exp(x) – x санының экспоненті;
log(x) – x санының натурал логарифмі.
Осы модульді қосу үшін импорттау (модульді жүктеу) командасы қолданылады:
import math
Сосын функцияларды шақыру үшін нүктелік жазба деп аталатын команда қолданылады: модульдің аты және сосын нүктеден кейін функцияның атауы көрсетіледі:
print ( math.sqrt(x) )
Басқаша орындауға да болады: модульдің барлық функцияларын жұмыс кеңістігіне жүктеуге болады:
from math import *
Енді math модулінің функцияларын енгізілген функциялардағы секілді шақыруға болады:
print ( sqrt(x) )
Бұл тәсілдің айтарлықтай кемшілігі бар: жұмыс алаңында көптеген қосымша атаулар пайда болады, яғни басқа модульдерде хабарланған функциялардың атауларымен сәйкес келуі мүмкін. Сондықан қажеттілік болмаса, олай істеудің керегі шамалы.
Үшінші нұсқа – тек қажетті функцияларды жүктеу.
Достарыңызбен бөлісу: |