қарсы қою, яғни контраст. Ол ертегіде екі түрлі сипатта көрінеді. Бірі – сырттай, көзге бадырайып тұрады, яғни образдар қайырымдылық пен зұлымдықтың өкілдері есебінде бірбіріне қарамақарсы қойылады. Мұндай ашық түрде қарамақарсы қою арқылы ертегі қаһарманның ең ізгі қасиеттерін айқын көрсетеді. Оның басқа кейіпкерлерден ерекшелігін, жауларынан артықшылығын сипаттайды. Сыртқы контраст халық алдында қаһарманға қас дұшпандардың зымияндық ойлары мен әрекеттерін ашық әшкерелейді. Екінші – жай көзге сырттан көрінбейтін бір образдың өз ішінде кездесетін контраст. Басқа сөзбен айтсақ, образдың ішінде бірі мен бірі сыйыспайтын, қарамақарсы қасиеттер мен қылықтардың үйлесуі. Образдың өзінде жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық, арамдық пен пасықтық сияқты қасиетмінездер диалектикалық дәнекер тауып, бірлікте болады. Мысалы, әу баста түкке тұрғысыз, еш нәрсеге жарамсыз болып көрініп, ең соңында өзінің үлкен ағалары мен дұшпандарынан талантты да ақылдырақ болып шығатын кенже ұл мен тазша секілді жағымд ы геройлар, міне, осындай. Геройдың басты қолғанаты – аттың да бейнесі осылай. Алғашқыда аласа, қотыр мәстек болып көрінген ол біраздан соң алты айлық жолды алты аттап өтетін тұлпарға айналады. Ертегінің басында балтыры қотыр, басы таз, түріне адам қарағысыз жетім бала, немесе адамның ең жаманы саналған Аяз би сияқты кейіпкерлер соңырақ елден асқан сұлу, ақылды, тіпті батыр болып шығады.
Міне, ертегі эстетикасы деген осы. Ол халықтың эстетикасымен ұласып жатады. Халықтың эстетикалық мұраты – жаманды жақсы қылу, нашарды өрлету. Бұл мұрат пен арман ұштасып, халық оны ертегі эстетикасымен жүзеге асырады. Ол үшін қаһарман образында ішкі контраст бар. Сол арқылы бас кейіпкердің шын қасиеті танылып, халықтың оған деген сүйіспеншілігі білінеді.
Халық ертегісінің кереметтігі сол – бас кейіпкерінің хас асыл қасиеттерін бірден көрсетпей, тыңдаушыларды қаһарманмен бірге өмір сүргізіп, ол құсап талай қиынқыстауды бастан кешіртіп, әбден құмарттырып барып, оның бет пердесін, жан сырын ашады. Бұл үшін ертегі ішкі контраст әдісін қолданады.
Ішкі контраст жағымсыз кейіпкерлердің бейнелерінен де байқалатындығы орынды. Мысалға, жалмауыз кемпірді алай ық: сырт қарағанда ол әлсіз, қаусаған кемпір секілді, ал шын мәнісінде ол – табиғаттың небір жасырын сырларын білетін, оларды өзіне бағындырған өте күшті әмірші. Дем ек, ертегіде ішкі контраст әдісі бейнеленетін нәрсенің не образдың шын мәнін ашып көрсету үшін қолданылады.
Ертегі жанрына тән көркем әдістердің бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |