Байланысты: 1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)
30. Агроландшафттың қазіргі құрылымының деформациясы. 31. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі Ландшафтыны құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жергілікті –жер –қоныс – фация деген жүйеге жіктеледі. Жер бедері мен топырақ жамылғысын түзетін жыныс құрамында, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын территориялық табиғат кешенін фация деп атайды.
Фация ландшафт құрылымының морфологиялық және айырмашылық бірлігін құрайтын кірпіш іспеттес. Ол –бөлшектенбейтін географиялық кешен. Өсімдік жамылғысы фацияның шекарасын межелеуде үлкен рөл атқарады. Табиғи жағдайда фацияны құрайтын құрамдас бөліктердің динамикалық тепе-теңдігі бұзыла қоймайды, ол В.Н.Сукачевтің биогеоценозымен дәл келеді. Ал адам әрекетінен өзгеріске ұшыраған немесе адам әрекетіне байланысты пайда болған фациялар әр түрлі биоценоздарды қамтып, биогеоценозға дәл келмеуі мүмкін. Адам әрекетіне байланысты фациның топырақ пен өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі, микроклиматы, су режимі тез өзгереді де, жаңа сапаға ие болады. Бірақ адам әрекетінен пайда болған туындылы фациялардың тұрақтылығы ұзаққа бармайды, табиғи жа-күйін түрлендіруші әрекеттер тоқталған соң, бұрынғы динамикалық тепе-теңдігін қалпына келтіру бағытына көшеді. Фация жер бедерінің тұтас пішінін де, бір ғана элементін де қамтиды. Жер бедері пішінін тұтас қамтитын фацияға Қазақстан территориясында жиі кездесетін лесс тәрізді саздақ жынысты қара топырақты жерлердегі шөптесінді шабындық өскен тауаралық жазықтарды (Мыңжылқы, Кеген, Қарқара, Асы жайлаулары) жатқызуға болады. Ал көп фациялы жер бедері пішінінде жыра да, сай да, өзен аңғары да мысал бола алады. Бұлардың кез келгенінің табынында, оң жақ және сол жақ беткейлерінде экологиялық жағдайлар әр түрлі болғандықтан, әр түрлі биоценоздармен сипатталатын фациялар қалыптасады. Демек, ауқымы жағынан фация үлкен аймақты да, шағын өңірді де алып жатуы мүмкін. Фацияның қалыптасуында жер бедері пішіні элементінің сипаты, салстырмалы биіктігі, беткей көрінісі мен қиялылығы, жыныстық құрамы үлкен рөл атқарады. Жер бедерінің пішініне қарай тегіс, ойыс, дөңес деп бөледі. Тегіс жерде ауа айналымы, жылу режимі біркелкі таралады, жер бетіне түсетін ылғал жер астына терең сіңеді де, жер асты суының деңгейі төмен жатады. Ол топырақ пен өсімдіктер жамылғысының ылғал баласына қатыспайды. Фацияны қалыптартырушы зат және энергия алмасу процестері дербес сипатта дамиды. Жер құнары, бір жағынан, топыраққа сіңген сумен шайылып, органикалық заттардың түзілуіне жұмсалып кемісе, екінші жағынан, элювийлі жамылғының үйілуіне байланысты қордалы қорын толықтырып отырады. Осылай жер құнарының динмикалық тұрақтылығы сақталады. Ойысты жерде ылғал, жылу балансының кірісі мен минералдық заттар қорының жиналуы мол болады. Осыған байланысты шөлді, шөлейтті және далалы жерлердегі кішкентай ғана ойысты жерге оазисті фациялар қалыптасады.
Дөңесті жер фациялардың территориялық бөлшектеуіне әсер етеді. Ең кішкентай деген төбенің өзі атмосфераның жер беті қабатындағы ауа қозғалыстарының бағытын, жылдамдығын, ылғал мен жылу балансының таралуын өзгертеді. Жаз айларында төбенің ық жағымен салыстырғанда, жел жақ беткейіне ылғал мол түседі, қыс айларында, керісінше, ық жақ беткейге омбы қар жиналады. Осы сияқты, күнгей беткейлер мен теріскей беткейлердің радиациялық және температуралық баланстары да түрліше болып келеді. Ылғал, жылу және минералды заттардың алмасуында беткейлердің құлау бұрыштарының да рөлі елеулі. Мысалы, 500 солтүстік ендікте ылдиы 450 қа жеткен теріскей беткей тегіс жермен салыстырғанда күннің тік радиациясын екі есе кем қабылдайды. Жер бетінің салыстырмалы биіктігі артып, беткейлер еңістеген сайын ағын су мен минералды заттар үгінділерінің гравитациялық қозғалысы үдей түседі. Қорыта айтқанда, жер бедерінің күрделенуіне байланысты фациялар түрлене береді. Топырақ асты жыныстарының пайда болу жолдары бір болғанымен, механикалық құрамдарына (саздақ, лесс, құм, т.б.) қарай әр түрлі бола беруі мүмкін. Сондықтан олардың ылғал және жылу сіңіргіш, сақтағыш қасиеттері мен әрекеттесу жолдары бірдей болмайды. Соған орай механикалық құрамдары әр түрлі жынысты жерлерде әр түрлі фациялар қалыптасады. Жалпы алғанда, топырақ асты жыныстарының механикалық құрамдары сазданған сайын фациялар түрленіп, ландшафт күрделене береді. Жер бедері мен топырағы түзілетін жыныстары бір текті болып келетін тұтас бітімді жерде жер беті мен жер асты суының гидрологиялық режимі, микроклиматтық жадайы бірдей, геохимиялық жәнебиологиялық зат, энергия алмасу кезінде тұтасқан іргелес фациялардың жаратылыстық, динамикалық бірлігін қоныс деп атайды. Жер бедерінің жеке- дара бітімінде қалыптасқан қоныстар тізбегінің құқрылымдық, динамикалық бірлігін жергілікті жер деп атайды. Ландшафтының геологиялық құрылысы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын ттк құрайды.