1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Консерватизм және неоконсерватизм



Pdf көрінісі
бет98/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126
Консерватизм және неоконсерватизм.
К
онсервативтiк идеология /консервативус- 
қорғаушы/ ҧлы француз революциясының саяси идеяларына қарама қарсы идея ретiнде дҥниеге 
келдi. Олар монархиялық билiктi, феодалдық қоғамдық қҧрылысты, оның саяси-мәдени 
қҧндылықтарын сақтағысы келдi. Консерватизмнiң негiзгi ӛкiлдерi: Эдмунд Берк, Жозеф де 
Местр, Фридрих Фон Савиньи т.б. Олар ортағасырлық әдет-ғҧрып, дәстҥрлер қоғам ӛмiрiнде 
шешушi рӛл атқарады деп оны қалпына келтiруге тырысты. 
Консерватизмнiң идеялық-саяси 
негiздерi мыналар: 

адамзаттың ежелгi моралдық дәстҥрлерiн сақтауға, ата-бабалардың даналығына 
қҧрметпен қарау; 

мақсаты мен мазмҧнына қарамастан ескi басқару тәртiбiн артық кӛру, оны қорғайтын 
сана жҥйесiн қолдау;


саяси қатысу мен әлеуметтiк тәртiптiң белгiлi бiр бағдарлары мен қағидаларын қолдау; 

қоғамды рухани ақиқаттылық ретiнде тану. Қоғамның негiзгi сипаты тәжiрибе, дәстҥр, 
мәдениет қажеттiлiгiмен анықталынады деп санау.
 
ХlХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында консервативтiк идеологияға ӛзгерiстер 
енгiзiлдi. Ол еркiн нарықтық қатынастар, алуан тҥрлiлiк, саяси демократия принциптерiн 
енгiздi. Сондықтан ХХ ғасырдың 70 жылдарында Батыс Европада 
жаңарған консерватизм
бағыты пайда болды. Ол жеке адамның бостандығын, қҧқықтарын жоғары қойды. Мемлекеттiң 
экономикалық, әлеуметтiк қызметтерi едәуiр шектелдi. Мемлекет меншiгi шектелдi, 
жекешелендiру негiз алды, бҧрынғы билiктегi аристократия артықшылығынан бас тартты. 
Жаңарған консерватизм ӛкiлдерi: Р.Рейган, Д.Буш, М.Тэтчер т.б. Олар жаңа экономикалық 
қҧрылымды, әлеуметтiк-адамгершiлiк қҧндылықтарды либералдық және социолистiк негiзде 
жаңартты. ХХ ғасырдың 80 жылдары консервативтiк партиялар Англия, АҚШ, ГДФ-да жеңiске 
жетiп, билiк басына келдi. 
3. Қазақстандық қоғамды реформалаудың идеологиялық факторлары. 
Соңғы 
жылдары біздің қоғамымызда идеологияғы деген тым жағымсыз қатынас қалыптасты. Жетпіс 
жыл идеология қысымы астында ӛмір сҥрген азаматтарымыз одан шаршағаны сонша, тіпті 
оның атының ӛзі оларға ҧнамсыз болды. Бірақ қоғам идеологиясыз ӛмір сҥре алмайды. 
Идеологиялық вакуум болмайды деген ескі ақиқаттылық дҧрыс болып шықты. Біздің қоғамдық 
санамызда бос орын пайда болған кезде оны либералистік, ҧлттық, діни идеялар толтыра 
бастады.
Соңында адамдар тіпті ешбір рухани бағдарсыз, қҧндылықсыз, идеалсыз қалды,
руханилықтан және әлеуметтен айырылу адам ҥшін ҥлкен қайғы болып табылады. Қоғам 
рухани бағдарсыз адамдарда тҧрса, ол дағдарыстық жағдайға ҧшырайды. Онда адамгершілік 
тӛмендейді, қылмыс кӛбейеді, қалыптастырушылық қызмет мотивациясы, адамдар келісімі 
тӛмендейді. Бҧның кейбір кӛрінісі қазір бізде байқалады.
Әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептері саясат, экономика, техникалық арта 


66 
қалушылықта деп санау заңды сияқты. Дегенмен, кейбір политолог, социолог, философ 
ғалымдар ойынша бҧл дағдарыс тамыры тереңде жатыр, ол кӛрінбейтін адамгершілік 
саласында, кеңірек алсақ санады. Бҧл дағдарыстан шығу ҥшін ортақ идеяны ойлап табу керек, 
оның тӛңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын бірге шешер еді. Бҧл 
идеялар, кӛзқарастар, қҧндылықтар идеология болып табылады.
Сонымен ӛмір тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы ҥшін жаңа 
идеологияны қалыптастыру қажет. Мҧнда мынадай сҧрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы 
Қазақстанда идеология қандай болуы керек? Идеология, билік жҥргізіп отырған саясатпен 
тығыз байланысты болады, бірыңғай саяси-идеологиялық комплексті қҧрайды. Жақында ӛз 
тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмҧнын экономиканы 
кӛтеру, қоғамды демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ҧлттық мәдениетті қайта 
жаңғырту, әлемдік ӛркениетке ену қҧрайды. Саясаттану тілімен айтқанда бҧл Қазақстанда 
әлеуметтік саясат модернизациясын жҥргізу деген мағынаны білдіреді. 
Сондықтан Қазақстандағы жаңа идеология оның әлеуметтік модернизациясының 
идеологиясы болуы керек. Бірақ қысқа уақытта дамыған азаматтық қоғамға жетуге, 
тоталитаризмнен демократияға бірден секіріп ӛту мҥмкін емес. Ол ҥшін ҧзақ ӛтпелі кезең 
керек. Сондықтан қазір елімізге ӛтпелі қоғамның идеологиясы керек. Мҧнда президент 
билігінің басымдылығы, мемлекеттің қоғамды тоталитаризмнен авторитаризмге алып келудегі 
рӛлінің басымдылығы анық байқалады. Мемлекеттің белсенділігі мҧнда сӛзсіз қажеттілік 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет