Тақырыбы: Математиканы оқытуды проблемалап баяндау әдісі. Эвристикалық әдіс. Зерттеу әдісі. Оқыту әдістерін таңдау. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері. Бақылау мен тәжірибе. Салыстыру мен аналогия



бет1/5
Дата21.06.2023
өлшемі65,96 Kb.
#102871
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА – МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Математика кафедрасы
Тақырыбы: Математиканы оқытуды проблемалап баяндау әдісі. Эвристикалық әдіс. Зерттеу әдісі. Оқыту әдістерін таңдау. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері. Бақылау мен тәжірибе. Салыстыру мен аналогия.


ЖОБА
Орындаған: М 15 (2) топ студенті А.О.Елешова
Тексерген: аға оқытушы Г.М.Айтенова

Орал қаласы, 2023 жыл


Жоспар


Кіріспе.......................................................................................................................................
1. Математиканы оқытуды проблемалап баяндау әдісі.......................................................
1.1 Эвристикалық әдіс............................................................................................................
1.2 Зерттеу әдісі........................................................................................................................
1.3 Математиканы оқытудың ғылыми әдістері.....................................................................
1.4 Бақылау мен тәжірибе.......................................................................................................
1.5 Салыстыру мен аналогия
Қорытынды …………………………………………………………………………………..
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................................................

Математиканы оқыту процесінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен пәннің мазмұнына сәйкес таңдалған оқыту әдістері білімнің саналы да, баянды болуын көздейді. Әдіс ең кең мағынада – мақсатқа жету тәсілі, белгілі бір тәртіппен реттелген қызмет. Оқу процесінде оқыту әдісі оқушы мен мұғалімнің арасындағы тиімді қарым–қатынастың бір түрі.


Оқыту әдісі деп оқушылардың белсенді танымдық қызметін қамтамасыз ететін, мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттерінің нақты түрі. Оқыту сабақ беру мен үйренуден (оқу) тұрады. Сабақ беру – оқу материалын түсіндіретін, оқушылардың оқып үйрену және білімін, біліктілігін тексеруді ұйымдастыратын, алған білімдерін қолдана білулерін басқаратын мұғалімнің іс-әрекеті. Үйрену (оқу) – мұғалімнің басшылығымен орындалатын оқушылардың сапалы іс - әрекеті, ол белгілі бір оқу материалын қабылдауын және мұғалімнің түсіндіруін тыңдауын, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстарды ұғып алуды, қорытындылауды, мұғалімнің тапсырмасы бойынша алған білімін қолдана білуді қамтиды [3]. Бұдан оқыту әдістері сабак беру әдістері мен үйрету әдістерінен тұрады деп айтуға болады. Сабак беру және үйрету әдістері – белгілі бір математикалық білім, білік және дағды жүйесін оқушыларға беру тәсілдері деп түсінеміз. Бұл әдіске әңгімелесу, мұғалімнің түсіндіруі және дәріс, тәжірибе, жаттығу ретінде өздігінен істейтін жұмысты басқару, оқушылардың оқу құралдармен, әдебиетпен жұмыс істеуіне басшылық ету. Үйрету әдістеріне (оқып үйрену) оқу материалын танып – білу оқушылардың өз беттерімен белсенді ізденіп білім алу жолдары жатады. Оқыту үрдісінде қайсыбір әдісті қолдану үшін мұғалім сол әдісті жете меңгеруі тиіс. Ол үшін:
а) әдістің мағынасын түсіну және оны қолдана білу керек;
ә) оқыту үрдісінде әдісті қолдану барысында байқалатын жақсы және теріс жақтарын білу керек;
б) мектеп математика курсында қандай тақырыптарды осы әдіспен оқыту қолайлы екенін білу керек;
в) оқу материалын игеруде оқушыларды осы әдіспен жұмыс істеуге үйрете білу қажет.
Сонымен, оқыту әдістері – білім беру және білімді меңгеруге, азаматтық тұлға қалыптастыруға бағытталған шәкірттердің танымдылық іс-әрекеттерін және тәжірибелік қызметтерін ұйымдастыру тәсілін қамтиды.
Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне проблемалық оқыту, эвристикалық әдіс, бағдарламалап оқыту әдістері жатады. Проблемалық оқытудың мәні-мұғалім проблеманы өзі қойып, өзі шешеді. Мұндағы басты проблема - теореманы дәлелдегенде оны қалай дәлелдеу емес, дәлелдеуді қалай іздестіру, іздестіруге оқушыларды қалай тарту мәселесі. Бұл әдістің негізгі жетістігі дербестікке, шығармашылық еңбекке, фактілерді бағалауға тәрбиелейді, проблемалық баяндау әдісін қолданғанда мұғалім-ақпараттың негізгі көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет