1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-Лекция. Математиканы оқытуды даралау



бет17/20
Дата06.01.2022
өлшемі187,32 Kb.
#14818
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
дидактика каз лекциялары

14-Лекция. Математиканы оқытуды даралау
Даралау немесе даралап білім беру (индивидуация, индивидуум, индивидуальность, индивидуация сөздерінен) – білім берудің барлық сатысында әрбір жек тұлғаның бейімділіктерінің деңгейін анықтау, оларды барынша дамыту мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық жағын қалыптастыру технологиясы. Мұндағы: индивидуация (лат. individuatio)) сөзінен аударғанда – жалпыдан жекені бөліп шығару дегенді білдіреді. Даралау қағидасы (индивидуации (лат. principium individuationis)) – томизм қабылдаған Аристотель философиясының ұғымы; кеңістіктің негізі ретіндегі «алғашқы материя», заттардың жиындылығының бөлу уақыты. К. Г. Юнгтың «аналитикалық психологиясында» бұл – жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі, оның қалыптасуы, өзіндік және ұжымдық санадан тыс мазмұнын сананың ассимиляцилауының қорытындысында пісіп-жетілуі. Даралық (Индивидуальность) – қандай да бір құбылыстың, жеке тірі нәрсенің , адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі; жалпыға ортақтылыққа, біртиптілікке, әлеуметтік психологияда – ұжымдылыққа (топталғанға) қарама-қарсы пікір. Фәлсафалық ұғым ретінде атом, монада жөніндегі оқуларда қолданылған. Бірінші кезеңде даралау – математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы екендігі жөніндегі әдебиеттерді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Екінші кезеңде қазіргі уақытта оқу материалын даралап оқытудың ерекшеліктері қарастырылды. Үшінші кезеңде математика пәнін даралап оқыту мен дәстүрлі оқытудың нәтижелерін салыстырып, өзіндік ұсыныс (оқыту әдісі) жасалады, қорытынды шығарылады. Шығармашылық жұмысының орындалу нәтижесінде мүмкін болатын ғылыми жаңалықтары төмендегідей: математиканы тиімді оқытудың құралы негізінде оқытуды даралау мен саралау әдістері айқындалады; математика материалын даралап оқытудың белгілі қағидалары іске асырылады. Даралау – математиканы тиімді оқытудың негізгі құралы ретінде Қазіргі кезде мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру – білім мазмұнын және білім берудің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңына сәйкес қайта қарауды талап етеді. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Математиканы даралап оқытуда әрдір оқушының білім деңгейі, біліктігін және дағдысын уақтылы тексеріп отырудың маңызы үлкен. Дұрыс ұйымдастырылған тексеру жұмыстары тек оқушылардың білім деңгейін білу мен бағалау үшін емес, ол мұғалімнің өз еңбегінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқап отыруына да жәрдемдеседі. Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі керек. Даралап оқыту тек жаңа тақырыпты даралау бабымен түсіндіру ғана емес, ол әр оқушының атқарған қызметінің барлық түрлері мен нәтижелері дараланған түрде екенін қатаң есепке алу болып табылады. Осы қағида әр мұғалім тәжірибесінде орныққаны дұрыс. Оқу материалын қорытындылап, деңгейлеп жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін, күрделілігі әртүрлі тапсырмалар беріледі. Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды даралаудың ролі зор. Үй тапсырмаларын даралау күрделілігі жағынан да әр алуан. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай үй тапсырмаларын даралағанда тапсырмалардың: көлемі, әр түрлі әдістерді пайдалану, тапсырманың толықтық және тереңдік дәрежесі, орындау мерзімі ескерілуі міндетті. Жоғары сыныптарда математиканы даралап оқытуда төмендегі шарттарды ескеру қажет. Мұғалім: әр оқушының мінездемесін анық білуі тиіс; әр оқушыға қандай жалпы оқу мазмұны мен қандай білік пен дағдыны игертуі керек екендігін толық түсінуі тиіс; дараланған тапсырмаларды ойластыра және құрастыра білуі тиіс; әр сабақты ұйымдастыру мен оқыту әдістерінің тиімді түйісулерін таба білуі тиіс. Даралау мен ұжымдық оқытуды органикалық ұйымдастыра білу – оқыту мен тәрбиелеудегі басты талаптардың бірі екендігін, әр мұғалім жадында ұстауы тиіс. Математика пәнінің оқу материалын даралап оқыту Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім ең алдымен олардың ықыласы мен жігерін, темпераментін, есте сақтау қабілетін, ойлау ерекшеліктерін, ынтасын зерттеуі қажет. Оқушылардың бұл ерекшеліктерін сабақта немесе сабақтан тыс уақытта оқушылармен, ата-аналармен басқа пән мұғалімдерімен әңгімелесе отырып, бақылау жасау арқылы зерттейді. Кейбір жағдайда, шағын психологиялық тәжірибе жасап, анкеталар толтыруды жүзеге асырады. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу нәтижесін анықтаған соң, мұғалім олармен жеке жұмыс жүргізу шараларын белгілейді. Бұл оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру мен үлгерімі төмен оқушыларға көмектесу жүйесін жасауды және олардың білім, білік және дағдыларын талаптарға сай көтеруді көздейді. Мұнда оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі, басқа пәндерден үлгерімі зерттеліп, кездескен олқылықтарды шұғыл жою жолдары қарастырылады. Үлгерімі төмен оқушылардың білімін талапқа сай көтеру үшін, игерілген білімдегі кездесетін олқылықтардың сипатын, қандай тақырып жеткіліксіз меңгерілгенін, есептердің қандай типтері қиындық туғызатынын, қандай біліктіліктер мен дағдылар кем соғып жатқанын анықтау қажет. Сонымен бірге, тақырыптардың өзіне тән қиындықтарын мұғалім алдын ала анықтап, сабақ үстінде немесе үй тапсырмаларын бергенде, оларды түсіндіруге баса назар аудару керек. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие жұмысына әр мұғалімнің өзіндік әдісін енгізген дұрыс. Бұл әдістің мәні – әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы мен мұғалімнің бірлесіп жұмыс істеуін, олардың үйде өздігінен орындайтын тапсырмаларын, сыныпта және сыныптан тыс шараларда атқаратын жұмыстарын үйлестірудің неғұрлым қолайлы түрлерін анықтау. Өзіндік әдісті жүзеге асыру төмендегі мақсаттарды көздейді: - оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу; - оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және жан-жақты дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау; - әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру; - білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру. Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқушылардың оқуға қабілеттілігі деп, – оның неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқушыларды оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үш топқа бөледі. Оқушылардың жұмысқа қабілеті жоғары деп, – белгілі бір уақыт аралығында олардың өнімді оқу қызметімен шұғылдану қабілетін айтады. Жұмысқа қабілеттілік дәрежесі оқушылардың психогиялық-физиологиялық мүмкіндіктерімен, оқуға ынтасымен және іскерлігімен анықталады. Жұмысқа қабілеттілікті арттыруда: оқу дәйектілігі, оқуға құлшыныс, денсаулық жағдайы, табандылықты дамыту, сезімталдылығы, оқудың тиімді тәсілдерін қолдану және т.б. факторлар елеулі роль атқарады. Жұмысқа қабілеттіліктің де жоғары, орташа және төмен деңгейлері бар. Оқушыларды топтарға бөлу үшін төмендегілерді пайдалануға болады: 1) оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттеуді; 2) оқушының сыныптағы және үйдегі жұмысын бақылап, талдауды; 3) оқушының орныққан білімі мен іскерлігі бойынша бақылау жұмысын ұйымдастырып, бастапқы деңгейін анықтауды; 4) оқушының пәннің теориялық материалы, әдістері және тілі (терминдері, символы) жайындағы білімін қамти отырып, оның бақылау жұмысының нәтижелерін пайдалануды; 5) оқушының білімін өздігінен көтеру іскерлігі мен машықтарының бастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізуді; 6) пәннің мазмұны, негізі ұғымдары, олардың қасиеттері мен өзара байланыстары бойынша ұдайы әңгіме өткізуді. Оқу материалдарының даралаудың сынып-сабақ түріндегі қолданылуына, қиындығына, дидактикалық материалдардың нысаналы жүйесіне және әр топтағы оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қолдану мақсатына қарай дидактикалық материалдар: ақпараттық, нұсқаушы, жаттықтырушы, аннотациялық, бақылаушы болып бөлінеді. Бұл материалдар, әдетте: карточка-тапсырма, нұсқаушы парақтар, желілер, кестелер және т.б. түрінде беріледі. Дидактикалық материалдар: ауызша және жазбаша, лабораториялық және практикалық, аналитикалық және графиктік сияқты танымдық есептерді орындауды көздейді. Сөйтіп, дидактикалық материалдар оқу үрдісінің барлық сатыларын қамтиды. Оқу материалын даралап оқытудың әдістемелік тәсілдері: оқу материалының күрделілік дәрежесіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту үрдісінің сатысына, мектептің материалдық базасына, оқыту мен оқудың түріне байланысты таңдалады. Мектепте оқылатын пәндердің, оның ішінде математиканың мазмұнын мынадай құрамды бөліктерге жетуге болады: а) теориялық материал (ұғымдардың анықтамалары, ережелер, формулалар); ә) пәндік фактілер; б) білім, білік және дағдылар (өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі бақылау); в) пәннің тілі ( терминдер, белгілеулер, графиктер, схемалар). Теориялық материалды оқыту кезінде жеке оқушының біліміне сүйене отырып: мұғалімнің түсіндіруі, карточка-тапсырмалар, алгоритмдер, нұсқаушы парақтар бойынша жеке оқушыларды немесе топтарды өздігінен жұмыс істеуге немесе өздігінен жартылай жұмыс істеуге көшіру, - проблемалық мәселелерді шешкенде сұрақ-жауап формасын қолдану және т.б. тәсілдер пайдаланылады. Мысалы, «Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері» атты тақырыпты өткен кезде үлгерімі төмен оқушыларға материалды: жоспар бойынша өздігінен оқу, алдын ала берілген алгоритм бойынша дәлелдеуді қайталау ұсынылса; орташа үлгерімді оқушыларға неғұрлым күрделірек тапсырма беріліп, осы тақырып бойынша белгілеулер мен сызбалардың орнын өзгертіп дәлелдеу талап етіледі; ал, үлгерімі жақсы оқушыларға тақырыпта келтірілген теоремаға кері теореманы тұжырымдап дәлелдеу тапсырылады. Оқу материалын қорытындылап, бір жүйеге келтіру үшін, күрделілігі әр алуан кестелер мен желілер түріндегі тапсырмалар беріледі. Мысалы, «Квадрат теңдеу түрлерінің қасиеттері» тақырыбы бойынша: - үлгерімі төмен оқушыларға дайын кестені толтыруды, - үлгерімі орташаларға кестені құруды, - ал үлгерімі жақсы оқушыларға таблицаны құрып, толтыруды тапсыруға болады (17-кесте). 17-кесте – Квадрат теңдеу түрлерінің қасиеттері Квадрат теңдеудің түрі Теңдеудің жалпы формуласы Теңдеудің түбірлері Түбірлердің қосындысы Түбірлердің көбейтіндісі Келтірілген теңдеу Толық теңдеу Жаңа материалды өткенде қолданылатын негізгі білімді ұдайы жаңғыртудың маңызы зор. Мысалы, карточка бойынша негізгі білімді даралап жаңғыртудың бір мысалы мынадай болуы мүмкін. Үлгерімі төмен топтарға арналған карточка-тапсырмаларға мысал: Теңдеудегі сұрақ белгісінің орнын, теңдік орындалатындай етіп, толықтырып жазыңыз а) ; ә) б) Теңдеуді шешіңіз: . Үлгерімі орташа топтарға арналған карточка-тапсырмаларға мысал: Теңдеудегі сұрақ белгісінің орнын, теңдік орындалатындай етіп, толықтырып жазыңыз а); ә) . Теңдеуді шешіңіз: . Жақсы оқитын топтарға арналған карточка-тапсырмаларға мысал: Негізгі алгебралық теңбе-теңдіктерді жазыңыз, оларды қолдану мысалдарын келтіріңіз. Теңдеулерді шешіңіз: а) ; ә) Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін үйге берілетін тапсырмаларды даралаудың ролі зор. Үй тапсырмаларын даралау күрделілігі жағынан әр алуан. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай үй тапсырмаларын даралағанда тапсырмалардың көлемі, әр түрлі құралдарды пайдалану мүмкіндігі, тапсырманың толықтық және тереңдік дәрежесі, шығармашылық және дербестік дәрежесі, орындау мерзімі ескерілуі міндетті. Үй тапсырмаларының толық орындалуын қамтамасыз ету үшін оқушыларды өздігінен ізденуге баулу қажет. Бұл маңызды шара көпшілік жағдайда сатылап үйрету методикасы арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсатта оқушыларға арнап оқылатын тақырыптардың қорытындылаушы жоспарын жасаған жөн. Сонымен бірге, оқушыларға конспекті жасауды үйреткен жөн. Себебі, мұндай конспектілерді жасау арқылы оқушылар оқылатын ең өзекті мәселені бөліп алуға, мазмұнын ой таразысына салуға машықтанады. Оқу курсын дара жылдамдықта өту Үлгерімі орта оқушыға арналған баяндау деңгейі мен темпі кейбір сабақтарды меңгеруге нашар бейімделген оқушының шамасына сәйкес келмейді. Мұндай оқушылар, әдетте, өзінің күшіне сенуден қалып, олардың оқуға ынтасы нашарлайды да, жұмыс істеуді доғарады. Осылайша, оқу материалының көлемі мен оны оқуға бөлінген уақыт арасындағы сәйкес келмеушілік пен оқушылар құрамының әртүрлілігі қорытындыда барынша тиімді мүкіншілікке қол жеткізе алмайтын оқу үрдісін ұйымдастыруға әкеліп соғады. Әсересе, ерекше қабілеттіліктері көрініс беретін балаларды анықтау мен оларды барынша толық дамыту қажет, бұл балаларды кәдімгі (саралаусыз) оқытқан жағдайда олардың дамуы тиімді жағдайда өтпейді. Сынып ішінде балаларды белгілі бір пәндерге қызығушылықтарын ескеріп сол пәндерді терең оқытатын топтараға бөлу (әсіресе жоғары сыныптарды) салыстырмалы түрде қабілеттігі төмен оқушыларға оңтайлы тимейді, себебі түрлі қабілеттіктері бар оқушылар жиналған сыныпта әрбір оқушының дара қабілеттіліктерін есепке алу үлкен педагогикалық мәселе болып отыр. Жоғарыда көрсетілгендерден бейіндік саралаудың келесі психологиялық-педагогикалық негіздері туындайды: - қоғамның интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру мақсатында оқушылардың қабілеттіліктерін барынша дамыту; - интеллектуалдық, сонымен қатар қол еңбегі, еңбек ету сипатындағы адамның әртүрлі әрекетеріне тиісті оның талаптары мен мүмкіндіктерін дамыту үшін оқушылардың психикалық мүмкіндіктерін, дарындары мен талаптарын толық ескеретіндей етіп оқу үрдісін құру; - оқу бағларламалары мен мазмұндарын және оқушылардың білімге құштарлықтарын көтеретін, білім алу және кәсіптік білімдері мен біліктерін дамыту үшін өзіндік еңбек ету режимтерін анықтайтын тиімді тәсілдерді табу әдістерін бейіндендіру; - оқушыларға оқу материалының көптігімен артық салмақ түсірмеу үшін интеграцияланған курстар ашу, бөлімдерді, курстарды, пәндерді болктарға бөліп оқыту, оқушыны пәннің мазмұнына барынша ендіру т.б.; - оқушыларды жақын арада дамытуға септігін тигізетін оқу үрдісін тиімді құруға көмектесетін оқушылардың өзіндік мүмкіндіктеріне, қабілеттіліктері мен кәсіптік қызығушылықтарына байланысты бейіндік оқу курстарын, топтарын құру. Педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы оқытудағы даралау және саралау технологиясы Педагогикалық жоғары оқу орынында математиканы оқытудағы даралау және саралау технологиялары оқытуда білім алушылардың дара ерекшеліктері мен оқу орынының спецификасын, сонымен бірге студенттердің білім, білік, дағдыларын әрдайым тексеру жүйесін қоса қарастырады. Педагогикалық мәселе ретінде оқытуды даралау мен саралаудың теориясы мен практикасының зерттеулерін жүргізі үшін: Қазақстан Республикасындағы педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытуды саралау мәселесінің қазіргі жағдайына баға беру, математикадан педагогикалық жоғары оқу орындарындағы даралау және саралау технологиясын қашықтан оқыту элементінің негізінде ашып көрсету қажет, отандық және шет елдік ғалымдардың осы мәселе жөніндегі концепцияларын қарастырып, констатациялық, іздеу және қалыптастыру эксперименттерін өткізіп, олардың қорытындысы пен ұсыныстары жөнінде ақпарат беретін педагогикалық эксперименттер өткізу керек, зерттеудің негізгі қорытындыларын жариялау қажет. Жыл сайын ұлғайып отырған Қазақстан Республикасының жалпыевропалық үрдістерге ену интеграциясы отандық білім беру жүйесінің алдына жаңа және үлкен көлемді міндеттер қояды. Жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби шеберлігін даралап оқыту арқылы қалыптастыру. Қазақстанда білім беру жүйесінің қазіргі кездегі басым бағыттарының бірі – халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру. Яғни адамды үздіксіз білім алуға, еңбек ету үрдісіне даярлау. Осы көзқарас бойынша оқыту мен білім берудің мақсаттарының бірі – тұлғаның басты қасиеті ретінде студенттердің кәсіби шеберлігін даралап оқыту арқылы қалыптастыру. Ал, студенттердің кәсіби шеберлігін даралап оқыту – маманның бойында жаңа қабілеттер мен іс-әрекет етудің жаңа түрлерін қалыптастыру, жаңа кәсіби салаларына енудіру, қысқа мерзімде өз еңбегінің бағытын өзгерту мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Шығармашылықпен еңбек етуге үйрету – қазіргі кездегі мамандардың дайындық сапасы мен басқару жүйесінің тиімділігінің басты өлшемі болып табылады. Қазіргі кезде соңғы талаптарға сәйкес келетін, жаңа құралдары пайдалануды игерген, жаңа технологияларды жұмысында қолдана білу біліктілігі қамтамасыз етілген болашақ маманды даярлау қажеттілігі туып отыр. Мұнда оқытушылар іс-әрекеті жүйесінде қолданылатын инновациялық технологиялар туралы сөз етудеміз. Инновация латынның «novis» – жаңалық; «in» – енгізу деген ұғымын білдіреді, яғни, «жаңару», «жаңашыл», «өзгеру» деген мағынада түсініледі. Ал, Қазақстан Республикасының мектептегі білімді дамыту стратегиясында адам, қоғам, табиғат қатынасын үйлестіруге бағытталған жүйелі ойлау, оқытудың мазұны мен әдістерін, шығармашылық іс-әрекет әдіснамасын меңгеруге бағыттау – яғни, инновациялық қабілетті қалыптастыру туралы айтылған. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнен асқан кәсіптік шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты талап етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастырып, олардың оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін жағдай туғызу. Бүгінгі таңда Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалы модульді оқыту технологиясы, В. П. Беспальконың және т.б. ғалым-педагогтардың технологиялары кеңінен танымал. Инновациялық оқу – тәрбие үрдісіндегі креативті дәрежеге жету мен оны дамыту салдарынан, әсіресе, оқушылардың кәсіби тұлғалық өзін-өзі дамыту үрдісінде пайда болады. Оқытушыларын инновациялық іс-әрекетке даярлауды тұлғалық категория, продуктивті іс-әрекет нәтижесі деп түсіндіруге болады. Жаңашыл-оқытушы педагогикалық іс-әрекет істей жүріп, міндетті түрде оқушыларды шығармашылық нәтижесі көрініс табатын инновациялық үрдіске тартады. Шығармашылық нәтиже тұлғаның өзгеруінен көрінеді және инновациялық іс-әрекет үш деңгейлі құрылымнан тұрады. Оның негізін рефлексиялық өзіндік іздену, шығармашылық іс- әрекетін ой елегінен өткізу, креативті қайта өзгеретін іс-әрекет немесе біріккен шығармашылық құрайды. Оқытудың көпсатылығы мен оқутушылардың инновациялық даярлығы бүкіл білім беру үрдісі жеке тұлғаға бағытталғанда ғана нәтиже береді. Өкінішке орай, әзірше оқу бағдарламалары оқушыларға тәуелсіз, міндетті түрде меңгерілетін: білім, білік және дағдыларының көлемін ғана береді. Олардың бірқатары, инновациялық іс-әрекеттің негізін құрайтын тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды: қабілеттері, тұлғалық құндылықтары бойынша оқушыларды бағалауға мүмкіндік беретін оқу ортасын неғұрлым жылдам туғызғанда, соғұрлым тез және жаңаны оңай тану үрдісі іске асады. Тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру – студенттерді даралап оқыту түріне баулу, сол арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастыру болып табылады. Даралап оқытуды инновациялық технологияның бір түріне жатқызуға болады. Ол қазіргі кезде оқу үрдісінде жүзеге асыруды талап етеді және әрдайым шығармашылық тәжрибені байытады. Даралап оқыту студенттерді тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашыл кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға, білімді сапалы, жүйелі қабылдай алуына септігін тигізеді. Инновациялық технологиялардың ішіндегі ең болашағы бар «Кейс-стади» болып табылады. Осыны түсіндірейік. Жалпы алғанда, белгілі бір жағдайдың көбінесе дәл, дұрыс немесе бұрыс жауаптары болмайды. Кейс-стади оқушылардың өз көзқарастарын негіздей алу және талдап үйрену, пікірталас жүргізуді іске асыратын әдістемелер, осыған байланысты оқу материалдарын жинақтау болып табылады. Нақты жағдайлар әдісі кез келген пәнді оқып үйренуде қолданылады. Студенттер ақпаратты талдап және жүйелеп үйренулері үшін оқу материалы ретінде қолдануға болатын жағдайлар да болады. Кейс-стадидің бірінші кезеңінде, мәтінмен таныса отырып, студент өз бетімен мәселенің мәнін түсінуге, жағдайды бағалауда өзіндік көзқарасын айқындауға, сұрақтарға жауап іздеп және мәселені шешудің нақты шешімдерін табуға тырысады. Екінші кезеңінде 5-6 адамнан тұратын кішкене топ ұйымдастырылады. Оқушылар кейстің негізін құрайтын мәселенің төңірегінде пікір таластырады және диалогтық қарым-қатынас әдісін пайдалана отырып, бір шешімге келеді. Бұл кезеңде «брейнсторминг», немесе, диалог, пікір алмасуларды да пайдалануға болады. Топ болып мәселені талқылаған соң, арасынан лидерспикер шығып, мәселені шешудің жолдарын түсіндіреді. Үшінші кезеңде оқытушының немесе оқушылардың арасынан таңдалып алынған ассистент-сараптаушылардың жетекшілігімен жалпы топтық талқылау жасалады. Тәртіп бойынша, әр топ берілген мәселе бойынша өзінің пікірін ортаға салады. Оқытушы кейбір жеке сәттерді ойластырып, әртүрлі көзқарастарға сүйене отырып, талқылауға білікті бағыт береді. Талқылаудың ерекшелігі мынадай: оқытушы сапалы баға мен жауапты бере салмайды, кез-келген ой-пікір тыңдалады. Талқылау үрдісі оқытушыдан кең ақыл-ой, коммуникативтілікті, мобилділікті, аралас пәндер бойынша білім кешененің толық болуын талап етеді. Педагогикалық импровизацияға даярлық – педагогикалық шығармашылық аясында психологиялық-педагогикалық білім, білік және дағдының болуына байланысты болмақ. Инновациялық білім беру технологиялары педагогикалық үрдістің когнитивтік компонентін ғана айқындап қоймайды, сонымен қатар студенттің тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуымен байланысты бола отырып, тәрбиелік аспектісін де іске асырады. Сондықтан, оқытудың жаңа инновациялық технологиясы ұжымдық түрді сақтай отырып, оңтайлы бағдарлама бойынша оқытуға мүмкіндік туғызатын, студенттердің толық мөлшерде тынымдық шығармашылық қабілеттері, мотивациялары мен жеке қажетсінулерін ескеретін тұтас дидактикалық жүйесін ққұрайды. Оқытудың инновациялық технологияларын жаңа білім беру парадигмаларын өмірге енгізетін құрал ретінде қарастыруға да болады. Өйткені, жаңа білім беру технологияларын дамыту тенденциясы – білім алушылардың өзін-өзі белсенді ететін, өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастыруға жағдай жасайтын гуманизациялық біліммен тікелей байланысты болып табылады. Математиканы қашықтан оқытуда жеке тұлғаға бағыттану әдістемесін пайдалану Болон үрдісінің білім беру құраушысының маңызды аспекттерінің бірі Қазақстанның жоғары кәсіптік білім беру жүйесіне қашықтан білім беру сияқты, сырттай білім берудің прогрессивтік формасын кең көлемде ендіру болып табылады. Отандық және шет елдік ғалымдардың ойынша қашықтан оқытуда жек адамға тәуелділік факторы жойылатыны сөзсіз орын алады. Дегенмен, кез келген білім беру үрдісінің жетістікке жеткізеді деп есептелетін дәстүрлік факторларының жоғалатынын да айта кету керек. Қашықтан білім беруде жеке факторлардың әсері жойылады да, оқытушының ролін техникалық қана етеді, деп ойлаушылар да бар. Білім алушы мен оқытушының жеке қатынастарының азаюы оқытудың эмоционалдық мотивациясының жоғалуына әкеледі, оқытудаға саралау мен даралауды жоғалтады. Дегенмен, қашықтан оқытуда да саралауды қолданған кезде, оны жеке тұлғаға бағыттауға және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға болады. Қашықтан оқыту формасын ендіруде ақпараттық технологиялар (АТ) белсенді түрде білім беруге пайдаланылатыны табиғи нәрсе. Осы жүйенің пайда болуының өзі қазіргі қоғамның алып ақпараттануының салдарының бірі болып табылады. Сондықтан математикадан жеке тұлғаға бағытталған қашықтан білім беру мәселелері білім беруде АТ құралдары мен мүмкіндіктернін пайдаланудың қазіргі заманғы жолдарымен және әдістерімен байланыста ғана қарастырылады. Оқу үрдісінде АТ-ды пайдалану бойынша отандық және шет елдік авторлардың теориялық және эксперименттік зерттеулерінде білім берудің барлық жүйелерінің, соның ішінде қашықтан білім берудің де тиімділігін арттыруда осы технологияны білім беру мақсатында қоланылуының кең мүмкіндіктері бар екені атап көрсетіледі. Оқытудың ақпараттық технологиясы деп, копьютерлер мен ақпарат құралдарының көмегімен оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік-ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығын айтады. Олар осы құралдарды білім беру периодының өн бойында - үздіксіз пайдалануға, - техникалық, бағдарламалық ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етулердің бір типтілігі мен қарапайымдылығына негізделген және - педагогикалық үрдісті ғылыми ұйымдастырудың маңызды да, ажырамас компоненті болып табылады. Е.С.Полат қазіргі әлеуметтік талаптарға сай жаңа АТ-ды оқу үрдісінегі қашықтан оқутуда қолданудың негізгі төрт бағыттарын атап көрсетеді: - текс редакторлары мен баспалық технологиялар, - телекоммуникациялар, - интерактивтік мультимедиалар, - компьютерлік робототехникалар. Авторлар осы құралдар тобын тек олардың жоғары технологиялық мүмкіндіктері болатынымен ғана негіздеп отырған жоқ: ең алдымен оқытудың педагогикалық талаптарымен және оның тиімділігін арттыру тәсілімен, жеке жағдайларды, өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру қажеттілігімен, оқытуға шығармашылық көзқарасты, кризистік ойлауды, еңбек мәдениеттін қалыптастыру т.б. қажеттілігімен түсіндіреді. Осы құралдардың дидактикалық мүмкіндіктері де қарастырылады: - суреттің бөлігін (фрагментті) көп рет қайталау, - оқу материалын әртүрлі формаларда ұсыну арқылы көрсетілімдер мен ұғымдарды көрсету (графика, түс, динамика т.б.), - модельдеудің әр түрін пайдалану, берілген ақпаратты автоматизациялау т.б. АТ-дың аталған мүмкіндіктеріне тағы келесілерді қосуға болады: - оқу материалдарын тираждап көбейту мүмкіндігін пайдаланып, оқу орындарына көптеп тарату, - мектеп ішінде білім беруді интеграциялау, сонымен бірге - өндіріс пен ғылымда мамандарды алдын ала дайындауды қамтамасыз ету, - тәжірибе алмасуды тездету. А. И. Луковников осы мәселелерді тиянақты зерттеп, тәжірибе алмасудың қиындығын келесі мәселелерді шешуді ұйымдастыру арқылы біраз оңайлатуға болатынын атап көрсетті: - жоғары оқу орындары мен жұмыс істеу аймағы жоғары мектеппен байланысты ұйымдарды, ЖОО ұжымының базасындағы пән педагогтарын дайындау үшін компьютерлік технологияларды оқу үрдісіне ендіру, - әдістемелер жасауда анағұрлым тәжірибелі әдістемелік кабинеттерді немесе лабораторияларды біріктеретін ұлттық және аймақтық компьютерлік төркөздер ашу; - тәжірибеден өткен және ЖОО-ның Кеңестері ұсынған компьютерлік оқу бағдарламаларын қарастыратын оқытудың жаңа жоспарларын құру; - білім беру ақпараттарын әрдайым тарату үшін, отандық және шет елдік бағдарламалық әдістемелердің түйіндері, бағдарламалық оқу құралдарының электрондық каталогтары жөнінде жаңа ақпараттар тарату үшін жоғары мектептің орталық басылымдарында және теледидар бағдарламаларында тұрақты жұмыс істейтін тараулардың болуы. Математиканы бейіндік оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет