№1 Лабораториялыќ жўмыс


Зертханадағы санитария және қауіпсіздік шарттары



бет3/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#20181
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
«Алгоритмдер және программалау» пәнінен зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулық

3. Зертханадағы санитария және қауіпсіздік шарттары
Еңбек ету барысында жұмысшының жұмыс орнындағы санитарлық жағдай талаптарға сай жауап беруі тиіс. Оларға жарықтандыру, желдету, микроклимат, өрт қауіпсіздігі жатады.

Студенттердің денсаулығына және жұмыс істеу қабілетіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – бұл өндірістік бөлмелерде жұмыс орындарындағы ауа ортасының жағдайы. өндірістік аймақтың ауа жағдайы ауа ортасының физикалық жағдайына тәуелді болады. Ол келесі параметрлермен сипатталады: темпратурамен, салыстырмалы ылғалдылықпен, ауаның қозғалу жылдамдығымен және қыздырылған беттерден жылулық сәуле шығарумен.

Үйлесімді микроклиматтық шарттар адамға ұзақ мерзімді әсер етуден кейін ағзаның қалыпты функционалдық және жылулық кернеусіз жағдайын қамтамасыз етеді, яғни жылулық комфорт сезімін тудырады және жоғары жұмыс қабілетіне жағдай жасайды.

Өрт қауіпсіздік – қорғауын сақтау үшін, ішкі тәртіп ережелері және нұсқаулар құрастырылады. Жылу тәсілдемелік жабдықтар орналасқан бөлменің өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары «Жылу қолдану қондырғыларын және жылу торабының тәсілдік пайдалану ережелерінде» жазылған. Жанғыш заттар сақтайтың немесе қолданылатын бөлмелер деп аталады. Жарылғыш қоспа туратын немесе қалыптасуы мүмкін қондырғылар және бөлшелер жарылуқаупі бар аймақ болып табылады.

Жабдықтарды қауіпсіздің қолданудың ұйым қағидалары еңбекті қорғаудың нормативтік-техникалық құжат талаптарына орналастырылады. Осының негізінде қызмет көрсетушінің арасындағы оператыивті байланыс сүлбесін, негізгі өндірістің технологиялық сүлбесін, негізгі өндірістің технологиялық жүйесімен байланысты оның қағидалы сүлбесін, жабдықтың қысқа суреттемесін құрайтын пайдалану нұсқауын құрастырады.

Жабдықтың барлық ыстық бөліктері құбырлар, күбілер және басқа жұғысып кеткенде күйік тудыратың бөлшектер беткейінде жылулық оқшауламалары болуы тиіс. Оқшауламаның бетіндегі температура, қоршаған ауа температурасы 25 0С болғанда, 45 0С-ден аспауы керек.

Электр қордырғыларда электр ағысымен зардаптануынан қорғануды қамтамасыз ету үшін қорғанудың құрамдары және техникалық әдістері қолдануы тиіс. Электр қорғағыш аспаптардан басқа қауіпсіздікті сақтау үшін электртехникалық емес щаралар қолданылады. Олар: қорғағыш көзілдіріктер, каскалар, қолғаптар, противогаздар, жоғары биіктікте жұмыс істеуге арналған белдіктер, сақтау арқандары, арнайы аяқ киім, ілмелі сәкілер, сүйреуіш сәкілер.

Жерге тұйықтау контуры

АБРҚ-де екі жерге тұйықтау контуры бар:


  • жабдықтық контуры;

қорғаушы контур (қауіпсіздік контуры).

1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет