2. Жұмыс жасау кезіңдегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау түсінігі адамның жұмыс үрдісінде қауіпсіздігін, денсаулығының сақталуын және жұмыс әрекеттілігін қамтамасыз ететін, әлеуметті-эканомикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдеу-профилактикалық әрекеттерді, заңнамалық акттілер жүйесін білдіреді.
Еңбекті қорғау әдейі бір құқықтық және нормативті актілер негізінде құрастырылған әлеуметтік – экономикалық, кәсіпкерлік, техникалық, гигиеналық және емдеу – профилактикалық істер мен құралдар, жұмыс кезіндегі қауіпсіздік пен адамның денсаулығын сақтау жүйелер жинағы.
Еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтары зертханада жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін қауіпсіздік техникасының салалық ережелері негізінде технологиялық жабдықтарды қауіпсіз пайдаланудың құсқаулықтары өңделу қажет. Әр студент қауіасіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау мен апат, жарақатқа әкелетін механизмдер, жабдықтар, аспаптар ақаулықтары жайлы тікелей бастығына айтуға міндетті. Қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес қолданылатын қорғаныс құралдары мемлекеттік стандарттарына сай болуы керек және де электрқондырғыларда қолданылатын қорғаныстарды қолдану мен зерттеулер ережелеріне сай болуы керек. Жұмыс кезінде қолданылатын механизмдер және жабдықтар зерттелген болу керек және құралмен жұмыс істеген кездегі қорғаныс ережелері, және де істеп шығарған зауыттың инрструкциясына сәйкес қолдану керек. Қауіпсіздік техника ережелерінің орындалуы міндетті болып келеді.Қауіпсіздік техникасына сай еңбекті қорғау нұсқаулары. Қауіпсіздік техникасының ережелеріне қарсы шараларды орындауға болмайды.
Есептеуіш техника бөлмелерінде қауіптілігі жоғары ауыр аппарат- компьютерлер, принтер және т.б. орнатылған. Бұл техникалық жүйелер әрдайым, қамқорлықты және дұрыс жұмыс істегенді талап етеді.
Жұмыс алдында, әр бөлмеде Есептеуіш техниканы (ЕТ) тасымалдау тәртіптері және ток қауіпсіздігі жайлы ережелер болуы тиіс.
Жұмыс алдында орындалатын қауіпсіздік шаралары
Аспаптармен қосылатын сымдарда, ток көзін қосу кезінде, көрінетін зақым келтіруші заттардың (қателікті болдырмау) жоқ болуына көз жеткізуіміз қажет. Қателік болған жағдайда, оқытушыға алдын-ала ескерту қажет.
Жұмыс алдында, ток көзі өшіп қалған кезде, оқытушы ішкі тексеріс барысында зақым келтіруші құрылғылардың жоқтығына көз жеткізуі тиіс.
Ток көзінің сымдары стол астында немесе жанында ілініп тұрмауы қажет және де абайсызда адам аяғы сымдармен электр розеткілеріне кетуіне жол берілмеуі тиіс.
ЕТ бөлмелерінде электрқондырғыларының корпустарына қолдың тиуіне жол беріледі, олар үлкен қуатта жұмыс істеп тұруы мүмкін. Жұмыстың дұрыс жүруі үшін қорғау құрылғысы болы қажет. Бұл құрылғыға адамның қол тигізуі ықтимал электрқондырғыларының металдық бөлімдері жатады.
Сабақ алдында және сабақ біткеннен кейін кабинетті желдету қажет.
ЕТ-да жұмыс, тек оқытушының рұқсатымен жүргізіледі.
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік шаралары
Жұмыс барысында, ток көзін іске қосқанда байланысатын сымдарды қосып, өшіруге жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ЕТ желілерін қараусыз тастап кетуге, предохранителді алмастыруға рұқсат етілмейді.
Оқытушы, ЕТ желілері өзінің тура бағытында жұмысістегенін қадағалау қажет және де сонымен қатар олардың жұмыс шарттары мен режимдері тасымалдаудың инструкцияларына сай болу керек.
Сабақ барысында оқытушы бөлмеден шықпауы қажет, ал үзіліс уақытында бөлмені жауып қоюы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |