Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары- міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар- тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат- міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сандай-ақ тәрбие жоспарларын бір-бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп қоя салатын сынып жетекшілер көптің қасы.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиын туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.
Тәрбие жоспарының үлгісі 1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен- жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2. Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3. Жаңа оқу жылына сай белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы- сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер, бұқаралық шаралар жатады.
2. Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы- сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмысының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
3. Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу- тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады, өзара әректтері көрсетіледі.
4. Отбасы мен жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналысының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын , шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.
5. Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.
Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар, және пән мұғалімдерімен бірлесе атқаратын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
Апта аралығын көрсету
Негізгі бөлімдер
Тәрбиелік шаралардың мазмұны
Формасы мен тәсілі
Мерзімі, уақыты
Жауапты адамдар
Өтілгені туралы белгі
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру
2. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс
5. Жеке оқушымен жұмыс
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1. Жоспар ұжымдақ еңбектің белгісі. Сондықтан тәәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.
7. Тәрбиелік атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.
8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгісі келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9. Жаспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.