1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



Pdf көрінісі
бет96/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
Д.Истон 
мен А.Конноли
, олар идеологияның кӛңiл-кҥйлiк жағынан гӛрi қҧндылықтық мазмҧнына 
ерекше мән бердi. 
У.Матц
идеология тек кҥрделi саяси дағдарыстар кезiнде ғана саяси аренаға 
шығады деп есептейдi, ал 
А.Хабермас
идеология мен бҧқаралық мәдениет бiр деп санайды. 
Американдық теоретик 
Л.Саджент
идеология саяси дамудың белгiлi бiр мақсаттары мен 
қҧндылықтарын қалыптастырады, сонымен бiр уақытта практикалық мәселелердiң шешiлуiн 
қиындатады деген. 
Г.Лассуэл
идеологияны саяси бiрлестiктердi қандай да бiр қолдауға 
бағытталған коммуникацияның кӛптҥрлiлiгi деп тҥсiндiрдi. Оның ойынша бҧл мағынада ол 
ӛзiне қоғамдық санаға бағытталған мынадай элементтердi қамтиды: саяси доктриналарды, саяси 
формуланы /конституцияның негiзгi ережелерiнiң мазмҧны/ және саяси миранданы /аңыздар, 
мифтер, рәсiмдер т.б./. 
2. Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен тҥрлері. 
Саяси идеология қызмет-терiне 
мыналарды жатады: 
1. қоғамдық сана мен практиканың тарихи формасына ие болу; 
2. санадағы ӛткендi, осы кезеңдi және болашақты бағалауларға ӛзiндiк ӛлшемдерді
ендiруі; 
3. қоғамдық санада ӛзі ҧсынған саяси дамудың мақсаты мен мiндеттерi туралы жағымды 
бейнелердi қалыптастыру. 
Саяси қызметi жағынан саяси идеология қоғамды қандай да бiр әлеуметтiк топ /ҧлттық, 
дiни/ мҥддесі тӛңiрегiнде, немесе мақсатқа жету ҥшін тҧрғындардың белгiлi бiр қабатына арқа 
сҥйемей-ақ /анархизм, фашизм идеологиясы/ топтастыру тырысады. 


64 
Саясаттану оқулықтарында идеологияның мына қызметтері атап кӛрсетілген
:
 
1. танымдық қызметi
, ол арқылы саяси жҥйенi, саяси ӛмiрдi танып бiлемiз; 
2. бағдарламалық қызметi,
ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тҧлға, билiк т.б. туралы 
тҥсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;
3. жұмылдыру, iске тарту қызметi
, жоғары қҧнды идеяларды, мақсат-мҥдделердi 
айқындап, оның жҥзеге асырылуына тҥрткi болу, әлеуметтiк топтарды жҧмылдыру, 
рухтандыру; 
4. амортизациялық қызметi
, саяси iс-әрекеттi тҥсiндiру, әлеуметтiк шиеленiстердi 
бәсеңдету, әлеуметтiк топтарды ортақ мақсатқа тарту; 
5. бағалау қызметi,
халық санасында қоғамның дамуына баға берерлiк жағдай жасайды, 
ҥстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр кӛзқарасты тудырып, 
қалыптастырады.

Саяси идеологияның әрекет ету деңгейi де әртүрлi болып табылады:

теориялық-концептуалды
, белгiлi бiр таптың қҧндылықтары мен идеалдарын ашатын 
немесе қандай да бiр саяси даму мақсатын ҧстанатын басты ережелердi қалыптастыру;

бағдарламалық-саяси, 
әлеуметтiк-философиялық қағидалар мен идеалдар саяси элита 
бағдарламасына, ҧрандары мен талаптарына айналады, сӛйтiп басқарушылық саяси шешiм 
қабылдаудың нормативтiк негiздерi және азаматтардың саяси iс-әрекетiнiң стимулдары 
қалыптасады; 

өзектендiрiлген, 
яғни азаматтардың аталған идеологияның мақсаты мен қағидаларын 
игеруiн, оны саяси iске және әрекетке айналдыру деңгейiн сипаттайды. 
Көптеген батыстық теоретик-саясаткерлер үшiн идеология дегенiмiз: 

әлем туралы ғылыми емес бiлiм
, ол адамдар санасын манипуляциялаудың техникалық 
қҧралдарының немесе саяси насихаттау саласындағы психологиялық техникалардың 
жиынтығы; 

 

жалған сана


қоғамның ҥстемдiк етушi кҥшi мен оған деген кӛзқарастардың 
арасындағы қатынастың қоғамдық негiзiн жоққа шығару, ҥгіт-насихатпен табысу;

тұжырымдар, идеялар жиынтығы, 
қандай да бiр саяси жҥйедегi кӛсемдердiң 
басшылығын ақтау мақсатындағы жеке адамдар мен халықтың қабылдаулары; 

көптүрлілік
,

белгiлi бiр әлеуметтiк топтардың әлеуметтiк бiлiмдерiнiң немесе 
қҧндылықтық бағдарларының әр тҥрлiлiгi. 
Сонымен Батыс әдебиеттерiнде идеология проблемесына 
екi көзқарас 
қалыптасқан: 1) 
идеологияны жалған сана, субъективтi ойлау деп тҥсiну; 2) идеологияның қҧралдық-
қолданбалы жағына ҥлкен мән беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет