1 мысал. d = 85 a = d // 10 # = 8 b = d % 10 # = 5 Форматтық шығару жиі қолданылады: енгізуге қажетті барлық мәліметтерді алдымен format функциясының көмегімен символдық қатарға өзгертеді:
2 мысал. a = 1/3 print ( "{:7.3f}".format(a) ) Бұл жағдайда «7.3f» форматы қолданылған, бұл бөлшек бөлікті 7 позицияда үш белгімен бекітілген үтір арқылы (f от англ. fixed – бекітілген) санның шығуын анықтайды:
0.333 Бұл жазба 5 позицияны (ал оған 7 белгіленген) алатындықтан, санның алдына «◦» белгісімен белгіленген екі бос орын қосылады. Бірден бірнеше мәндер үшін форматтық шығаруды қолдануға болады (бұл мәндердің тізімі дөңгелек жақшаларға жазылады):
3 мысал. a = 1/3 b = 1/9 print ( "{:7.3f} {:7.3f}".format(a, b) ) «%e» жазбасы экспоненциалдық форматты білдіреді:
print ( "{:10.3e} {:10.3e}".format(a, b) ) мұндағы 10 мен 3 сандары – бұл белгіленген бөліктің жазбасындағы ондық нүктеден кейінгі белгілердің саны мен позициялардың жалпы саны:
◦3.333e-01 1.111e-01 Стандартты функциялар Python тілінің кітапханасы бағдарламадан шақыруға болатын дайын функциялардан тұрады. Кейбір функциялар тілдің ядросына енгізілген, мысалы, санның модулін есептеу үшін abs функциясы қолданылады:
print ( abs(-1.2) ) Нақты сандардан бүтін сандарға өтуге арналған енгізілген функциялар бар:
• int(x) –x нақты санды бүтін санға келтіру, бөлшек бөлікті алып тастау;
• round(x) – x нақты санды жақын бүтінге дөңгелектеу.
Python тілінің көптеген стандартты функциялары қызметі бойынша топтарға бөлінеді және әрбір топ модуль деп аталатын жеке файлға жазылады. Математикалық функциялар math модуліне жинақталған: