Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар (балалар)



Дата01.03.2023
өлшемі16,18 Kb.
#70926
Байланысты:
глоссарий (1)


1. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда үнемі немесе уақытша қиындық көретін, арнаулы білім беру оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін тұлғалар.

2. Білім алу үшін арнаулы жағдайлар – арнаулы оқу бағдарламалар мен оқыту әдісін, техникалық және басқа да құралдарды, өмірсүру ортасын, сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және басқа да қызметтерді кіріктіретін жағдайлар, оларсыз білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың (балалардың) жалпы білім беру оқу және білім бері бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес.


3. Инклюзивті білім беру – білім алуда ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық оқушыларға білім алуға тең дәрежеде қолжеткізуді қамтамасыз ететін процесс.


4. Әлеуметтену - тұлға әлеуметтік рөлдер мен мәдени нормаларды игеріп, қоғамның теңдәрежелі мүшесі ретінде қызмет ете алуына көмектесетін білімдер, нормалар мен құндылықтардың белгілі жүйесін меңгіріп, жаңғырта алатын барлық әлеуметтік процестің жиынтығы.


5. Психологиялық-педагогикалық қолдауөзалдына тұтас, мамандардың жүйелі ұйымдастырған әрекеті түрінде берілген, оқу-тәрбие процесінде балаға көсетілетін ерекше көмек (немесе қолдау) түрі. Оның процесінде мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес әр баланың дамуы мен табысты оқуына әлеуметтік –психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады.


6. Мектептік психологиялық – педагогикалық консилиумы – бұл, оқушыға бірыңғай көмек көрсету стратегиясын құру үшін, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыратын білім беру ұйым мамандарының қарым-қатынас жасау формасы.




7. Дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар балаларбелгіленген тәртіпте расталған, туа, тұқымқуушылықпен шартталған, жарақат салдарынан немесе аурулармен пайда болған дене және (немесе) психикалық кемістіктері бар, өмірсүруі шектелуі балалар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет