1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары



Pdf көрінісі
бет55/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары. 
Қазіргі кезде кез келген демократиялық 
мемлекет қандай да бір деңгейде әлеуметтік мемлекет болып табылады. Бҧдан, әлеуметтік 
мемлекетке ӛту адамзаттың даму заңдылығының бірі болғаны және болатыны сӛзсіз. Ал, 
әлеуметтік мемлекет әлеуметтік игіліктерді қайта бӛлгенде, барлық азаматтарының лайықты 
ӛмір сҥруін қамтамасыз ететін саяси жҥйе болуы керек. Демек, әлеуметтік мемлекет 
қалыптасуы ҥшін, оның саясаты саяси тҧрақтылық пен қауіпсіз ӛмір сҥруді қамтамасыз етуі 
және азаматтарының мҥдделерімен қарама қайшылықта болмауы тиіс. Әлеуметтік мемлекеттің 
басты идеясы − азаматтардың қҧқықтарын сақтауға мемлекеттің әлеуметтік кепілдік беруін 
қамтамасыз ету болып табылады. Бҧл әлеуметтік мемлекетте азаматтардың мемлекеттік билікке 
деген сенімін кҥшейтеді. 
Әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгілері: а) бҧл мемлекетте адам, оның ӛмірі, әл-ауқаты, 
жеке қадір-қасиеті ең қымбат қазына болуы тиіс; ә) әлеуметтік мемлекеттің ішкі және сыртқы 
саясаты тек жалпыҧлттық, топтық мҥдделерді ғана емес, ең алдымен ол адам мен азаматтың 
қҧқығын, бостандығын және заңды әлеуметтік-экономикалық мҥдделерін қорғауға 
бағытталынады; б) әлеуметтік мемлекеттің әрбір басқарушылық шешімі қҧқықтық-әлеуметтік 
бағдарлық сипатқа ие болады; в) бҧл мемлекет белсенді әлеуметтік саясат жҥргізеді, әлеуметтік 
бағдары экономиканың мемлекеттік ғана емес, жеке секторына да негізделінеді; д) әлеуметтік 
мемлекет билік, қоғам және азаматтардың ӛзара әлеуметтік жауапкершілігімен сипатталынады; 
е) әлеуметтік мемлекет бюрократизм, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да қоғамға қарсы 
кӛріністерге тӛзімсіз болуы тиіс. Сонымен, әлеуметтік мемлекет әлеуметтік сала ғана емес, ол 
әлеуметтік бағдарланған экономика, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, жеке және 
ҧжымдық бастамалар, қоғам мҥшелері ӛзінің, туыстарының әл-ауқаты мен тҧрмыс 
жағдайларын ӛздері белсенді кӛтеруіне ынталандырушы қҧрылым болуы тиіс. Мҧнда 
мемлекеттік бюджетті бӛлу немесе қандай да бір жәрдем ақы алу емес, қоғам мҥшелері еңбек, 
жеке бастама, іскерлік пен кәсібилік, еңбекқорлық арқылы ӛзін-ӛзі қамтамасыз етуі тиіс, ол 
ҥшін мемлекет қҧқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасауға 
міндетті. Әлеуметтік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының базалық қағидалары 
заңдылық, гуманизм, әділеттілік және адамгершілік болып табылады.
Әлеуметтік мемлекет идеясы мен қалыптасу тарихына келетін болсақ. ХІХ ғасырдың ІІ 
жартысында «әлеуметтік саясат», «әлеуметтік әріптестік», «әлеуметтік ҥйлесім», «әлеуметтік 


34 
ынтымақтастық» идеялары мен ҧғымдары қалыптаса бастады, ал ХХ ғасырдың І жартысында 
бҧл идеялар кӛп елдердің конституцияларында бекітілді.
 
Алғаш әлеуметтік мемлекет ҧғымына ХІХ ғасырда неміс ғалымдары: Л.фон Штейн, Ю. 
Оффнер, Ф. Науманн, А. Вагнер назар аударды. «Әлеуметтік мемлекет» ҧғымын ғылымға 1850 
жылы неміс ғалымы Лоренц фон Штейн енгізген. Ол кез келген монархия егер әлеуметтік 
реформа жҥргізбесе маңызын жояды деп санады. Бҧл әлеуметтік монархия теориясы 
қалыптасуына, одан әрі оның әлеуметтік мемлекет теориясына айналуға негіз болды.
Лоренц фон Штейн әлеуметтік мемлекеттің ӛлшемін жасап шығарды. Біріншіден, ол «ӛз 
билігі арқылы кейбір ӛзін-ӛзі анықтайтын тҧлғаларға, барлық әртҥрлі қоғамдық таптарға 
абсолюттік теңдікті қолдануға міндетті», екіншіден, - ол «барлық азаматтарының
экономикалық және қоғамдық дамуына, немесе бірі басқасының дамуына жағдай жасауы керек, 
және бҧл әлеуметтік мемлекет мағынасына ие болады» − деп жазды. Ғалымның бҧл тҧжырымы 
бойынша қоғам мҥшелерінің барлығы бәрінің дамуына қолдау жасауы, және оған қолайлы 
ахуалды жасауы тиіс.
Әлеуметтік мемлекет теориясы мен тәжірибесінің дамуына ХХ ғасырдың 30 
жылдарындағы экономикалық дағдарыс ҥлкен серпін берді. «Жаппай әл-ауқатты мемлекет» 
ҧраны негізінде әлеуметтік мемлекет идеясына екінші дҥниежҥзілік соғыстан соң белсенді 
ғылыми ізденістер жҥргізілді. Ғылымда толық жҧмыспен қамту мен лайықты еңбек ақыға 
кепілдік беретін, мемлекеттік тегін білім беру мен денсаулық сақтау, жалақы мен баға, тарифті 
бақылауға бағытталған әлеуметтік және экономикалық ӛзара тығыз байланысты саясатқа 
қызығушылық артта тҥсті. 
Алғаш әлеуметтік мемлекет конституциялық қағида ретінде 1949 жылы ФРГ 
Конституциясында орнықты. Германия «демократиялық әлеуметтік федеративті республика» 
деп жарияланды. Оның негізгі қҧндылықтары: әлеуметтік бағдардағы нарықтық экономика
ауқымды жеке бастамалар, ӛз тағдырына жауапкершілік, әлеуметтік заңдылық болып табылды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет