1. курс туралы жалпы мәліметтер



бет12/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
КФ силл

Бекіту сұрақтары:
1. Капиталды қалыптастырудың əдіснамалық тəсілінің маңыздылығын түсіндіріңіз.
2. Капиталдың орташа безбенделген құнын қалай анықтауға болады?
3. Капиталдың құнын анықтауда шетел экономикасының тұжырымдамдарына сипаттама беріңіз.
4. Компанияның құнын (бағасын) анықтау əдістерін атаңыз.
5. Инвестициялық шешім қабылдауға капитал құрылымы қалай ықпал ететіндігін түсіндіріңіз.
6. Оңтайлы капитал құрылымын есептеуге керекті əдістерді атаңыз
Әдебиет:


Тақырып №10. Корпорация дамуын қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Сағат саны – 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары мен міндеттері. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері.

  2. Қаржылық жоспарлау мен өндірістік жоспарлау көрсеткіштерінің өзара байланысы. Стратегиялық, ағымдағы және оперативтік қаржылық жоспар. Қаржылық жоспарды құру, құрастыру және бекіту реті.

  3. Қаржылық жоспарлау объектілері. Ағымдағы қаржылық жоспарлау (бюджеттендіру). Бюджеттік үдеріс.бюджеттік қаржыландырудың қағидаттары (бюджеттендіру). Кәсіпорынның бюджеттік жүйесі. Қаржылық және оперативтік бюджеттер.

  4. Ақшалай қаражаттар қозғалысының бюджеті.Табыстар және шығыстар бюджеті. Кәсіпорынның жиынтық бюджетін қалыптастыру. Бюджеттердің атқарылуын талдау және бақылау

Дәріс тезисі
Қаржылық жоспарлау кəсіпорынның қаржысын басқарудың негізі болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • кəсіпорынның өндірістік-шаруашылық жəне инвестициялық жоспарларын орындау үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

  • дивидендтік саясатты жоспарлау;

  • ең тиімді инвестициялау бағыттарын таңдау үшін ақпарат ұсыну;

  • салық төлемдерін барынша азайту мүмкіндігін ескере отырып, олардың сомасын анықтау;

  • қаржының болашақтағы жай-күйін талдау жəне кəсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштерін есептеу;

  • бизнес бойынша əртүрлі əріптестермен, кредиторлармен есеп айырысуды жүргізу үшін жақсы жағдай жасау жəне төлем кестесін жасау.

Көрсетілген міндеттер бір жылға, орта мерзімді кезеңге (5 жылға дейін) дейін жəне келешекке жоспарлар əзірленеді. Барлық жоспарлар түрлерінің өзара байланысы жоспарлаудың үздіксіздігі мен оның кəсіпорынның құнын арттырудың стратегиялық бағытын қамтамасыз етеді. Жоспарлаудың дəйектілігі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, мақсаттар мен олардың сандық параметрлерін анықтау, осы кезең стратегиялық жоспарлау деңгейіне жатады.
Мақсатты көрсеткіштерге сатудың өсуі, пайда, еркін ақша ағынының өсуі, сондайақ салыстырмалы көрсеткіштер – сатудың пайдалылығы, ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді кредиттер сомаларының қатынастары кіреді. Осы орайда мақсатты көрсеткіштерді нақтылау рəсімдерін қарастыру керек.
Екіншіден, орта мерзімді келешектің стратегиялық мақсаттары нақтыланады, яғни стратегиялық жоспарлар ескеріліп, кəсіпорынның болашақтағы жай-күйін модельдеу жүзеге асырылады. Бұл үшін инвестициялық жəне өндірістік қызмет көрсеткіштері қалыптастырылып, қаржыландыруға қажеттілік пен капитал тарту тəсілдері анықталады.
Үшіншіден, екінші кезеңге белгіленген міндеттерді іске асыру жөніндегі жедел жоспарлар егжей-тегжейленіп, олар нақты орындаушыларға жеткізіледі. Қаржыны жедел басқаруға бюджеттендіру арқылы жоспарлы көрсеткіштерді талдау, жоспарлау, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бақылау кіріктіріледі.
Шағын кəсіпорындарда бюджеттендіру жекелеген операцияларды жоспарлау мен қызмет нəтижелерін талдауды қамтамасыз етуі мүмкін. Орташа кəсіпорындарда бюджеттендіру кəсіпорынның құнын басқару құралы ретінде пайдаланылады, яғни оған барлық басқару элементтері кіреді. Бюджеттендіруді енгізген ірі кəсіпорындарда ақпараттық технологиялардың негізінде мынадай мəселелер шешіледі:

  • басқарушылық шешім қабылдау үшін бірыңғай ақпараттық база қалыптастыру;

  • кəсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нақты болжамын алу;

  • компания бөлімшелерінің іс-қимылдарының келісілуін арттыру;

  • бөлімшелердің стратегиялық міндеттерді орындау жөніндегі қызметін күшейту;

  • қаржы көрсеткіштерінің нашарлағаны жөніндегі ақпаратқа уақытында ден қою жəне дағдарыстық жағдайдың өршуіне жол бермеу;

  • ресурстар мен ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылауды күшейту.

«Бюджет», «бюджет кезеңі», «бюджет циклі» негізгі ұғымдар болып табылады, яғни олар бюджеттендірудің негізін қалайды. Бюджет деп келесі кезеңге табиғи жəне ақша түрінде жасалған, кəсіпорынның мақсаттарын іске асыру үшін қажетті ресурстарды көрсететін жоспарды атайды. Бюджет кезеңі (жоспарлау кеңістігі) – бұл бюджет циклы бекітілетін мерзім (яғни, жыл, тоқсан, ай, он күн, инвестициялар кезеңі 3 жыл). Бюджеттендіру мəселелері бюджет үдерісі ауқымында іске асырылады.
Бюджет үдерісі – бұл мақсатты белгілеу мен стратегиялық жоспарлау көрсеткіштерін таңдау, қаржылық жəне оперативтік жоспарлау, жоспарлы деректерді нақты деректермен салыстыру, қызмет нəтижелерін бағалау, басқарушылық іс-қимыл жасау мен мақсаттарды, жоспарлар мен бюджеттерді нақтылау жəне басқару іс-қимылдарының жиынтығы. Бюджеттендіру бір жылдың өндіріс көлеміне, материалдық, еңбек жəне қаржы ресурстарын пайдалану белгіленген бас бюджетке (cash budget) немесе мастер-бюджетке негізделеді. Оған операциялық бюджет пен қаржылық бюджет кіреді.
Қаржылық бюджетке мыналар жатады: ақша қаражатының қозғалысының бюджеті (АҚҚБ) ақша ағындарын болжауға, кəсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін басқаруға мүмкіндік береді; күрделі қаржылық жұмсалым бюджеті немесе инвестициялық бюджет, яғни күрделі қаржылық шығындар мен оларды қаржыландыру көздерінің жоспары; баланс парағы (баланс бюджеті) жөніндегі бюджет. Болжамдық баланс немесе баланс парағы жөніндегі бюджет (БПБ) компанияның бюджет кезеңінің соңындағы мүліктік жай-күйінің болжамын береді. Операциялық бюджеттер ағымдағы қызмет бойынша операцияларды жоспарлау ауқымында жасалады жəне компанияның кірісі мен шығысының жиынтық бюджетін қалыптастырады. Оларға сату бюджеті, өндірістік бюджет, сатып алу бюджеті, коммерциялық шығыс бюджеті, еңбек шығындары бюджеті, əкімшілік шаруашылық шығыс бюджеті, болжамдық, кіріс пен шығыс бюджеті (КШБ) жатады. Кіріс пен шығыс бюджетіне (КШБ) кəсіпорынның шаруашылық қызметінің нəтижелерін жоспарлауға арналған көрсеткіштер кіреді.
Акционерлік кəсіпорынның алдағы жылға арналған кіріс пен шығыс бюджетінің форматы. Кəсіпорын басшылығы жоспарлау нəтижесінде фирманың қызметінің болжамды нəтижелерін көрсететін келесі үш негізгі бюджет нысанын негізге алуы тиіс: кіріс пен шығыс туралы болжамды есеп; ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп; болжамды баланс.
Бекіту сұрақтары:

  1. Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың ерекшеліктерін атаңыз

  2. Қаржылық жоспарлау әдістерін атаңыз

  3. Қаржылық жоспарлаудың түрлерін тұжырымдаңыз

Әдебиет:4,6,7,8




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет