1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бӛлігі ретінде



Pdf көрінісі
бет79/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бӛлігі ретінде.
Саяси 
мәдениет қҧбылысы саяси зерттеу обьектiсi ретiнде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш рет «саяси
мәдениет» ҧғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгiзген 

ғасырда ӛмiр сҥрген немiстiң 
ағартушы-философы Иоганн Гердер (1744-1803ж.ж.) болып табылады. Бiрақ, бҧдан саяси 
мәдениет туралы оған дейін ешқандай ой-пiкiрлер болмаған деген тҥсiнiк қалыптаспауы тиiс. 
Атап айтсақ, антикалық ойшылдар Платон «Мемлекет», «Заңдар», Аристотель «Саясат» деген
еңбектерiнде, кейiнiрек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бҧл
мәселеге кӛңiл бӛлген. Олар тәрбиеленген дәстҥрі, әлеуметтiк, саяси тәжiрибесі әртҥрлі
адамдардың бiрдей жағдайда сезiнуі, жауап қайтаруы, әрекеті әртҥрлі болатындығын
байқаған. Оның себебiн бiлгiлерi келген, оған жауап iздеген.
Саяси мәдениет тҧжырымдамасын белгiлеп, оның негiзгi пiкiрлерiн жасауға М. Вебер,
Э. Дюргейм, Т. Парсонс сияқты батыстың iрi ғалымдары да ҥлкен ҥлес қосты. Бiрақ,
саясаттану ғылымының ҧғымдық жҥйесiне «саяси мәдениет» ҧғымын американ ғалымдары
Г. Алмонд пен С. Верба

ғасырдың 60-шы жылдары енгiздi. Бҧл кезеңде саяси мәдениеттi
зерттеуге деген қызығушылықтың артуы ҥшiншi әлем елдерiнде, әсiресе Африкада пайда
болған тәуелсiз елдердегi (отарлық езгi қҧлауынан) саяси тәжiрибе ерекшелiктерiне
байланысты болды. 
Г. Алмонд
саяси жҥйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бӛлдi: 1) 
институционалдық,
институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы 
механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2) 
бағдарлық, 
тҧрғындардың саяси обьектiге 
бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бҧл бағдарлар ӛзiне 
танымдық,
кӛңiл-кҥйлiк, 
бағалау
аспектiлерiн қамтиды. Бҧл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси 
мәдениет қҧбылысы сипаттайды.
Жаңа қоғамдық жҥйеге ӛту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей 
байланысты. Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам
анықтамасы бар. 
Бҧл осы тҥсiнiктiң ӛте кҥрделi екендiгiн кӛрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi де 
бар. Олардың бiрiне анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегi белсендiлiк. 
Кейбiр анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бӛлек қаралады. 
Кейде саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бӛлiмi деп қарайды. 
Осы кемшiлiктердi ескере отырып, саяси мәдениетке берiлген анықтамалардың 
бiрнешеуiн талдап кӛрейiк. Поляк саясаттанушысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет