1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


деңгейге ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Егер сөз кең колданыстан екінші



бет8/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
деңгейге ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Егер сөз кең колданыстан екінші
тар немесе арнаулы бір колданысқа, жалпыхалыктық лексикадан арнаулы лексикаға ауысса,
оның мағынасы нақтылана түседі де, белгілі бір үғымды білдіреді детерминдік мағынаға ие
болады. Мысалы: «түбір» - деген сөз жалпыхалықтық лексикада «күллі өсімдік
атауларының жерде қалған тамыры мен түбі» дегенді білдірсе, лингвистикалық
терминалогияда түбірлес сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін бөлшегін морфема
деген терминдік мағынаны білдіреді.
Сөз - мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсауы әр түрлі тәсілдер арқылы
іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада, қолданылуы бірде метафора мен
метонимия тәсілі арқылы болады, бірде қызмет бірлігімен синекдоха тәсілдері арқылы
болады.
Метафора тәсілі аркылы атауға ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл
ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді.
Метафора - грек тілінің metaphora «ауысу» деген сөзі бойынша жасалған термин.
Белгілерінің ұксастығына қарай бір заттың немесе құбылыстың атауы мен аталуының
негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады мысалы: Орыстың ғылымы, өнері
- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (Абай) деген сөйлемдегі кілт сөзі
«ашатын кұрал» дегенді емес (бұл - оның негізгі мағынасы), «шешуші» деген мағынаны
білдіреді . Бұл мағына кілт сөзінің номинативті мағынасында да (ашатын құрал) негізінде
жасалған туынды мағына Мәселенің кілті деген сөз тіркесіндегі кілт сөзінің мағынасы да
осы аталған мағына мен барабар. («Шешуші»-деген мағынаны білдіреді).
Метафора - әр түрлі тілдердің бәрінде де бар құбылыс.Тіл-тілде сөз мағыналарының
ауысу тәсілдерінің ішінде өте жиі кездесетіні және ең бастысы - метафора тәсілі. Метафора -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет