С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов



жүктеу 3.01 Kb.

бет1/14
Дата22.12.2016
өлшемі3.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

УДК 373.167.1(075.3)
ББК 63.3(5қаз)я72
Қ56
Арнайы  редакторы  С. Мәжитов
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Пікір  жазған  К. Л. Есмағамбетов
Қожахметұлы  К.,  т.б.
Дүниежүзі тарихы (1914 жылдан бүгінгі күнге дейін).
Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу-
лық/К. Қожахметұлы, Ә. Шүпеков, М. Ғұбайдуллина. — 
Алматы:  Мектеп,  2013. — 216 б., сур.
ISBN 978—601—293—803—6
Қ56
ISBN 978—601—293—803—6
©  Қожахметұлы К., Шүпеков Ә.,
 
Ғұбайдуллина М.,   2005
©  “Мектеп” баспасы, көркем
 
безендірілуі,  2013
 
Барлық құқықтары қорғалған
 
Басылымның мүліктік құқықтары 
 
“Мектеп” баспасына тиесілі
Қ
4306020600—184
404(05)—13
24(1)—13
УДК 373.167.1(075.3)
ББК  63.3 (5қаз)я72

3
КіріСпЕ
XVII—XIX ғасырларда Еуропада өнеркәсіп револю-
циясы басталды. Оған негіз болған капиталистік қатынас-
тар осы кезеңдерде Еуропа құрлығынан тыс аймақтарға да 
таралды. Сөйтіп, дәстүрлі бірыңғай ауыл шаруашылығы-
на негізделген қоғамдық қатынастар индустриялы қа-
тынастарға жол ашты. Соның нәтижесінде XIX ғасырдың 
соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниежүзінде 
индустриялы қоғам орнықты. Бүгінде қоғамдық дамуы 
артта қалған елдер де осы арнаға бет бұрып, мешеуліктен 
біртіндеп арылу үстінде.
Қазіргі дүниежүзі тарихы өзіне ға на тән сипатымен 
ерекшеленеді. Оның негізін жұмысшы табының және со-
нымен тығыз байланысты социалистік ілімнің орнығуы, 
конституциялық тәртіп пен демократиялық дәстүрдің 
нығаюы, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы және ұлттық 
қозғалыстың өрістеуі қамтиды.
ХХ ғасыр бұрын-соңды болмаған тарихи оқиғаларға 
толы болды. Яғни, екі бірдей дүниежүзілік соғыс пен 
әртүрлі саяси бағыттағы революциялар осы ғасырдың 
үлесінде.
Қазіргі дүниежүзі тарихы Бірінші дүниежүзілік со-
ғыстан бастап күні бүгінге дейінгі оқиғаларды қамтиды. 
Бұл дәуірдің ең басты оқиғасы — ұлт-азаттық күрестің 
нәтижесінде көптеген елдердің егемендікке қолы жетіп, 
өркениетті елдердің қатарына қосылды. Сонымен қатар 
отарлық империялар күйреп, олардың орнына жүзден 
астам жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды.
Қазіргі дүниежүзі тарихы бұрын-соңды болмаған ғы-
лыми-техникалық прогреспен сипатталады. Адамзат 
ядро мен ғарыштың, генинженерия мен кибернетиканың 
құпияларын ашты. Сан алуан технологиялық жаңалық-
тар адамзаттың хал-ахуалын едәуір жеңілдетті. Қазіргі 
уақытта әлемде болып жатқан оқиғалардан күнбе-күн 
хабардар болуға әр адамның мүмкіндігі бар. Дүниежүзілік 
қақтығыстар мен соғыстар әлемнің бір тұтастығын дәлел-
деуде. Ал ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері және 
шаруашылық, сауда, мәдени байланыс тар дүниежүзі 

4
елдерін одан әрі біріктіре түсуде. Елдердің жақындығы 
және ғаламдық дамуы ғаламшар адамзаттың ортақ үйі де-
ген көзқарасты көтеріп, тату көршілікті, өзара түсіністікті 
талап етіп отыр.
Қазіргі кезде ядролық қару-жарақты игерген елдердің 
арасындағы бақталастық бүкіл адамзаттың өміріне қауіп 
төндіріп, үрей тудыруда. Екінші дүниежүзілік соғыстың 
зардабын шеккен халықтар үшінші дүниежүзілік соғысты 
болдырмауға тырысып бағуда. Барлық шиеленістерді, 
дау-таластарды бейбіт жолмен шешуді көздейтін Біріккен 
Ұлттар Ұйымы өткен ғасырдың орта шенінде құрылды.
ХХ ғасыр терең қайшылықтар мен соғыстарға толы 
болғанымен, адамзаттың бірлігін бұза алмады. Әлем ха-
лықтары біріге отырып ғарышты игеруде, бейбітшілікті 
қолдайтын ұйымдар құру арқылы соғыс қаупіне қарсы 
шығып, дүниежүзілік экологиялық мәселелерді шешуге 
талпынуда. Халықтарды одан әрі жақындастыру үшін 
әр адамның пікірін, көзқарасын, құқығын құрметтейтін 
демократия, жариялылық, азаматтық және қоғамдық 
қатынастар барынша дамуы қажет.
Оқулықтың негізгі әдіснамалық міндеті — әлемде 
орын алған оқиғалар мен құбы лыстарды тарихи тұрғыда 
қарастыру. ХХ ғасырда дәстүрлі қоғамды жаңғырту тео-
риясы, артта қалған елдерді батысеуропалық өркениетті 
елдер деңгейіне жеткізу ең өзекті мәселеге айналды. 
Сондай-ақ бұл оқулық Еуропа, Америка, Азия және 
Африка сияқты өркениетті аймақтар тари хының саяси, 
экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму тарихымен та-
ныстырады.
XX ғасырдың басында саяси биліктің екі түрі — мо-
нархиялық және республикалық билік дамыды. Тарихта 
мо нархияның екі негізгі түрі — абсолюттік және конститу-
циялық формалары белгілі.
Абсолюттік монархия монархтың бүкіл билігінің, оның 
құзырының шексіздігін білдіреді.
Конституциялық монархияда мемлекет басшысының 
(монарх, король, император) билігі шектеулі. Мемлекет- 
тегі жоғары билік мұндай жағдайда екі субьектіге — мо-
нархқа және қандай да бір басқа сайланушы органға (пар-
ламентке, кеңеске) тиесілі болады.

5
ХХ ғасырдың басында республика түріндегі демокра-
тиялық және саяси құрылымдар қалыптаса бастады.
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында бас-
қарудың республикалық формасы Америка Құрама Штат-
тарында, Францияда, Швейцарияда және Сан-Маринода 
қалыптасты.
Жалдамалы жұмысшылар жағдайы. ХХ ғасырдың 
басында буржуазия мен пролетариаттың индустриялы 
қоғамның негізгі әлеу меттік таптарына айналуы түбегейлі  
аяқталды.
Пролетариат қуатты әлеуметтік тапқа айналды. Өнер-
кәсіптік төңкеріс сауатты және білікті жұмысшылар-
дың қажеттігін айқындады. Жұмысшылар жекеменшігі 
болмағандықтан, өз еңбектерін сатудың есебінен күн 
көрді. Экономикалық жағдай ауыр болды. Өздерінің ма-
териалдық талаптарын жүзеге асыру үшін жұмысшылар 
кәсіподақтарға біріге бастады. Батыс Еуропа елдерінде 
және Америка Құрама Штаттарында жұмысшылардың 
экономикалық мүдделерін қорғаушы ұйымдар —кәсіп-
одақтар саяси партияларға қарағанда әлдеқайда ер-
терек пайда болды. Алғашқы кәсіподақтар Англияда 
құрылды. Бастапқыда олар өзара көмек көрсету қоғамы 
болатын. Кәсіподақтар өз мүшелерінің қаражаты есебі-
нен ақша қорын жасады. Жұмысшыларға ауырған кез-
де, жұмысынан шығып қалған уақытта, ереуіл кезінде 
жәрдемақымен көмек көрсетті.
Капиталистік қатынастардың дамуы жұмысшылар 
санының артуына және кәсіподақтар қозғалысының 
нығаюына алғышарт болды.
Цехтық кәсіподақтар бірте-бірте өндірістік ұйымдарға 
айналды. Ұлттық кәсіподақ орталықтары, жұмысшы-
лардың халықаралық федерациялары құрылды.
Жұмысшылардың өз мүдделері үшін күресі бұқаралық 
жұмысшы қозғалысын тудырды. Ол ХIХ ға сырдағы 
Еуропа өмірінің жаңа айқындаушы факторына айнал-
ды. Жұмысшылар теңсіздік пен қанаудың себептерін 
капиталистік жекеменшіктен көрді. Осыған байланысты 
барлық меншік иелерін жұмысшылар өздерінің тап жаула-
ры деп қабылдады. Олар еңбекшілердің татулығын, ортақ 
байлықты иеленген қоғамды армандады. Революциялық 

6
социализм идеялары жұмысшы қозғалысының сипатты 
белгісіне ие болды.
ХIХ ғасырда пролетариаттың мүддесін көздейтін жаңа 
идеялар қалыптаса бастады. Марксизм осындай ілімдердің 
бірі болды. Оның негізгі ережелерін К. Маркс пен Ф. Эн-
гельс жасады.
Марксизмнің әлеуметтік теориясының негізін тарихи 
дамудың қозғаушы күші — таптар мен тап күресі теория-
сы құрады. Тарих сахнасынан қанаушы таптар өз еркімен 
кетпейді. Тек таптар күресі мен қаналушы бұқараның 
қақтығыстары нәтижесінде ғана капиталистік құрылысты 
жоюға болатын еді.
Социалистік революцияның нәтижесінде буржуазия-
ның мемлекеттік аппараты талқандалды да, жұмысшы 
таптың саяси үстемдігі орнады. Қанаушылардың қар-
сылығы басып-жаншылды, қанаудың негізі болып  табы-
латын жекеменшік жойылды. К. Маркс пен Ф. Энгельс 
саяси билік пен үстемдікті қолға алу үшін жұмысшы табы 
өз саяси партиясын құру керектігін атап көрсетті.
ХIХ—ХХ ғасырлар тоғысында марксизм боль ше-
визмнің тәжірибесі негізінде айтарлықтай жаңаланды. 
К. Маркс пен Ф. Энгельс Батыс Еуропа тәжі рибесін есепке 
ала отырып, социалистік революция бастапқыда экономи-
касы дамыған елдерде жеңеді деп түйіндеген еді. В. И. Ле-
нин революцияның артта қалған индустриалы-аграрлы 
елдерде, соның ішінде, Ресейде жеңуі мүмкін екендігі 
туралы қорытынды шығарды.
Милитаризм және қарудың жаңа түрлері. Ұлы дер- 
жавалардың қарсыластығы, олардың империялық шам-
дануы Еуропада милитаристік жағдайды күшейтті. 
Милитаризм әскери шығындарды және әскер санын арт-
тырып, соғыс техникаларының дамуына мүмкіндіктер 
ашты. 1881—1914 жылдары Еуропа әскерінің саны екі 
есеге артты. Болат қорытудың жаңа тәсілдері артил-
лериялық қаруларды, қуатты соғыс кемелерін, танкілерді, 
оқатарларды, оқпанды мылтықтарды өндіруде жол ашты. 
Соның нәтижесінде американдық Максим Х. Стивенс 
(1884 ж.) жасаған алғашқы оқатарлар пайда болды.

7
Солдаттар мен әскери техникаларды тасымалдау қа-
жеттігі теміржол құрылысын қарқынды дамытты. Мили-
таризациялау “әскерде қызмет ету — әркімнің міндеті” де-
ген қоғамдық көзқарастан алыстап, “жастардың қасиетті 
борышы” деген пікірді қалып тастырды. Халық әскери 
киім киген адамға құрметпен қарады.
Пацифизм. Еуропа қоғамының бүкіл жіктері мили-
таристердің жақтастары болған жоқ. Ұлыбритания, АҚШ 
және басқа да елдерде соғысқа қарсы пацифистердің 
(лат.  pacificus — татуластыру) қозғалысы қалыптасты. 
Пацифистер соғыс атаулыға түбегейлі қарсы шықты. 
ХIХ ғасырдың 80-жылдарының соңы мен 90-жылдары-
ның басында пацифистік қозғалыс кеңінен қанат жайды.
Ұлтшылдық. Нәсілшілдік. Ұлтшылдық ХХ ғасырдың 
саяси ағымына айналды. Ұлттық мемлекеттердің ор-
нығуы негізгі ұлттың маңызын арттырды. Ұлтшылдық 
өз ұлтының басқа ұлттан артықшылығын айқындады. 
Ұлыдержавалық ұлтшылдық саны аз ұлыстардың, аз­
шылық ұлттардың мүдделеріне қысым жасауға барды. 
Еуропадағы ұлттық төзбеушіліктің бір түрі — антисеми-
тизм (еврейлерге дұшпандықпен қарау) еді. ХIХ—ХХ 
ғасырлар тоғысында антисемитизм қуатты саяси әдіске 
айналды. Бірқатар мемлекеттер еврейлердің қарапайым 
құқықтарын мойындаудан бас тартты.
ХIХ ғасырдың соңында Еуропа шегінен тыс еуропалық 
үстемдіктің нақты көрінісі ретіндегі империализм термині 
пайда болды. Империализм (лат. imperium — билік, бас-
қару) бөтен аумақты жаулап алу деген сөз.
Азия елдері. ХХ ғасырдың басында — Қытай, Осман 
империясы (Түркия), Иран, Ауғанстан капиталистік 
державалардың жартылай отарына айналды.
Жапония. 1867—1868 жылдары болған Мэйдзи төң-
керісі, 1870—1880 жылдардағы реформалар Жапонияда 
капитализмнің дамуына жол ашып, оның әлеуметтік 
және саяси өзгерісіне ықпал етті. Капиталистік негіздің 
қалыптасуы Жапония қоғамының жаңғыруына (модер-
низация) алып келді. Жапония батыс елдерінің мәде-
ниеті мен техникалық жетістіктерін өздерінің ұлттық 
ерекшеліктеріне бейімдеп, пайдалана білді.

8
Елдегі капиталистік қатынастардың дамуы мен сырт-
қы саясаттағы экспансиялық өзгерістер Жапонияны 
ірі капиталистік елдердің қатарына қосты. Бұл беталыс 
Жа понияны Еуропа мен Америка мемлекеттерінің отар-
шылдық саясатынан сақтап қалды.
ХХ ғасырдың басында дүниежүзін бөлісу аяқталды. 
Сөйтіп, империализмнің отарлық жүйесі біржола қалып-
тасты. Бұл жүйенің құрамына егемендігінен толық 
айырылған отар  елдер және өздерінің дәстүрлі басқару 
құрылымдарын сөз жүзінде сақтағанымен, іс жүзінде 
қаржысы мен экономикасы жағынан империалистік мем-
лекеттерге тәуелді — жартылай отар елдер кірді. Жарты-
лай отар елдер қа тарына Қытай, Түркия, Иран, Ауғанстан 
сияқты бір топ елдер жатты.
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың ба-
сында доминион отарларға Англия жұртшылығы көптеп 
қоныс аудара бастады. Доминион отарларының өзін-өзі 
басқаруға құқығы болды. Олардың қатарына Канада, Жаңа 
Зеландия, Аустралия және Оңтүстік Африка Одағы кірді.
Отарлық үстемдіктің тағы бір түрі протекторат болды. 
Протекторлық (лат. protector — қамқоршы) дегеніміз — 
басқарушы мемлекеттің бағынышты елге сыртқы саяса-
тын бақылау арқылы отаршылдық үстемдігін жүргізуі.
Капиталистік мемлекеттер өздерінің империалистік 
мүдделері түйіскен өңірлерде ықпал аймақтарын бөлуге 
тырысты.
Еуропалық үстемдіктің түпнегізі. Батыс Еуропа 
аумағындағы өркениетті елдерде жаңа буржуазиялық 
қатынастар пайда болды. Бұл қатынастар қарқынды 
қалыптасып, тұрақтала бастады. Капиталистік қаты-
настардың барысында жекеменшікті иелену құқығы 
мен жаңа техниканың қарқынды дамуына мүмкіндік 
туды. Мұндай құқық жеке адамның талаптануына, өз 
бетімен тіршілік жасауына ашық бастама болды. Өрке-
ниетті құрылымда еңбек жоғары бағаланып, әсіресе 
экономикалық мүдде ең биік, ең қасиетті екені мойын-
далды.
Ұлттық  сана-сезім мен  азаттық  қозғалыстарының 
өсуі. Ұлттық мәселе капитализммен бірге, буржуазиялық 
ұлттардың қалыптасу кезеңінде пайда болды.

9
ХХ ғасырда ұлтшылдық Еуропадағы мемлекеттік 
құрылыстың басты элементіне айналды. Ұлтшылдық 
бірыңғай мемлекеттер аясындағы этностардың барлық 
бөліктерінің шоғырланған белгісі болды.
Азия мен Африканың көпшілік елдерінде ұлттық 
пролетариат ұлттық буржуазиядан бұрын шетелдік 
кәсіпорындарда қалыптаса бастады. Сондай-ақ отарларда 
ұлттық буржуазия әлсіз, бағынышты жағдайда болды.
ХХ ғасырдың басында Шығыс елдерінің халықтары 
империалистік езгіге қарсы күресте Батыс елдерінің про-
летариатымен одақтас ретінде бас көтерді.
Әскери одақтардың құрылуы. Германияның бірігуі 
нәтижесінде Герман империясының құрылуы (1871 ж.) 
осындай үдерістердің Италияда болу мүмкіндігін ай-
қындады. Еуропаның саяси картасы өзгерді. Бұлар бас-
қалардың байлықтарына көз тікті. Бұл жағдай әсіресе 
Еуропадағы халықаралық қатынастарды жаңғыртты.
Ресей мен Францияға қарсы күресу мақсатымен 
Герман мәмілегерлері Австро-Венгриямен одақ құрды 
(1879 ж.). Содан кейін Австро-Венгрия, Италия, Германия 
мемлекеттері Үштік одаққа (1882 ж.) бірігіп, жаңа соғыс 
блогының құрылуына жол ашты.
Франция Үштік одақтан сескеніп, өзін қолдайтын 
жақтастарды Ресей жағынан іздеді. Таяу және Қиыр 
Шығыстағы қайшылықтарды реттеп алғаннан кейін 
1893 жылы Франция-Ресей одағы құрылды.
1904 жылғы Марокко дағдарысы Франция мен Ұлыбри-
танияның жақындасуын тездетті.
Ағылшын-орыс келісімі және Үштік одақ пен Ан-
тантаның құрылуы. Халықаралық қайшылықтардың 
шиеленісуі Ағылшын-француз одағын нығайту мәселесін 
көтерді.
Германияның қауіпті қарсылас екендігін ескере оты-
рып, Ұлыбритания Ресеймен жақындасудың нәтижесінде 
1907 жылы 31 тамызда ағылшын-орыс келісіміне қол 
қойды.
Ағылшын-орыс келісімі Антанта одағының құры-
луымен аяқталды. Ұлыбританияның Франциямен және 
Ресеймен жасаған келісімі Германияға қарсы соғысты 
әзірлеудегі маңызды кезең болды.

10
Бірінші Балқан соғысы. Осман империясының ыдыра-
уы одан әрі тереңдей түсті. ХХ ғасырдың басында Түркия 
екі соғысты басынан өткерді. 1911 жылы 29 қыркүйектегі 
Италия-Түркия соғысы Балқан түбегіндегі әлеуметтік 
және ұлттық қайшылықтарды одан әрі шиеленістірді. 
Ресей, Ұлыбритания және Франция елдерінің ара түсуімен 
Болгария, Сербия және Грекия мемлекеттерінің бірлескен 
одағы құрылып, көп жылдар бойы Түркияның үстемдігіне 
қараған Македонияны өзара бөлісуді көздеді. 
1912 жылы қазан айында Бірінші Балқан соғысы бас-
талды. Болгария армиясы түрік әскерін қиратып, Кон-
стантинопольге жақындады. 1912 жылы 28 қарашада 
Албания тәуелсіздігін жариялады. Түркия жеңілгенін 
мойындап, 1913 жылы 21 сәуірде уақытша келісімге, ал 
30 мамырда Лондон бітіміне қол қойды. Бұл келісім бо-
йынша Түркияның Еуропадағы иеліктері түгелімен Бол-
гария еліне берілетін болды. Түркияның иелігінде Стамбұл 
маңындағы аздаған жер сақталып қалды.
Екінші  Балқан  соғысы. Бірінші Балқан соғысы өңір-
дегі күштердің арасалмағын өзгертті.
Австро-Венгрия мен Германияға сүйенген Болгария 
1913 жылы 29 маусымда Сербия мен Грекияға соғыс жа-
риялады. Осылайша Екінші Балқан соғысы басталды.
Болгария бұл соғыста жеңіліс тауып, жерінен айырыл-
ды. Түркия әскерлері Адриа нополь қаласын басып алды. 
Мұндай жағдайда Ресей Болгарияны тәуелсіз мемлекет 
ретінде сақтап қалуға  тыры сып, Түркиямен бітімге келді.
1913 жылы 10 тамызда Бухарест қаласында Ресей-
Болгария арасында келісімшартқа қол қойылды. Сербия 
Македонияның бір бөлігін және Болгарияға тиісті Маке-
дония жерін алды. Оңтүстік Македония мен Фракияның 
бір бөлігін Грекия иеленді. Адрианополь қаласы Түркияға 
қайтарылды. Румыния Оңтүстік Добруджа жерін басып 
алды. Сөйтіп, Балқан түбегінің жартысы қайта бөл-
шектенді. Балқан түбегі елдерінің арасында алауыздық 
орнап, саяси тұрақсыздық қалыптасты. Сөйтіп, ол Еуро-
паның “жарылғыш қоймасына” айналды.

11
Бірінші  бөлім.  Еуропа  жәнЕ  амЕрика  ЕлдЕрі  
(1914—1939 жж.)
§ 1. БіріНШі  ДҮНИЕЖҮЗіЛіК  СОҒЫС
Соғыстың шығу себептері мен мақсаты. Бірінші 
дүниежүзілік соғыс ірі капиталистік мемлекеттердің 
арасындағы қайшылықтардың шиеленісуінен туындады. 
ХХ ғасырдың басында ірі еуропалық елдердің арасындағы 
империалистік қайшылықтар бір-бірімен ымыраға келмес 
екі ірі әскери одақтың құрылуына алып келді. Германия
Австро-Венгрия және Италия одағына қарсы 1907 жылы 
Ұлыбритания, Франция және Ресей мемлекеттері Антан-
та одағын құрды.
Одан бұрынырақ 1882 жылы Германия,  Австро-Вен-
грия  және  Италия  елдері  арасында  Үштік  одақ  әскери 
бірлестігі  ұйымдасқан  болатын.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениетін дағ-
дарысқа ұшыратты. Iрі монополистік капитал топтарының 
арасындағы экономикалық қайшылықтар мемлекетара-
лық қайшылықтарды шиеленістіріп, соғыстың себепте- 
рін туындатты. Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен 
Германия арасында болды. Бұл Франция — Германия, 
Германия — Ресей, Австро-Венгрия — Ресей арасындағы 
қайшы лықтардың да елеулі әсері еді.
Соғыстың себептері оның негізгі мақсаттарын ай-
қындады. Ұлыбритания мен Франция Германияның 
Африкадағы отарларын және Таяу Шығыстағы Осман 
империясының жерін басып алуды көздеді.
Орыс капитализмі Түркияға, Балқанға Германия ық-
палының күшеюіне жол  бергісі келмеді. Патшалы Ресей 
жеңе қалған жағдайда Стамбұлды, Қара теңіз бұғаздарын, 
Галиция өңірін және Неман өзенінің бойындағы жерді 
өзіне қаратып алуды мақсат етті.
Австро-Венгрия үкіметі Сербияны басып алып, бүкіл 
Балқан түбегінде және Адриат теңізінде өз үстемдігін 
орнатуға тырысты.
Германияның қалағаны дүниежүзін өзінің пайдасы-
на қайта бөлісу, Еуропа мен Таяу Шығыстың көптеген 

12
бөлігін бағындырып алу болды. Сонымен қатар неміс 
капиталистері Балтық бойын, Қырым, Кавказ, Азов теңізі, 
Дон өңірлерін бағындыруды көздеді.
1914—1918 жылдардағы соғыс империалистік, бас-
қыншылық, екі жақтан да әділетсіз соғыс еді. Сербия 
тарапынан ғана бұл соғыс өзінің тәуелсіздігін қорғау жо-
лындағы ұлт-азаттық күрес болды.
1914 жылы 28 маусымда Австро-Венгрия тағының 
мұрагері, эрцгерцог Франц Фердинанд Сараево қаласында 
қаза тапты. Осыған орай Германия императорының соғыс-
қа итермелеуімен Австро-Венгрия 23 шілдеде Сербияға 
ультиматум жіберді. Оның жауабын күтпей осы жылы 
28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға соғыс жариялады. 
Ресей үкіметі дереу жұмылдыру жұмыстарын бастады. 
Орыс армиясындағы мұндай әрекетке жауап ретінде та-
мыз айының басында Германия Ресейге, Францияға қарсы 
соғыс ашты. Ал Ұлыбритания, Жапония Германияға қар-
сы соғыс жариялады. Сөйтіп, Бірінші дүниежүзілік соғыс 
басталып кетті.
1914—1916 жылдардағы соғыс қимылдары. 1914 жы-
лы 4 тамызда неміс әскерлері “Шлиффен жоспары” бо-
йынша Бельгия арқылы Францияның жеріне баса-көктеп 
кірді. Франция мен Ұлыбритания әскерлері немістердің 
басым күшіне төтеп бере алмай, шегінуге мәжбүр болды.
Неміс әскерлері Париж маңына жақындап келіп, 
40 шақырым қашықтықта тоқтады. Француз үкіметі Па-
рижден Бордо қаласына көшті.
Францияға көмек көрсету мақсатымен орыстың екі 
армиясы тамыздың ортасында Шығыс Пруссияға басып 
кірді. Шығыс Пруссияға Батыстан қосымша әскер кел-
геннен кейін немістер орыс әскерін қоршап алып, қатты 
соққы берді.
Бұл кезде Батыс майданда Марна өзенінің бойында 
қырғын шайқастар өтіп жатты. Марна шайқасы Бірінші 
дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ең ірі шайқастардың 
бірі болды. Бұл шайқасқа екі жақтан 7 мыңнан астам 
зеңбірек қолданылып, 2 млн-нан астам жауынгер қатысты. 
9 қыркүйекте немістердің шабуылы әлсіреп, қарқыны 
бәсеңдей бастады. 1914 жылдың соңында Солтүстік те-
ңізден Швейцария шекарасына дейін созылған Батыс 

13
майданы қалыптасты. Солдаттар бірнеше жүз шақырымға 
созылған орлар қазды. Бұған дейінгі соғыс маневрлі соғыс 
болатын. Iрі әскери күштер үнемі жылжып, ауысып отыр-
ды. Ендігі соғыс позициялық сипат алды.
Теңіздегі шайқастар барысында ағылшын теңіз флоты 
Германияның солтүстік жағалауын күзетке алып, неміс 
теңіз флотының еркін әрекет жасауына тежеу салды. Екі 
жақтың да сүңгуір қайықтарының әрекеті күшейе түсті. 
Соғыстың алғашқы кезеңінде Антанта одағының теңіздегі 
соғыс күштерінің басымдығы байқалды.
1914 жылғы шайқастар Антанта одағының артық-
шылығын айқындап берді. Германия әскерлері Марна 
алқабындағы шайқаста сәтсіздікке ұшыраса, Австро-
Венгрия әскерлері Галиция мен Сербиядағы ұрыстарда 
жеңіліп қалды. Кавказ майданындағы шайқастарда Ресей 
әскерлері түріктерді талқандап, кері шегіндірді. Сөйтіп, 
Германия империализмінің “қауырт соғыс” жоспары іске 
аспай, тығырыққа тірелді де, соғыс ұзаққа созылды.
Үштік одаққа жақтас Италия соғыстың барысында 
Антанта елдерімен жақындасып, 1915 жылы мамырда 
Австро-Венгрияға соғыс жариялады. Италияның Герма-
ния жауларының жағына шығуы Антантаны біршама 
күшейтті.
“Шлиффен жоспары” бойынша неміс әскерлерінің Бельгия мен 
Францияға қарсы әрекеті

14
1915 жылы 22 сәуірде Германия Ипр қаласында алғаш 
рет химиялық қару қолданды. Бірақ ең басты соғыс 
қимылдары Шығыс майданда жүріп жатты. 2 мамыр-
да басталған немістер шабуылы 5 айға созылды. Орыс 
әскерлері Галицияны, Буковинаны, Польшаны, Литваны, 
Латвияның бір бөлігін тастап, шегінуге мәжбүр болды.
1915 жылғы көктем және жаз айларында Батыс майдан 
шептерінде ірі шайқастар болды. 1915 жылы ағылшын-
француз әскери тобының ең ірі соғыс  әрекеті Мәрмәр 
теңізі мен Дарданелл бұғазын басып алуға бағытталды. 
150 мың әскері оққа ұшқаннан  кейін  Антанта  жағы  
қайта  шабуыл ға шығуға шамасы келмей, соғыс әрекетін 
тоқтатты.
Германия армиясының Шығыс майдандағы жеңісте-
рінен кейін 1915 жылғы қазанда Болгария Антантаға 
қарсы соғыс жариялады. Сөйтіп, Германия, Австро-Вен-
грия, Түркия және Болгариядан тұратын Төрттік  одақ 
құрылды. 
1916 жылы соғыс қимылдары Батыс майданға  ауысты. 
Ақпан айында Германия армиясы Францияға қарсы — Вер-
ден қамалына шабуыл бастады. Бұл қанды шайқас тарихқа 
Верден қырғыны деген атпен енді. Жаудың қарсылығын 
жеңу үшін немістер оқ-дәріні аяған жоқ. Верден бекінісіне 
2 млн снаряд атқыланды. Селолар жермен-жексен болды. 
Жайқалған жасыл ағаштардың орнында қара күйік ағаш 
діңдері мен бұтақтар ғана қалды. 
Әлсіреген, шаршаған, зеңбірек гүрсілінен запы болған 
француз солдаттары Верден түбіне қарай шегіне берді. 
Зеңбірек гүрсілі Париж көшелерінде естіле бастады.
Верден түбіндегі ұрыс кезінде Франция Ресейден 
көмек сұрады. Генерал А. А. Брусилов бастаған орыс 
армиясы 450 шақырымға созылған майданда шабуылға 
шығып, Австро-Венгрия әскерін талқандап, Галиция мен 
Буковинаны қайтарып алды. Неміс әскері негізгі күшін 
Шығысқа жұмсап, Верден түбіндегі  шабуылын  бәсеңдету-
ге мәжбүр болды. Немістердің Верденге шабуылын  әлсіре-
ту үшін ағылшын-француз әскері Сомма өзенінің бойында 
шабуылға шықты. 1916 жылдың шілдесі мен қараша 
айларының аралығында жүрген Сомма шайқасы екі 
жақты да орасан шығынға ұшыратты. Сомма  шайқасында  

15
ағылшындар  мен  француздар  тарихта  тұңғыш  рет  
танкілерді  қолданды.
1914—1916 жылдардағы соғыс қимылдарының бары-
сында Төрттік одақтың әлсіздігі байқалды. 1916 жылғы 
шайқастарда да Антанта одағының басымдығы анықтал-
ды. Жыл қорытындысы Германияның экономикасы мен 
соғыс күштерінің әлсірей бастағанын көрсетті. Бірақ соғыс 
қимылдары қатыгездікпен өрши берді.
Соғысушы елдерде әлеуметтік­экономикалық және  
саяси дағдарыстың пісіп­жетілуі. Соғыстың тағдыры 
қанды майданға ғана емес, тылға да тәуелді болды. “Со-
ғыс ұзаққа созылмайды, тез арада бітеді” деген болжам 
ақталмады. Бейбіт кезде жиналған қару-жарақ пен 
азық-түлік қоры  тез сарқылды. 1915 жылдың басында  
державалардың барлығы да өз армияларын жабдықтауда 
қиыншылыққа тап болды. Экономиканы жаңартып, 
әскери өндіріс салаларын күшейту қажеттігі айқындалды.  
Барлық елдерде  қатаң тәртіп енгізіліп, өнімді, шикізат пен 
жұмыс күшін бөлуді мемлекет өз қолына алды. Жағдайды 
же ңілдету  үшін соғысушы елдерде жалпыға бірдей еңбек 
міндеткерлігі енгізілді. Мысалы, Германияда 17-ден 
70 жасқа дейінгі барлық ер адам еңбек етуге міндеттелді. 
1916 жыл. Генерал А. А. Брусилов басқарған орыс әскерлерінің 
шабуылға  шығуы

16
Фабрикалар мен зауыттарда әйелдер мен жасөспірімдердің 
еңбегі кеңінен пайдаланылды. Әуелі Германияда, содан 
соң басқа елдерде азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын 
шектеп беру тәртібі енгізілді. Бұлар халыққа арнаулы 
карточкалар бойынша ғана сатылды. Азық-түлік қорын 
үнемдеу мақсатында Германия үкіметі картоп пен дәнді 
дақылдарды үй жануарларына беруге тыйым салды. 
Жұмысшылардың отбасылары ашықты.
Шаруалардың да жағдайы нашарлады. Ер адамдардың 
көпшілігінің майданға алынуы жұмыс күшінен айырды. 
Мыңдаған адам майданнан қашып, босқындардың саны 
өсті.
АҚШ­тың 1917 жылғы соғысқа кірісуі. АҚШ капи-
талистері белгілі бір кезеңге дейін соғысқа кіріспей, кідіре 
тұруды дұрыс көрді. Соғыс кезінде олар орасан зор пайда 
тапты. Бірақ АҚШ үкіметі дүниежүзіне Германияның 
үстемдік орнатуын қаламады.
1917 жылдан бастап Германия соғысушы мемле-
кеттермен қатар, бейтарап елдердің сауда және жолау-
шы кемелерін суға батыратындығын хабарлады. АҚШ 
1917 жылғы 6 сәуірде осы мәлімдемеге қарсы Германияға 
соғыс жариялады. Келесі жылдың басында Батыс Еуропа 
майдандарында 2 млн-нан астам АҚШ солдаттары соғыс-
ты. АҚШ-тың соғысқа қосылуы Антанта блогын күшейтіп, 
жеңіс қай жақта болатынын біржолата айқындады.
Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Соғыс­
тың аяқталуы. 1918 жылғы наурыз — шілде айларындағы 
неміс шабуылдары сәтсіз болды. 
АҚШ-тың әскери көмегіне сүйенген Англия мен Фран-
ция 1918 жылы тамыз айында Аррас маңында шабуылға 
шықты. Бір күннің ішінде Антанта әскерлері немістердің 
майдан шебін бұзып, 16 дивизиясын талқандап, ірі табыс-
қа жетті. Осы кезден бастап Антанта одағының жаппай 
шабуылы жалғасты. Неміс әскерлері шегінуге мәжбүр 
болды. 1918 жылдың қыркүйек айынан бастап Болгария — 
Түркия — Австро-Венгрия мемлекеттері уақытша бітімге 
қол қойып, жеңілгендіктерін мойындады. 1918 жылы 
11 қарашада Компьен орманында Германия мен Антанта 
мемлекеттері арасында уақытша бітімге қол қойылды. 
Соғыс қимылдары тоқтатылды. Бірінші дүниежүзілік 
соғыс аяқталды. 

17
Соғыстың қорытындылары. Бірінші дүниежүзілік со-
ғыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға бол-
ды. Ауқымы жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының 
өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет 
қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарына 74 млн адам 
шақырылды. 
Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қол-
данылды. Танкілер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс 
бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және 
адам шығындары болды. Соғыс тудырған революциялар 
дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерндер, 
Осман империялары қирады, отаршыл державалардың 
тірегі әлсірей бастады. Тарихи аренаға Кеңестік Ресей, 
Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия, 
Балтық жағалауы аймағындағы жаңадан құрылған жас  
мемлекеттер шықты.
Сұрақтар  мен  тапсырмалар
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері қандай? Соғыс 
қимылдарының барысын картадан көрсетіңдер.
2.  Соғыс жылдарындағы ең ірі шайқастарды атаңдар. 
3.  “Шлиффен жоспарын” немістер неге жүзеге асыра алмай қалды? Со­
ғыс барысында Антанта одағы қай кезден бастап басымдылыққа ие 
болды?


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал