ШАРТТЫ ОПЕРАТОР
2.1 тақырып: Python бағдарламалау тілі. Тармақталған құрылымдағы бағдарламалар.
Жұмыстың мақсаты: Python бағдарламалау тілінің логикалық таңдау операторларын қолдануды үйрену.
Қысқаша теориялық мәлімет
1. Шартты оператор:
if шарт:
1 нұсқаулар блогы
else:
2 нұсқаулар блогы
Шартты оператор келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді:
Алдымен IF қызметтік сөзінен кейін орналасқан логикалық өрнектің (шарттың) мәні есептеледі. Егер оның нәтижесі ақиқат болса, жаңа қатарда 4 бос орынмен басталатын 1 нұсқаулар блогы орындалады, егер нәтижесі жалған болса, онда ELSE сөзінен кейін орналасқан 2 нұсқаулар блогы орындалады.
Нұсқаулар блогы қажетті операторлар санынан тұруы мүмкін, бірақ олардың барлығы міндетті түрде 4 бос орыннан кейін жазылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |