1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси модернизация теориялары мен тҥрлері



Pdf көрінісі
бет102/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Саяси модернизация теориялары мен тҥрлері.
Саяси модернизация дегеніміз саяси 
жҥйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің ҥнемі және табысты дамуы, сонымен 
бірге ҥкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру. Демек, 
саяси саладағы модернизация әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру және мемлекет пен саяси 
қатысудың ортақ тетігін табуы тиіс. 
Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен табысқа жету. Мҧнда нарық пен 
азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету міндеті 
қойылады.
Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. 
Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс болып табылады. Бҧл аталған ғалымдардың ҧсынған 
модернизацияның классикалық теориялары мен еңбектері мыналар: 
1
О. Конт, «адамзат дамуындағы ҥш кезең» идеясы; 
2
К. Маркс, «тарихи материализм» теориясы ; 
3
М. Вебер, «рационализация» (ҧтымды ету) теориясы; 
4
Г. Зиммел, «абстракция» теориясы;
5
Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам» туралы теориялар;
6
Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа ӛту» теориясы;
7
Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рӛлін талқылау» идеясы. 
Модернизациялау ҥдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртҥрлі 
тҧжырымдамалары бар. Олар: 1 «модернизация»; 2 «даму»; 3 «артқа қалу»; 4 «тәуелділік».
Демократиялық модернизациялану процесін американдық зерттеуші К. Менгес сатыларға 
бӛліп кӛрсетті;
Біріншісі, дағдарыс пен бҧрынғы режимнің моральды-саяси тӛзуі; 
Екіншісі, әр тҥрлі коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі; 
Ҥшінші, бҧрынғы режіммен қалған кейбір жетекшілер мен ҧйымдардың билікке қайта 
оралуы.
Демократиялық мордернизацияның ӛзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ҧсынды: 
«Халықтың кӛпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны кӛз жҧма кӛшіре салу емес, ӛзіндік 
жолды іздеуге ҧмтылу. Мҧнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы 
демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және 
халықаралық тҧрақтылық».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет