1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси мінез-қҧлық пен саяси қатысу – тҥсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі



Pdf көрінісі
бет92/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126
Саяси мінез-қҧлық пен саяси қатысу – тҥсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі. 
ХХ 
ғасырдың басында әлемде мінез-қҧлыққа кӛңіл бӛлу ӛзінің маңыздылығын кҥшейте тҥсті. Бҧл, 
саясаттанудың саясат пен саяси қатынастарды жеке адам мен топтар мінез-қҧлқы арқылы 
арқылы зерттейтін бихевиористік (bechavior – мінез-қҧлық деген ағылшынсӛзінен шыққан)
бағытын қалыптастырды. Бихевиоризмнің кейбір идеяларын алғаш рет саяси ғылымдарға 
Артур Бентли (1870-1957жж.) «Басқару процесі» (1908ж.) атты кітабында ендірді. Бҧл бағыт 
саяси психологияның негізгі принциптеріне сҥйенетін, саяси мінез-қҧлықтың қырларын аша 
тҥсінетін ілім болып табылады. Бихевиоризмнің негізгі ҧстанымы, саясаттану нақты ғылыми, 
эмпирикалық әдістер кӛмегімен тікелей бақыланатын адамдардың саяси мінез-қҧлқын зерттеуі 
тиіс. Саясаттанудағы бҧл тҧрғының негізгі парадигмалары мыналар: 
- саясатты тҧрғалық ӛлшеу; 
- саяси мінез-қҧлықтағы психологиялық мотивтің ҥстемдігі; 
-фактілер мен қҧндылықтарды бӛлу, ғылымды қҧндылықтық талқылаудан ажырату; 
- саясаттануда басқа ғылымдардың әдістері мен жетістіктерін пайдалану.
Саяси мiнез-қҧлықтар iшiндегi ерекше мәндiлерi мыналар: 

реакция, адамдардың саясаттағы әрекеттерi сыртқы ықпалдарға жауаптары болып 
табылады, бҧл жағдайда белсендiлiк кӛздерi басқа адамдар мен институттар болады; 

кезеңдермен қатысу, сайлау арқылы билікке ӛкілдерін жіберумен байланысты; 

саяси ҧйымдар, қозғалыстар мен партиялардың қызметтеріне қатысу; 

мемлекет ҧйымдарда саяси қызметтер атқару: әскери, мемлекеттiк басқару, қауiпсiздiк 
сақтау ҧйымдар қызметiне қатысу; 

саяси жиналыстарға қатысу, саяси ақпараттарды жинау және тарату, саяси пiкiр-
сайыстарға қатысу; 

тiкелей әрекет, саяси институттардың қызметі мен ӛзгеруіне саяси қызметтiң митинг, 
демонстрация, тӛңкерiс, аштық, бойкот сияқты формалары арқылы ықпал ету; 


60 

саяси процестер барысына хаттар мен жолдаулар, саяси лидерлер мен мемлекет пен 
саяси ҧйымдар мен қозғалыстар ӛкiлдерiмен кездесу арқылы ықпал ету. 
Әлеуметтiк мақсаттар саясат субъектiлерiнiң iс-қимылдарының мотивтерi (ниеттерi) 
болып келедi. Ал, ол кезегiнде саяси мҥддеге сҥйенедi. Саяси мҥдде – бҧл саяси iс-қимылдың, 
әрекеттiң тҥпкi себебi болып табылады. ӛздерiнiң саяси мҥдделерiн анықтауға тырыспаушылық 
мәселесi ӛтпелi кезеңде кездесетiн қҧбылыс. Бҧл саяси қатысуды тежеп, бҧқараның бiр 
бӛлiгiнде саяси мәдениеттiң тӛменгi деңгейде қалуына әкелiп соқтырады. Қазiргi кезеңде
бҧқаралық сана деңгейiнде әлеуметтiк-саяси мақсаттар азаматтардың саяси қатысуының бiрден-
бiр мотивi болып есептелмейдi. Дегенмен, саяси қатысу мотивтерi: азаматтық борыш, ақпарат, 
келiспеушiлiк пен мақсаты жҥзеге асыру талпынысы болуы мҥмкiн. 
Саяси мiнез-қҧлық сипаты мҥдде мен ниеттемеге (мотивация) ғана тәуелдi емес, оның 
негiзi сыртқы қоздырғыштар да болуы мҥмкiн, мәселен: 

рӛл, бҧл мiнез-қҧлықтың формальды шеңберi, оны саяси әрекетке қатысушы ӛзi ҥшiн 
таңдайды немесе белгiлi бiр жағдайлар итермелейдi

статус, аталған субъектi ҥшiн мҥмкiн, саясатта қолдануға дайын саяси мiнез-қҧлық, 
қызмет моделдерi мен тҥрлерi; 

әлеуметтiк немесе саяси қауымдастыққа ену, соның негiзiнде оның мҥшелерiмен 
белгiлi бiр қатынастар жасауы; 

ҧйым жҧмысына қатысу, саясаттағы рӛлдердi атқару ҥшiн. 
Саясаттануда саяси мiнез-қҧлықты талдаудың тҧрақты дәстҥрi қалыптасқан, ол саяси 
мiнез-қҧлықтың саналы және санадан тыс импулстiк формалары барлығын айтады. Бҧл 
азаматтардың саяси мәдениетi тҥрiне тiкелей тәуелдi. Саяси мәдениет тӛмен болған сайын саяси 
мiнез-қҧлықта кӛңiл-кҥйлiк анық байқалады. Мҧнда кейбiр саяси жетекшiлiр мен ҧйымдар 
халықты саяси манипуляциялау арқылы, ӛз мақсаттарын жҥзеге асыруға пайдаланады.
Кез келген ҧжымдық әрекеттегi сияқты адамдар саяси мiнез-қҧлықта да мына 
тӛмендегiдей топтарға бӛлiнуi мҥмкiн: 

лидерлер, саяси қозғалыстар мен ҧйымдарды басқарушылар. Лидерлік сипат, адамдарға 
ықпал ету тәсiлдер мен iзбасарларды ҧйымдастыру формасы әр тҥрлi болуы мҥмкiн;

белсендiлер, лидерлер мен қолдаушылар арасындағы делдалдар. Олар қозғалысқа 
қатысушыларды ҧйымдастырады, лидерлерді тҧрақты тҥрде жеткен жетiстiктер мен 
қиындықтар туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп отырады, бҧқара мiнез-қҧлқының 
стратегиясы мен тактикасына мәндi ӛзгерiстер ендiредi; 

iзбасарлар, олардың мiнез-қҧлқы белсендiлiк пен қатысудың әр тҥрлi деңгейiмен 
сипатталады. Олар лидерлер ҧсынған мақсаттар мҥдделерге сай деп есептейді, әрі саяси 
қызметке қатысу стимулын нақты бiледi; 

пiкiрлер жетекшiсi, олар қатысушылар мiнез-қҧлқына ҧйым қызметi арқылы ықпал 
етпейдi, олар ӛз интелекттiк қызметiмен ықпал етедi. 
Кейбiр еңбектерді саяси мiнез-қҧлықты саяси иммобильдiлiк, саяси апатия, саяси бойкот, 
аномия, абсентизм сияқты ҧғымдармен байланыстарады. Саяси иммобильдiлiк- адамның саяси 
қатынастан шығуын, қоғамдық даму деңгейiнiң тӛмендiгiмен сипатталынады; саяси апатия- 
саяси жҥйеге жағымсыз қатынас, онымен әрiптесудiң кез келген тҥрiнен бас тарту; саяси 
бойкот- саяси жҥйе мен оның институттарына жауласушылықты ашық бiлдiру; аномия- мiнез-
қҧлықты реттеушi және бағыттаушы норманың бҧзылуы, жойылуы; абсентеизм-
 
халықтың 
саяси ӛмірге немқҧрай, селсоқ қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. 
Кӛпшiлiк саяси процестерде адамдар белгiлi бiр ҧйымның мҥшесi ретiнде ғана қатысып 
қоймайды, кейде кездейсоқ, уақытша қатысулары да мҥмкiн. Бҧндай жағдайда бола отырып 
олар бҧқараның ерекшелiктерiн иеленедi: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет