№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№3 НЕ СЕБЕПТІ ҚАЗІРГІ БАЛАЛАРІА САБАҚ БЕРУ ҚИЫН



Pdf көрінісі
бет3/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
№3 НЕ СЕБЕПТІ ҚАЗІРГІ БАЛАЛАРІА САБАҚ БЕРУ ҚИЫН

Хакім Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген 
нәрселермен озады» десе, «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» дейді Алаш көсемі 
Әлихан Бөкейхан. Демек елге қызмет етуде қажыр-қайраттан туған өрелі еңбектерімен 
халқының рухани кемелденуінің күретамырына қан жүгіртуде мемлекеттік қызметшіге 
өршіл рухты мінез қажет. Қашанда ұлттық мұратты ұстанған тұлға бойындағы ар-ожданы, 
елдік мінезі үкімет пен халық арасындағы сенімді байланысты қалыптастырады. Жалпы 
мемлекеттік қызметші қоғамның айнасы деуге болады. 
Егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет 
туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін ендірді, әкімшілік және саяси 
мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрған болатын. Осының арқасында 2000 
жылдардың басында Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері 
арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды. 
Осылайша еліміз 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімдік 
басымдылықтарының бірі кәсіби мемлекет құруды жоспарлады. Ал бұл міндетті жүзеге 
асыру мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Халыққа қызмет ететін 
адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен 
азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек адамдар 
арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік 
қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби 
білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі 
және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік 
қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында «Өте 
жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып 
табылады» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің 
әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, 
мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың 
адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді. 
Иә, әр өңірдің деңгейін мемқызметшіге қарап-ақ бағамдай беруге болады. Сөзі өтімді, ісі 
кесімді, адамға жұғымды қызметкерлер бар. Сауал жолдаса жауап қатып, кемшін тұсын 
келешекте жөнге келтіретінін жеткізіп, әдептен әрі аспайды. Сөз құдіретін түсінетін жан 
дерсіз оны. Алайда, мемлекеттік қызметке келген жастарға осы тәрбие жетіспей жатқан 
сыңайлы. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің» кері келмес үшін алдыңғы буын 
ағалар жол көрсетпеуші ме еді? Беттен алып сөз бақпайтын, айтқан ойды ұқпайтын, ауызбен 
орақ орып, іске келгенде ізін таппайтын мемлекеттік қызметші халықпен қалай жұмыс 
істемек? Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Сондықтан кәсібилікпен бірге жоғарғы 
адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Әсіресе, қазіргі таңда жаңа ақпараттық 
технологиялар мен БАҚ еркіндігі туған шақта мұндай қасиет өте керек-ақ. 
Президент Қ.Тоқаев билік пен халық арасында ашық қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр. 
Яғни әрбір қызметкер атқарған жұмысын халыққа ашық, түсінікті түрде жеткізуі қажет. 
Мұң-мұқтажын айтқан қарапайым бұқараға тиісінше жауап беру де мемлекеттік 
қызметшінің әдебін білдірсе керек. Алайда, істеген ісін көрсетпек түгілі керек ақпаратты 
алудың өзі аптаға созылатын кездер бар. Сондай-ақ өзін-өзі ұстау, сөз саптау, жауап қату 
сынды мәселеге келгенде аудандағы мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаға сай ма 
деген ойға келесіз? Елбасы Н.Назарбаев «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін 
шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан біз 
өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа 
жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл 
сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің 
парызымыз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет