3 мысал. 1 листингте көрсетілген, бірнеше командалардан тұратын қарапайым бағдарламаны кодтар редакторына енгізу.
Листинг 1.
рrint( " Начинаем вычисления ! " )
а = 4
рrint( " Значение переменной а= " , а )
b= 12
рrint( " Значение переменной b= " , b )
с=b / а
рrint( " Результат деления b/ а= " , с )
рrint( " Вычисления закончены ! " )
Дәл осы бағдарламалық кодты кодтар редакторы терезесіне енгіземіз. Бағдарламалық коды бар редактор терезесі 5 суретте көрсетілген. Егер сіз командаларды синтаксистік қателіксіз, дұрыс енгізсеңіз, олар күлгін түспен белгіленеді. Егер команда қара түсте болса – онда қателік бар деген сөз.
5 сурет. 3 мысалдың бағдарламалар коды бар редактор терезесі
Бағдарламалық кодты терген соң, оны бірден орындауға болады. Ол үшін Run мәзірінен Run Module командасын таңдаймыз. Егер сіз бағдарламаны сақтамасаңыз, онда оны сақтау ұсынысы бар терезе ашылады.
Бағдарламаның мәтінін әрбір өзгерткен сайын оны сақтап отыру қажет. Бағдарламаны сақтау үшін өз компьютеріңіздің Жұмыс үстеліне орналасқан Студенттер бумасын құрыңыз.
Бағдарламаны орындау нәтижесінде командалық қабықша терезесінде 6 суретте көрсетілген нәтиже пайда болады.
6 сурет. 3 мысалдағы бағдарламаны орындау нәтижесі
Жұмысты орындау жоспары: Әрбір тапсырмаға шешім алгоритмінің блок-схемасын құрыңыз, сосын Питон бағдарламалау тілінде бағдарламасын жазыңыз. Бағдарламаны енгізіп, іске қосып, нәтижесін алыңыз.
1 тапсырма.x және y сандары берілген. Олардың қосындысын, айырмасын және көбейтіндісін есептеңіз.
Нұсқау: x және y сандары пернетақтадан енгізіледі.
2 тапсырма. Сыныпта N оқушылар бар. Бақылаудан соң: A - бес, B –төрт, C –үш деген бағаларды алды. Үштің, төрттің және бестіктің пайыздарын табыңыз.
3 тапсырма. Екі параллель қосылған резисторлардың R1 және R2 кедергілерінен тұратын, бөліктегі I күш тогының мәнін есептейтін бағдарлама құрыңыз, егер осы бөліктегі кернеу U тең болса.
Жұмысты орындау нәтижесі: Есепте үш бағдарламаның блок-схемасын және тестілеу нәтижелерін басып шығарыңыз.