1. курс туралы жалпы мәліметтер


Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары



бет16/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
КФ силл

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Корпорациялар қаржыларын ұйымдастырудың ролі және сыныптамасы, ұзақ мерзімді активтердің мәні мен мазмұны. Ұзақ мерзімді инвестициялар, аяқталмаған күрделі құрылыс, материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтардың құрамы мен құрылымы, экономикалық табиғаты. Таза активтер құны, экономикалық табиғаты және оларды арттыру жолдары.

  2. Корпорация қызметтеріндегі материалдық емес активтердің рөлін арттыру. Ұзақ мерзімді активтерді бағалаудың әдістері: бастапқы, қалпына келтіру, жою және қалдық құны. Материалдық емес активтерді және негізгі қорларды қайта бағалаудың мәні.

  3. Амортизацияны есептеудің негізгі капиталды жаңартудағы рөлі. Ұзақ мерзімді активтерді, негізгі қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштері. Корпорациялардың инвестициялық қызметінің қаржылық аспектісі.

  4. Инвестициялық қызметтегі инвестицияның экономикалық мазмұны және жиынтық мәні. Қазақстанда қазіргі кездегі корпорациялардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері. Күрделі қаржыландыру негізгі капиталды ұдайы өндірудің маңызды әдісі ретінде. Инвестициялардың түрлері: тура (нақтылы), портфельдік және венчурлық инвестициялар. Материалдық емес активтерді және негізгі қорларды инвестициялауды қаржыландыру көздері.

Практикалық сабақ offline режимінде өткізіледі. Студенттер берілген тақырып сұрақтарына силлабуста көрсетілген әдебиеттер тізімі бойынша дайындалады. Әр білім алушы өзі таңдаған кәсіпорынның қаржылық құжаттарының негізінде айналым капиталының қолданылу тиімділігін анықтайтын көрстекіштерді есептейді. №3(1) практикалық сабақта сәйкес есептер шығарылып, №3(2) практикалық сабақта есептер бойынша тұжырымдама теориялық матриалмен ұштастырылып қорытындыланады.
Таратылым материалының мазмұны:
Ұзақ мерзімді активтердің қолданылу тиімділігін талдау (№1 таратылым материалы)
Бухгалтерлік есептің əдістемелік нұсқауларына сəйкес негізгі қорларға (Ұзақ мерзімді активтерге - ҰзМА) 1 жылдан астам уақыт қызмет ететін жəне құны 50 АЕК-тен жоғары материалдық активтер жатады.
Негізгі қорларды тиімді пайдалану натуралдық және құндық көрсеткіштер арқылы анықталады. Ақшалай сипаттағы құндық көрсеткіштер кәсіпорынның экономика салаларының негізгі қорлардың өндірістік қайтарымын бейнелейді және олар жалпылама көрсеткіштер болып табылады:
Қор қайтарымдылығы – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнының 1 теңгесіне шаққандағы өткізген өнім сомасын бейнелейді:
1. Формуласы: Қор қайтарымдылығы =Түсімақша/Ұзақ мерзімді активтер сомасы
Қор қайтарымдылығы көрсеткішінің мәні өссе, корпорациядағы жабдықтардың қолданылу тиімділігі артқан. Қор қайтарымдылығы көрсеткішінің мәні өсуі үшін қолда бар жабдықтардың көлемін сақтай отырып түсімақшаны арттыру немесе қажеттілігі төмендеген жабдықтардың сомасын азайту қажет.
2. Формуласы: Қор сыйымдылығы көрсеткіші= Ұзақ мерзімді активтер сомасы/ Түсімақша
Қор қайтарымдылығы көрсеткішіне кері көрсеткіш. Негізгі өндірістік қорларды басқару тиімділігін көрсетеді.



Кқор сыйым

Өнім өндіру тиімділігі төмендеп тұр



Кқор сыйым ↘

Өндірісітік жабдықтардың қолданылу тиімділігі артқанын көрсетеді



Қор жабдықталуы (жарақтандыру) көрсеткіші – кешендік синтетикалық көрсеткіш. Ол бір жағынан негізгі қорлардың құрамы, құрылымы, сапасы, өзгеру қарқыны мен қолданылу тиімділігінен тәуелді болып, екіншіден, өнімді шығарудың өсу қарқынынан тәуелді.


3. Формуласы: Қор жабдықталуы (жарақтандыру) көрсеткіші = Ұзақ мерзімді активтердің сомасы/жұмысшылар саны
Бұл көрсеткіш Ұзақ мерзімді активтерге қатысты еңбек шығындарының қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайды. Қор жабдықталу көрсеткіші 1 жұмысшыға келетін жабдық құнын бағалауға мүмкіндік береді.
Тәжірибе көрсеткендей негізгі қорларды құны төмен тозу құны аз болып, активті бөлігінің үлесі көп болған сайын, қор қайтарымдылық көрсеткіші соғұрлым жоғары.
Экономиканың әртүрлі салаларындағы қор қайтарымдылығы және қор сыйымдылығы көрсеткіштері бірдей емес. Олардың мөлшеріне сала экономикасының, негізгі қорлардың технологияларының, ұйымдастырылуы, даму темпінің ерекшеліктері, қуат бірлігін өндіру құнының өзгеруі әсер етеді.
Ауыр өнеркәсіпте қор қайтарымдылығы жеңіл өнеркәсіпке қарағанда әлдеқайда төмен.
Әдебиет: 1,3,5,9




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет