістер.
Екінші топқа ағымдық қаржылық жағдайды қарауға мүмкіндік бермейтін
қолайсыз мәнді критерийлер мен көрсеткіштер. Оларға:
басқару аппаратының қызметкерлерінен айырылу;
мәжбүрлі тоқтату, сонымен қатар өндірістік-технологиялық процестегі тәртіптің бұзылуы;
кәсіпорынның қызметінің жеткіліксіз диверсификациялануы, яғни қаржылық нәтижеден тәуелділіктің үздіксіздігі;
контрагенттерден айырылу;
кәсіпорынның техникалық және технологиялық жаңаруын бағалау;
тиімсіз ұзақмерзімді келісім;
кәсіпорынның толық өзімен немесе бөлімшілерімен байланысты саяси тәуекелділіктер.
Кәсіпорынның банкроттық жағдайының келесі стадиясы қаржылық
тұрақсыздық болып табылады. Бұл стадияда қолма-қол құралдармен қиындықтар басталады, банкроттықтың кейбір белгілері білінеді, кез-келген бағыттағы баланс құрылымы күрт өзгереді. Бірақ келесі жағдайларға ерекше көңіл бөлінеді:
шоттардағы ақша құралдарының күрт төмендеуі (айта кететін жайт, ақша құралдарының көбейуі болашақтағы капитал салымдарының болмауын куәландыру мүмкін);
дебиторлық және кредиторлық борыш балансының бұзылуы;
сату көлемінің төмендеуі
Сонымен бірге кәсіпорын жұмысын талдау кезінде ескерілетін жағдайлар:
жеткізу есебінің кешігуі (бұл кешігу қаржылық қызмет жұмысының нашарлығын білдіреді);
кәсіпорындағы түрлі конфликтілер, басшылықтан кез-келген біреуді орнынан алып тастау.
Банкроттық нарықтық шаруашылықтың ажырамас бөлігі. Ол кәсіпорын құрылымының тиімді қызметінің маңызды стимулы ретінде және сонымен қатар нарықты реттеуші ретінде қызмет етеді.
Әлемдік тәжірибеде банкроттық туралы заңдылықтар алғашында 2 принципиальды бағыт бойынша дамыды. Оның біреуі британдық моделге негізделсе, екіншісі, американдық моделге негізделді. Заңдылықтардың негізгі мақсаты – компанияны оңалту және оның төлем қабілеттілігін қалыптастыру.
Әрбір дамыған елдердің экономикалық жүйесінде нарықтық қатынастардағы құқықтық реттеу механизмінің элементі банкроттық туралы заңдылық болып табылады.
Банкроттық туралы заң негізгі 3 функцияны атқарады:
1.Кәсіпорын активтерін өнімсіз қолдануды айналдыру механизмін реттеу қызметін атқарады.
2.Кәсіпорынды оңалту инструменті.
3.Кредиторлардың қарызын толық төлеуге икемделу.
Банкроттық жарияланған жағдайда:
шаруашылық субьектінің кәсіпкерлік іс-әрекеті тоқтатылады.
Берешектердің барлық түрлері бойынша проценттер мен өтемақыларды төлеу қысқартылады.
Банкрот мүлігін сатудан алынған құралдар кредиторлардың мүддесін қанағаттандыруға бағытталады.
Бірінші кезекте, арбитраждық сотта банкроттық туралы істі енгізумен байланысты шығындар жабылады. Бұдан басқа кредиторлардың талабы бойынша кепілмен қамтамасыз ету қанағаттандырылады.
Екіншіден, банкрот болған кәсіпорынның жұмысшылары алдындағы міндеттемелер орындалады (өндірістік нәтиже бойынша).
Үшіншіден, мемлекеттік және жергілікті салық және алым бойынша талаптар және әлеуметтік қамтамасыз ету және мемлекеттік сақтандыру органдарының талаптары қанағаттандырылады.
Төртіншіден, кепілмен қамтамасыз етілмеген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
Бесіншіден, кәсіпорынның жарғылық қорына жарналарды қайтаруға қатысты еңбек ұжымы мүшелерінің талаптарын қанағаттандыру.
Әрбір келесі кезекті талаптар алдыңғы кезектегі талаптарды қанағаттандырғаннан соң ғана қанағаттандырылады. Мүліктің жеткіліксіздігі жағдайына байланысты талаптардың қанағаттандырылмауы үмітсіз берешек құрамына кіреді. Үмітсіз берешек сақтандыру резервінің есебінен қайтарылады және кредитордың жалпы шығындарының құрамына кіреді.
Банкрот болып жарияланған кепіл берушінің үмітсіз борышы арбитраждық соттың дебиторды банкрот деп танығаны туралы шешімі қабылданғаннан кейін кредитордың сақтандыру резервінің есебінен қайтарылады.
Кредиторлардың және еңбек ұжымының мүшелерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған мүлік , фирма меншігіне беріледі.
Өтімділік комиссиясы өз қызметінің нәтижесінің негізінде өтімділік балансын құрады және оны арбитраждық сотқа бекіту үшін жібереді. Егер кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан кейін өтімділік балансы бойынша ешқандай мүлік қалмаса, арбитраждық сот заңды тұлғаның өтімділігі туралы қаулы шығарады. Егер банкрот болған тұлғаның мүлігі барлық талаптарды қанағаттандыруға жеткілікті болса, онда кәсіпорын берешектерінен босатылған болып есептеледі және өзінің кәсіпкерлік қызметін жалғастыруға мүмкіндік алады.