1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


)Сөздердің мағыналық қатынасына қарай жіктелуін көрсетіңіз



бет24/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Байланысты:
лексикология

16)Сөздердің мағыналық қатынасына қарай жіктелуін көрсетіңіз.
Сөз мағынасы зат,құбылыс,әрекет жайында түсінік,ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады.Сөз мағынасы заттық-логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын,әр-түрлі көңіл-күйін,сезімін және грамматикалық сипатын да білдіре алады.
Сөздер мағыналық қатынасқа қарай 2түрге бөлінеді:
1)Лексикалық мағына
2)Грамматикалық мағына
Лексикалық мағына-сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына,ол арқылы сөз жеке даралық қасиетіне ие болады.Сөздің лексикалық мағынасы лексикологияда зерттеледі.В.В.Виноградов пікірі бойынша сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз-«тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған,оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны».
Сөздің лексикалық мағынасын жете түсіндіретін,жеке белгілері бар:
1)сөздің заттық-логикалық мәнін
2)сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағыналармен қандай қарым-қатынаста екенін
3)сөздің лексикалық мағынасын,сондай басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет.
Сөз мағынасы әрдайым бір орында тұрмайды.Оған мысал ретінде сарай сөзі қазақ тілінде әсем де салтанатты ғимарат,зәулім құрылыс болса,ал түркі тілінен ауысқан сарай сөзі орыс тілінде бұған керісінше әр түрлі шаруашылық заттарын сақтайтын орын,қора немесе қораштау үлкен үй мағынасында айтылады.Қазақ тілінде малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші,жалшыны айтса,башқұрт пен татар тілдерінде малай деп бала мағынасында қолданылады.
Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын,сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына,синтаксистік құрылымдарға тән,жинақталған дерексіз мағына.Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады,бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар.Әдетте сөздің бірнеше грамматикалық мағынасы болады.Мысалы балам сөзі зат есім,оның ішінде жалпы есім,жекеше,оңаша тәуелденудің 1 жағы сияқты бірнеше грамматикалық мағынаға ие болып тұр.Бірақ бұл мағылардың бәрі де бала сөзінің лексикалық мағынасы негізінде туып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет