Жұмыстың мақсаты: бағдарламаларда есептеулерге арналған арнайы операторларды, форматтық шығаруды, кездейсоқ сандардың генераторын, eval() функциясын қолдануды үйрену.
Қысқаша теориялық мәлімет
Python тіліндегі бағдарламаларда қолданылатын мәліметтердің негізгі типтері:
• int – бүтін мәндер;
• float – нақты мәндер (бөлшек болуы да мүмкін);
Осы типтердің айнымалылары мен сандарына келесі арифметикалық амалдар қолданылауы мүмкін:
1.3 кесте. Арифметикалық амалдар
Оператор
|
Сипаттамасы
|
+
|
Қосу операторы. Сандардың қосындысын есептейді
|
-
|
Азайту операторы. Сандардың айырмасын есептейді
|
*
|
Көбейту операторы. Сандардың көбейтіндісін есептейді
|
/
|
Бөлу операторы. Сандардың қатынасын есептейді
|
//
|
Бүтін санды бөлу операторы. Бір санды екіншісіне бөлген кезде бүтін бөлігін есептейді.
|
%
|
Санды бөлуден қалатын қалдықты есептейтін оператор. Бір санды екіншісіне бөлген кезде қалдық бөлікті есептейді.
|
**
|
Дәрежені есептеу операторы.
|
Арифетикалық өрнектер сандардан, айнымалылар атауларынан, арифметикалық амалдардың белгілерінен, дөңгелек жақшалардан (әрекеттер ретін өзгерту үшін) және функцияларды шақырудан тұруы мүмкін. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |