№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№8 Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз



Pdf көрінісі
бет8/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
№8 Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз 
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш 
отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» ,- дейді халық даналығы. Мен 
үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол - ұстаздық. 
Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі 
ізденімпаздықты талап етеді. Өз басым ұстаз болуды бала күнімнен 
армандадым. Мен үшін ұстаз болу-мәртебе! Шәкірт-менің жүрегім! Менің 
ұстаздық өмір жолым ,,,, жылдан басталды. Әрине, қызығы мен қиыншылығы 
қатар жүретін ұстаздық жолда түрлі қиындықтан өтіп, өзімді шыңдадым 
десем де болады. Ол өткен әрбір қиындығым болашақтағы «Ұстаз» атануыма 
себепші болды деп айта аламын. 


Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар 
болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа 
жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен 
үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды 
арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім 
алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман 
атану. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім 
кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес
бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Білім алушының жетістігі - мұғалімнің 
жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» 
дегендей жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модульдерді 
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын 
жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі 
білім сапасын жоғарлатуды көздейді. Білім алушылардың іс - әрекетін сыни 
бағалау арқылы өз бойында дағдыларды қалыптастырамын. Қиындықты 
мойындап, оларды шешудің тиімді әдістерін іздеуге үйретіп, тиісті ақпаратты 
жинақтауға, сұрыптауға дағдыландырамын, нақты және түсінікті сипаттама 
беуге үйретіп, тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді, бағалау үшін 
нәжижелерді өз бетінше түсінуге бағыттаймын. 
Мұғалім шеберлігі қандай болмақ? Мұғалімнің әр сабаққа дайындаған 
тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті 
шығармашыл білім алушыға күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға 
жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы алған 
білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз. Сапалы білім 
берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы. Сол себепті де мен сапалы білім
берудегі басты мақсат деп мына үш факторды атап өткім келеді: сыни тұрғыда 
ойлауға жетелеу; шығармашыл білім алушылардың талантын ұштау; 
нәтижесінде алған білімді өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Теорияны 
тәжірибемен ұштастыру! Міне, ұстаздың шеберлігі осында жатыр. Алған 
білімді бала тек біліп қана қоймай, өмірде қолдана алуы маңызды. 
Нәтижесінде біз өмірге бейім, кез-келген тығырықтан жол таба алатын 
тұлғаны тәрбиелейміз.
Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың: «Сендер адаспаңдар – 
арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер 
қаласыздар» деген сөзін әр ұстаз жадында ұстауы керек. Ендеше, әр педагог өз 
шәкіртін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болашағы ретінде 
тәрбиелеу үшін барын да, жанын да салуы керек деп білемін! 


№9 Мектептің оқу-тәрбие процесі тұтас құбылыс және мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет