1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси әлеуметтендiрудiң мәнi



Pdf көрінісі
бет90/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126
Саяси әлеуметтендiрудiң мәнi.
Адам дҥниеге келгеннен саяси сауатты және саяси 
тәжірибелі болып туылмайды. Ол бірте-бірте саяси білім мен тәжірибені жинақтайды. Саяси 
білім мен тәжірибе ҧрпақтан ҧрпаққа сабақтастықпен беріліп отырылады. Мҧндай процесті 
саяси тілде айтқанда саяси әлеуметтену деп атайды.
Саяси әлеуметтендiру кҥрделенуде, ол адамның саяси жҥйемен керi байланысын 
сипаттайды, яғни оның ақпараттарды ӛз бетiнше ӛңдеу қабiлетi мен жеке әрекетiнде тәжiрибенi 
шығармашылықпен 
пайдалауы. 
Сондықтан 
әлеуметтендiру 
ҥшiн 
индивид 
қалай 
қабылдайтындығы ғана емес, ол қабылдаған идеялары негiзiнде қалай әрекет ететiндiгi де 
маңызды болып табылады. Саяси әлеуметтендiруде индивид ӛзiн сайлауда, шешiм қабылдауда, 
саяси тҧлға рӛлiн орындауда қалай ҧстайтындығы да маңызды. Саяси әлеуметтендiру екi жақты 
процесс: 1) саяси жҥйе талаптарының жеке адамның iшкi қҧрылымына белгiлi бiр норма, 
қҧндылықтар т.б. тҥрiнде ӛтуiн тiркейдi; 2) жеке адам бҧл дәстҥр мен кӛзқарастарды таңдап 
игеруi, әрi саяси әрекетiнде, билiкке ықпал етуiнде оларды пайдалануы. Сондықтан қоғамның 
жеке адамның саяси санасына ықпал етуi, сонымен бiрге саяси жҥйенiң саяси әлеуметтендiру 
барысын бақылауы адамның iшкi сенiмiмен, тҥсiнiгiмен шектеледi. 
Саяси әлеуметтендiру проблемасын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдары басталды. Алғаш 
рет әлеуметтену деген категорияны ғылыми айналымға американ ғалымы Ф.Гидденис пен 
француз ғалымы Г.Тард енгізді. Ал, саяси әлеуметтендiрудiң классикалық теориясының негiзiн 
салушы Д.Истон болып табылады. Ол саяси әлеуметтендiру дегенiмiз саясат саласында 
орындау қажет рӛлдермен адамдарды оқыту процесi деп тҧжырымдады. Бҧл теорияны 
жақтаушы ғалымдар (Л.Коэн, Р.Липтон, Т.Парсонс) адамның саяси жҥйемен, оның 
институттарымен ӛзара қарым-қатынастарына ерекше назарларын аударды. 
Кейбiр ғалымдар (М.Хабермас, К.Луман) саяси әлеуметтендiрудi адамның жаңа 
қҧндылықтарды игеруiмен байланыстарды, сӛйтiп бiрiншi кезекке iшкi адамдық сезiм, саяси 
сана пайда болуының психологиялық механизмi шықты. 
Психологиялық талдау бағытының ӛкiлдерi Э.Эриксон, Э.Фромм негiзiнен саяси 
қызметтiң санадан тыс мотивтерiн зерттедi, олардың ойынша саяси әлеуметтендiру адамның 
санасы мен тҥсiнiгiнiң жасырын саясилануы. 
Саяси әлеуметтендіру мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңінен кӛтеріледі. Себебі сол 
кезеңде батыстық саяси жҥйенің негізгі институттары дағдарысқа тҥскен болатын. Қоғамда 


57 
сыбайлас жемқорлық кҥшейді, нәсілдік кемсіту жойылмады, саяси билікке адамдар 
қанағаттанбады. Бҧл билік институттарына сенімсіздікті, саяси абсентеизмді, билікке жаппай 
қарсы шығуды кҥшейтті. ХХ ғасырдың 70 жылдары Батыс Европада соғысқа қарсы
экологиялық, феминистік қозғалыстар кҥшейді. Бҧрынғы қҧндылықтар /жеке табыс, байлық/ ӛз 
мәнін жойды. Мысалы, хиппилер қозғалысы. Ғалымдар осы қҧбылыстардың мәнін ашу ҥшін 
бар кҥштерін салды. Бҧл саяси әлеуметтендіру мәселесінің ӛзектілігін тудырды. 
Сонымен саяси әлеуметтендiру кӛптеген ғалымдардың айтуы бойынша адамның саяси 
кеңiстiкте ӛзiн-ӛзi ҧстауына, белгiлi бiр билiк қызмет атқаруына кӛмектесетiн сала. Саяси 
әлеуметтендiру екi жақты процестi қамтиды: 

жеке адамның белгiлi бiр норма, қҧндылық, кҥткен рӛлiн игеруi; 

белгiлi бiр саяси әрекет, мiнез-қҧлық тҥрлерiн қолдануы. 
Саяси әлеуметтену процесі ҥш негізгі мәселені шешуге бағытталады: 

қоғамның жаңа мҥшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін 
жеткізу; 

қоғамның мҥшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және 
шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау

саяси мәдениеттің элементтерін ӛзгерту. 
Д.Истон мен Дж.Деннис саяси әлеуметтендіруді 4 кезеңге бӛледі: 
1.
саясаттану, яғни баланың ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын сезінуі; 
2.
жекелеу, мҧнда бала саяси билікті президент, полицейлер тҧлғасы арқылы жекелеп 
сезінеді; 
3.
дәріптеу, яғни саяси қайраткерге тек жақсы қасиеттерді тану; 
4.
институттандыру, саяси билікті жеке тҧлғалар арқылы емес, саяси институттар арқылы 
(партия, сот, парламент, әскер т.б.) қабылдау. 
Әлеуметтенудiң мәнi– адамның белгiлi бiр бiлiм жҥйесiн, қҧндылықтары мен 
заңдылықтарын меңгерiп, қоғамның толыққанды және тең қҧқылы мҥшесi ретiнде қызмет 
атқаруы. 
Саяси әлеуметтену саясаттануда бiрнеше анықтамаларға ие, мәселен: 

саяси әлеуметтендiру– бҧл индивидтi саяси жҥйеге ендiру;

саяси әлеуметтендiру– бҧл тҧлғаның қоғамда жинақталған әлеуметтiк және саяси 
тәжiрибесiн бойына сiңiруi, сондай-ақ мәдени әдет-ғҧрыптар, топтың және жалпыҧжымдық 
қҧндылықтар, саяси iс-әрекеттiң статустық және рӛлдiк нормаларын меңгеруi;

Саяси әлеуметтендiру– бҧл белгiлi бiр қоғам мҥшесi ретiнде адамның интеграциялануы 
мен игеруi арқылы жҥретiн процесс, яғни қоғамға тән саяси мәдениеттiң негiзгi элементтерiн 
меңгеру процесi.
Саяси әлеуметтендiру тҥсiнiгiн екi негiзгi мағынада тҥсiндiруге болады: 
1) жеке адамның саяси пiсiп жетiлуi, оның саяси ”Менiнiң” қалыптасуы;
2) саяси кӛзқарастар, идеялар қҧндылықтар процесiн бiр ҧрпақтан келесi ҧрпаққа, бiр 
әлеуметтiк топтан және қауымдастықтан келесi бiр әлеуметтiк топ пен қауымдастыққа беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет