1 лекция 1-бөлім. Инклюзивті білім беру пәні Тақырып



бет5/5
Дата13.03.2023
өлшемі25,81 Kb.
#73679
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 1 лекция

1 нұсқау: Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.). және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.
ІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады.
ІІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы,ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Бөбектерге тәрбие алу үшін, еліктейтін дұрыс үлгі қажет.
Бір нәрсені дұрыс жасау үшін, бірнеше рет қайталап көрсетуге болады,бірақ ол мұны өзімен жасты балалар жасағанын бір рет көріп, есіне сақтап, көргенін қайталап жасай алады.
Өмірдегі түрлі жағдайларға даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың физикалық және әлеуметтік бейімделуіне, өмірге деген құштарлығы және дертпен күресуі - қоршаған ортаға меншікті қажеттілік түйсігімен байланысты.
Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету- әлеммен байланыстағы бөгеттердің жойылуына және қоғамда шоғырлануына себепкер болады.
Мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты біріншіден, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең рұқсат алуын қамтамасыз ету, екіншіден, даму мүмкіндіктері шектелген балаларға тең қол жетімділігіне жағдайлар жасау.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі ұйымға қатынасуға мүмкіндігі шектеулі балаларды жеткізетін көліктің болмауы;
- Оларға оқыту мен тәрбие беру үрдісі арқылы қол жетімді білім берілуде, алайда мемлекеттік тілде оқу әдістемелік құралдардың жетіспейтіндігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр;
Біздің мүмкіндігі шектеулі балалар да өзге балалардай балабақшаларға қатысуы керектігіне көзіміз жетті.
Олар өзге балалардай балабақшаға толығымен төселіп кетуі мүмкін емес шығар. Ол оқып немесе санап үйренбес, дегенмен ол өмірдегі басқа да маңызды дербес дағдыларды иемденеді.
Біз, балалар үшін, бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей, жағдай жасауымыз керек.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан - дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу - белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.



_____________________________________________________________________________
Дайындаған: Жақыпбай Ж.С


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет