1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi



Pdf көрінісі
бет88/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126
Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi.
Егемендiк алған сәтте Қазақстанның 
дамуына барлық қажеттi алғышарт бар сияқты кӛрiндi. Атап айтқанда, негiзiнен шикiзаттық 
сипатта болса да республиканың жеткiлiктi дамыған индустриялдық базасы бар едi. Екiншiден, 
Қазақстан халқының жоғарғы бiлiм денгейi, тiптi дамыған Батыс елдерiнен олқы тҥспейтiн.
Демек, сол уақытта Қазақстанның экономикалық және саяси жҥйесiн реформалаудың халықтық 
азаматтық белсендiлiгiнiң кӛтерiлуiне ықпал ететiнi жӛнiнде ешбiр кҥмән болған жоқ.
Нәтижесiнде саяси мәдениеттiң демократиялық ҥлгiсiнiң қалыптасуынан ҥмiттенуге болатын 
едi. 
Алайда, ақиқатында, Қазақстанның саяси мәдениетi басқа бағытта дамыды, 
республиканың саяси мәдениетi ендi тоталитарлық ҥлгiге жатпайды. Қазiр Қазақстанда да, 
бҧрынғы кеңес республикаларының қай-қайсысында да коммунистiк режим тҧсындағымен 
салыстырғанда мақҧлдаушылық саяси мәдениеттi ҧстанушылардың мҥлдем аз екендiгiн кесiп 
айтуға болады. Алайда кеңестiк кезеңнен кейiнгi Қазақстанның саяси мәдениетiнде 
мақҧлдаушылар ҥлесiнiң азаюы, олардағы белсендiлер санының кҥрт ӛсуiне әкелген жоқ. lс 
жҥзiнде патриархалдардың ҥлесi айтарлықтай ҧлғайды.
Ӛтпелi кезең басталғаннан берi (тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәттен басталады) бiздiң 
мемлекетiмiз нарықты қатынастар мен қоғамды демократияландыру жолына тҥскен болатын. 
Бҧл дегенiңiз саяси мәдениеттiң демократиялық типiн таңдап алу деген сӛз. Оған бiршама 
негiздер болатын: халықтың сауаттылығының жоғарылығы, кӛптеген қалалардың 
индустриялануы, кен байлығының молдығы, халықтар достығы дәстҥрi, кӛп мемлекеттермен 
қарым-қатынас жасауға ашықтық және т.б. Бiрақ шын мәнiнде, саяси мәдениеттiң дамуы 
Қазақстан ҥшiн (барлық ТМД-i елдерiндегiдей) кҥрделi қҧрылымға ие болды. Кеңестiк режимде 
мақҧлдаушылар қҧрамында жҥрген азаматтардың бiр бӛлiгi ғана жаңа демократиялық 
қҧндылықтарды жақтаушы белсендiлердiң қатарына кӛштi де, халықтың бiршама бӛлiгi 
патриархалды типтегi саяси мәдениеттi қолданушыларға айналды. Бҧл жағдай кездейсоқ 
қалыптасқан жоқ болатын. Ӛйткенi, социалистiк дамудың принциптерi этникалық-мәдени 
дамудың маңыздылығы бар қҧндылықтарына терең мән бермей келген болатын. Мiне, сол 
жҥзеге аспаған мҥмкiндiктер мен мҥдделер ӛз уақыты келгенде әлеуметтiк кеңiстiкке босап 
шығып отыр. Ендi тек сол қайшылықтардың тиiмдi шешiмiн тауып қана алға жылжудың ретi 
келедi. Сырт қарағанда артқа кету болып кӛрiнгенмен бҧл процестердiң де заңды негiздерi бар.
Саяси мәдениеттiң қҧрылымындағы патриархалданудың элементтерi тек қазiргi 
Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресей мемлекетiнде және кӛптеген бҧрынғы Кеңестiк 
республикаларда байқалады. Азаматтардың бҧлай саяси қҧндылықтардан алыстай тҥсуi, 
ӛздерiнiң тҧрмыстық хал-жағдайларын кҥйттеп кетуi саяси жҥйенiң қарапайым халықтан 
оқшаулау тҧруына да байланысты.
Саясаттану ғылымындағы танымал ғалымдардың барлығы дерлiк шығыстық және 
батыстық мәдениетке тән ӛзiндiк ерекшелiктер болатындығын мойындаған. Мәселен, 
кӛпшiлiкке белгiлi қазақстандық ғалымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет