17)Синонимдерді топтастырудың негізгі ұстанымдарын анықтаңыз.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
1.Сөздің дыбысталуында аз да болса,тұлғалық өзгешелігі болуы қажет.
2.Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет.
3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс.
Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп,контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады.Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады.
Егер мағыналарының жуықтығына,мәндестігіне ғана назар аударатын болсақ,әйел,қатын,зайып,жұбай,қосақ сөздерін синонимдер деп тануға тура келеді.Шыңдығында әйел,қатын,зайып «әйел»деген ұғымды білдірсе,жұбай мен қосақ «ерлі-зайыптылардың бір сыңары»деген ұғымға жұмсалады.Осы себепті аталған сөздер екі синонимдік ұяға топтасады.
Синонимдер бір ғана ұғымды білдіреді дегеннен олардың мағынасы нақ бірдей,әр уақытта олардың мағынасы тепе-тең болып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек.
Синонимдерді белгілі бір ұяға топтастыруға жоғарыдағы екі принциптің аса маңызды екендігін мойындай тұра,Ә.Болғанбаев «сөздің сыртқы формасында дыбысталуында аз да болса тұлғалық өзгешелігі болуын»бірінші кезекке қояды.Егер азамат-жігіт,кеңес-ақыл,тез-жылдам синонимдерін өзара салыстырсақ,сыртқы тұлғалары бір-бірінен анық та айқын ажырап тұр.
Бір қатарға топтасқан жеке сөздердің санының әрқилы болуы,әрине,әртүрлі себептерге,қажеттілікке байланысты.Бұл ретте әр сөз табының осы категорияны тудыруға қосатын өзіндік үлесі әрқалай екендігін айтуға болады.
18)Лексикалық мағыналардың түрлеріне тоқталыңыз.
1.Сөздердің шыңдық болмысқа қатысына қарай
2.Сөздердің шығу тегіне қарай
3.Сөздердің тіркесу қабілетіне қарай
4.Сөздердің стилистикалық қызметіңе қарай лексикалық мағыналарды ажырататын негізгі белгі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |