№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№5 ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫТУРАЛЫ)



Pdf көрінісі
бет5/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
№5 ЖҰЛДЫЗДАРДЫ ЖАҒУ ӨНЕРІ(МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫТУРАЛЫ) 
Білім беру мазмұнын жаңару оқу технологияларды үнемі меңгеруді 
оқушылардың білім сапасын жоғарлатуды талап ету, сабақ беру үрдісін 
күрделендіру – осының бәрі мұғалімнен білім қорын жаңартып, кәсіби 
біліктілігін арттырып, әдістемелік шеберлігін шыңдап отыруын талап етеді. , 
мұғалім өз пәнінен оқушылардың ойлау әдісін, өз бетімен білім алып, оны 
қолдану білуін қалыптастырып,талдау және білімді бағалау сияқты ғылыми-
зерттеу әдістерімен қаруландыруы қажет. Осыдан келіп, мұғалімнің жеке 
басына қойылатын талаптар өрбиді. Ол тек жан-жақты дамыған маман ғана 
болып қоймай, өздігімен іздену жұмыстарының тәсілдерін меңгерген, зерттеу 
дағдысы қалыптасқан маман болуы шарт. Қазіргі кезеңде мектептің алдына 
қойылып тұрған ең басты талап – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға 
қалыптастыру ісі болып отыр. Соңғы кездері оқушылардың дарындылығын 
дамыту өзекті мәселеге айналып отыр. 
Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген 
жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды 
оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған 
нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.Физиологиялық 
тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі 
ойға берілу, қиял-күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім 
меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары. 
Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным 
белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан 
білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады. 
Дегенмен де, сөз әрбір қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп 
оқушысы жайында болмақ. 
Шығармашылық қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар 
ықпал жасайды: 
▪ 
мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу 
деңгейі; 
▪ 
оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас; 
▪ 
отбасы жағдайы; 
▪ 
физиологиялық даму үлгісі; 
▪ 
балаға қажет білімнің берілу сапасы. 
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары 
көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі 
– дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс 
тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы 
шыңы – танымдылық тұтынушылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды 
не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту
белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды 
қалыптастыру – бұл мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. 
Оқыту баланың табиғи қасиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. 
Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық 


талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала – оқыту үрдісінің 
негізгі бейнесі. Оның анықталған, қызығушылығы қанағатталған, қабілеті 
дамыған болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет