құбылысының сөздің мағынасынан орын алуы соншалық, метафораның негізінде туған
туынды мағынаның көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла
бермейді.
Метафораның негізінде туған келтірінді мағына, әдетте сөздің туынды мағынасы
ретінде қарастырылып орнығып кетеді. Мұндайда метафораның негізінде туған мағына
сөздің сөздіктегі мағыналық мазмұнына еніп, оның туынды мағыналарының бірі ретінде
қаралады, Мысалы: істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні, қыздың төркіні
дегендегі «төркін» сөзінің синтагмалық қатарын қарастырсақ, соңғы мысалда бұл сөз
«қыздың ата-анасы, туған - туыстары дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалдарда «түп
негіздегі, мәнісі, сыры» дегенді білдіреді, сонда бұл мағына («түп негізі, мәнісі, сыры»)
төркін сөзінің негізгі мағынасымен іштей байланысты туған қосымша туынды мағына
болып саналады да, осы сөздің қалыптасқан, орнықты лексикалық мағыналарының бірі
ретінде ұғынылады. Осы туынды мағынасында оны бүкіл халық қолданады. Сондықтан бұл
туынды мағына «төркін» сөзінің негізгі мағынасымен -қатар сөздікте көрсетіледі.
Метафора - көркем шығарма стилінде бейнеленуші, мәнерлеуші, көркемдеуші,
әсерлеуші тәсілі ретінде айрықша қызмет атқарады. Бірақ жеке ақын-жазушылардың
тіліндегі метафоралардың барлығы бірдей жалпы халықтық сипатқа ие бола бермейді.
Жазушылар кейде сөздерді айрықша мәнерлеп, көркемдеп айту мақсатымен дағдылы
қалпынан басқаша етіп тіркестіреді де соның нәтижесінде сөз әртүрлі реңкке ие болады.
Ондай реңк жалпы халыктық сипатқа ие болғанда ғана мағына ретінде үғынылады, Сөздің
сөздіктегі тілдік мағыналық мазмұнына енеді. Ал егер ол жалпы халықтық сипат ала алмаса,
онда жазушының сөз қолдану ерекшелігінің бірі ретінде ғана ұғынылады. Ондай реңкті
Достарыңызбен бөлісу: |