1. Лингвофольклортану


әсірелеу, қайталаулар және контраст



бет2/4
Дата12.05.2022
өлшемі19,39 Kb.
#34178
1   2   3   4
Байланысты:
Лингвофольклортану

әсірелеу, қайталаулар және контраст болып табылады.



Әсірелеу – жалпы фольклордың жанрлық төркінінен туып, қарапайым мен керемет нәрселердің, шалқыған қиял мен тіршілік жайттардың аралас келуін байқататын көркемдік әдіс. Әсірелеу эпикалық образ жасауда негізгі роль атқарады, ха лықтық кейіпкердің ерекшелігін айқындай түседі. Ертегі негізгі кейіпкердің өзін де, көмекшілерін де, сон ымен қатар оның күресіп жеңетін қарсыластары мен қиыншылық бөгеттерді де әсірелей көрсетеді. Кейіпкердің тұлғасы ерекше қасиеттерге бөленген. Ол туа келе кереметтей тез өседі, алыпкүштің иесі болады. Кейіпкермен бірге оның көмекшілері мен дұшпандары да әсірелей бейнеленеді. Көмекшілердің ішінде өте­мөте әсірелеу арқылы суреттелетіндері – ат пен алып құс. Мәселен, кейіпкер өзінің жан серігі етіп таңдаған аттың тұрқы мен шабысын ертегі былай сурет тейді. Кейіпкер алыс сапарға даярланып жүріп үйірден өзіне лайық ат іздейді, оның назары бір аласа тайға ауады. «Қотыр күрең тайды барып ұстай алады, ұстаған екен, құнан болады, жүгендеген екен, дөнен болады, ерттеп мінген екен, бесті ат болады. Айшылық жерді алты аттайды, жылшылық жерді жеті аттайды. Сол ат айтты еркем Айдарға: «Менің үстімде жүргенде сені мен жауға алдырсам, ат болмайын, менің үстімде сен жауға алдырсаң, сен жігіт болма». Ал Самұрық құстың ұшу жылдамдығы мен күші мынандай. Кейіпкер жыл сайын алып қара құстың балапандарын жеп кетіп жүрген айдаһарды өлтіріп, бәйтерек түбінде демалып отырады. «Сол кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шықты. Қатты дауыл жерді шаңдатты. – Бұл не? – деп сұрады Жартытөстік. Сонда екі балапан айтты: – Бұл – біздің анамыздың қанатының екпінді желі. Нөсер жауын құйып­құйып жіберді. – Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты: – Анамыздың көз жасы. Жылда­жылда бала тапсам да бірі ілеспей қойды деп жылағаны, – деді. – Күн ашылып, қар жауды жапалақ­жапалақ. – Бұл не? – деді. – Анамыздың қуанып қарқ­қарқ күлгені, – деді. Құс келіп ағаш басына қонғанда, үйдің жуандығындай ағаш иіліп жерге тиді дейді». Ертегіде кейіпкердің жаулары да әсірелей көрсетілген. Осы арқылы ертегі халықтық геройды онан әрі көтере, дәріптей тү седі. Оның жауы, мейлі ол мифтік керемет тұлға немесе адам болсын бәрібір, орасан зор күш иесі ретінде бейнеленеді. Мысалы, дәудің қайраты мен күштілігі соншалық – ол қаһар манның таспен ұрғанын тіпті бүрге шаққан құрлы көрмейді.
Қазақ ертегілерінде кең қолданылатын әдістердің бірі –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет