1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Ландшафт динамикасы оның өзгеру себебі, әсер етуші процесстер



бет21/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)

36. Ландшафт динамикасы оның өзгеру себебі, әсер етуші процесстер. Топырақ жамылғысы мен ландшафттар арасында, ландшафттар мен биоценоздар арасындағыдай байланыс бар. Табиғи орталықтан біз ландшафттың бір ғана топырақ жамылғысымен немесе топырақ түрімен сипатталатын мысалын кездестірмейміз. Ландшафттардың морфологиялық құрылымына бейімделген әртүрлі топырақ түрлері, тіпті топырақ типтері күрделі территориялық бірлік құрайды. Әрбір ландшафт белгілі бір топырақ ауданына сәйкес келетін, заңдылықты түрде қалыптасқан әралуан топырақ типтерінен, түрлерінентұрады. Көптеген географтар ландшафт компоненттерін “күшті” және “әлсіз” деп бөлуге тырысты. Мысалы, Н.А.Солнцевтің компоненттерді “күштісінен”, “әлсізіне” қарай орналастырған қатары белгілі: геологиялық құрылым – литология – рельеф – климат – су-топырақ - өсімдік жамылғысы – жануарлар дүниесі. Н.А.Солнцевтің түсінігі бойынша литогендік компоненттер, яғни қатты фундаменттпен байланыстылар “күшті” компоненттерге жатады, екінші орында климат пен су компоненті, ал ең әлсіз компоненттерге биогендік компоненттер жатады.
37. Ландшафт сферасының негізгі түрлері атауы. Ландшафттану ғылымының дамыған кезінде-ақ Л.С.Берг ландшафттар бір-бірімен табиғи шекаралармен шектеседі деген еді. Бұл сөзімен ол ландшафттардың шекарасының обьективті түрде табиғатта болатынын және өз бетінше қалай болса солай белгіленбейтін немесе субьективті болмайтынын айтқан еді. Іс жүзінде ландшафтты зерттеуші ғалымдар олардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтарға кездескен еді. Бұл жайында пікірталас 50 – жылдардың бас кезінде өріс алды, осы кезде бірталай ғалымдар бүкіл ландшафттар шекарасының тік сызықты екенін дәлелдемекші болды. Бірақ көпшілік бұл пікірмен келіспеді, өйткені практикалық өмірде әртүрлі ландшафттардың бір-бірімен ауысатыны, өтпелі шекара екендігі бұрыннан белгілі еді.
Сызықты шекаралар геосистеманың дискретті концепциясына сәйкес еді, бірақ біздің білуімізше, ландшафттық сферада дискреттік диалектикалық мағынада континуалдықпен сай келеді, сол үшін де шекаралар проблемасы тік сызықтарды жүргізумен шешілуі мүмкін емес. Дұрысында, кеңістіктегі ландшафттар шекарасы әртүрлі ені бар ауыспалы алқаптар болуы керек. Ландшафттар шекарасының шығу тегі әртүрлі және бір ғана бастаушы фактордың әсерімен айқындалуы дұрыс емес. Өйткені ландшафттар дифференциациясы зоналық және азоналық факторлармен айқындалады, яғни соңында кеңістікте осы факторлар ландшафт шекараларын анықтайды. Зоналық, сонымен қатар секторлық айырмашылықтар өз көрінісін климаттан, ал азоналдық ландшафттың қатты фундаментінен табады, сондықтан да осы компоненттер ландшафт шекараларының ерекшеліктерін анықтайды. Нақтылы жағдайда ландшафттардың кеңістікте ауысуының негізгі себебі зоналар немесе секторлар бойынша климаттың өзгеруі, теңіз деңгейімен салыстырғанда биіктіктің өзгеруі, беткей экспозициясы, морфоструктуралар ауысуы, осыған байланысты байырғы және төрттік жыныстардың өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет