1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен

бет2/33
Дата11.07.2022
өлшемі290,14 Kb.
#37601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Дарынды адам деп, басқалардан ерекше, қиын жағдайлардан күтпеген жолдар табатын, жоғарғы жетістіктерге талпынатын адамды айтады. Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгеше. Олар сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қоя біледі.Физиологиялық тұрғыдан ерекшелігі: дамытудағы шапшандылық, ауызекі сөйлеу, жиі-жиі ойға берілу, қиял-күшінің басымдығы. Дарынды оқушылар көп көлемде білім меңгереді және ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.
Шығармашылық – баланың бойындағы дамыған сана белсендігі мен таным белсендігі, тума қабілет. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады.
Дегенмен де, сөз әрбір қайталанбас талантты, өзінше жеке тұлға әрбір мектеп оқушысы жайында болмақ.
Шығармашылық қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір факторлар ықпал жасайды:

  • мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейі;

  • оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;

  • отбасы жағдайы;

  • физиологиялық даму үлгісі;

  • балаға қажет білімнің берілу сапасы.

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту гимназия педагогтары көңіл аударып келе жатқан мәселе. Педагогикалық ұжым әрекетінің өзектілігі – дарынды оқушылардың өзін-өзі жетілдіруде жайлы жағдай туғызу. Дұрыс тәрбие беруде танымға сүйіспеншілікті арттыру және оның жоғарғы шыңы – танымдылық тұтынушылығын оятуы мүмкін. Сезімді, ерікті, ойды не нәрсені терең меңгеруге бағыттау, үнемі көп білуге талпынуды ояту, белгілі жайда жаңа бір қырын ашу, әлемді танып білуде ізденіске ұмтылуды қалыптастыру – бұл мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі. Оқыту баланың табиғи қасиеті мен жаратылысына бағыттауы қажет. Сондықтан да білім беру мазмұнын құруда ең басында жеке тұлғалық талаптары, тілектерімен бірге бала тұруы қажет. Бала – оқыту үрдісінің негізгі бейнесі. Оның анықталған, қызығушылығы қанағатталған, қабілеті дамыған болуы қажет.

6 Педагогтардың тиімді тәжірибеде үздіксіз кәсіби дамуы

Қазіргі таңда білім беру парагдимасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарды, білім беруге деген жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол аша отырып, тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйрену керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген тәрізді негізгі сұрақтар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Қазіргі кезде оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп білім алушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағддарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында білім алушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекеленген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі талаптарға оқушылардың белгілі сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім әрбір кезеңде қолданатын оқыту үлгілеріне (жеке, жұптық, топтық, бүкіл сыныптық), оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беруі керек, себебі белсенді сабақта мұғалім мен білім алушының атқаратын қызметі мен іс-әрекеттерінде үлкен өзгеріс бар; сабақты жоспарлағанда мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің мазмұнын анық көрсетеді, яғни өзінің және білім алушыларының орындайтын әрекеттерін ашып көрсетеді. Белсенді сабақта білім алушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс табады. Оқу мақсаттары нені оқып-білу және нені бағалай алу керектігін көрсетеді. Егер нәтижесінде неге қол жеткізуіміз керектігін білмесек, оқу мен оқытудың табыстылығын бағалау да мүмкін емес. Бағалау критерийлері оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Бағалау критерийлерін нақты анықтамай қалыптастырушы бағалауды тиімді жүргізу мүмкін емес. Сабақтың әдістемелік жобасын құру барысында мұғалім белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдану арқылы оқу мақсаттарының орындалуына барынша қол жеткізуді ұстанады. Мұнда оқу-танымдық үдерістердің табыстылығына әсер ететін ынталандыру, жағымды психологиялық орта орнату, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру сияқты маңызды мәселелерді басты назарға алу керек.
Жаңаша білім беру жүйесінде белсенді оқытудың әдістері жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын игеру үдерісінде білім алушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, білім алушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді игеру алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына білім алушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылумен байланысты.
Белсенді оқытудың мәні-оқу үдерісі іс жүзінде барлық білім алушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуында. Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету- мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін мәселелер: сабақта қолданатын әдіс-тәсілдердің бірсарындылығы; сабақта уақытты тиімді қолданбау; проблемалық оқыту элементтерін сирек қолдану; сабақта АКТ тиімді қолданбау; барлық білім алушылардың танымдық әрекетке тартылуын қамтымау; сабақтың және тапсырмалардың логикалық құрылымына мән бермеу; сабақта көрнекі құралдардың жеткіліксіздігі; жаттығулар мен тапсырмаларды немқұрайлы таңдау; оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.
Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі-сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.
Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын ала болжауға мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс. Оқудың табыстылығы пәннің ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен білім алушыларға деген сүйіспеншілігінің ең маңызы зор. Егер білім алушы сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы өткені, мұғалімнің еңбегі табысты болғаны, ал егер білім алушы сабақтан ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса-сабақтың сәтсіз болғаны; демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы тек мұғалімге қатысты нәрсе емес, білім алушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір білім алушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, білім алушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.
Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ , мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына, білім алушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.
Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігі анықталады. Сонымен бірге білім алушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.
Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Ендеше біздер-ұстаздар қауымы, заман ағымынан қалмай, білім алушылардың бойына білім, білік дағдыларын сіңіруіміз керек. Болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті елдің толық біліммен қаруландыру арқылы біз бабалар аманатын орындаған ұлт бола аламыз.

7 Жаңашылдыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі мақсаты

Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алып, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің қалыптастыруға ықпал етеміз. Білім алушылар бойына мейірімділік, бір-біріне деген сенімділік қасиеттерін ұялата аламыз, себебі олар топпен жұмыс жасағанда бірлесіп жасауға үйренеді, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артады. Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні –қараң, келешегі –тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр-ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру-жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!
8 Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» ,- дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол - ұстаздық.
Ұстаздық-дара жол, даңғыл жол! Бұл жол қажырлы еңбек пен үнемі ізденімпаздықты талап етеді. Өз басым ұстаз болуды бала күнімнен армандадым. Мен үшін ұстаз болу-мәртебе! Шәкірт-менің жүрегім! Менің ұстаздық өмір жолым ,,,, жылдан басталды. Әрине, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін ұстаздық жолда түрлі қиындықтан өтіп, өзімді шыңдадым десем де болады. Ол өткен әрбір қиындығым болашақтағы «Ұстаз» атануыма себепші болды деп айта аламын.
Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Білім алушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану. 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модульдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі білім сапасын жоғарлатуды көздейді. Білім алушылардың іс - әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында дағдыларды қалыптастырамын. Қиындықты мойындап, оларды шешудің тиімді әдістерін іздеуге үйретіп, тиісті ақпаратты жинақтауға, сұрыптауға дағдыландырамын, нақты және түсінікті сипаттама беуге үйретіп, тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді, бағалау үшін нәжижелерді өз бетінше түсінуге бағыттаймын.
Мұғалім шеберлігі қандай болмақ? Мұғалімнің әр сабаққа дайындаған тапсырмасының өзі бірқалыпты деңгейде болмауы керек. Сол себепті шығармашыл білім алушыға күрделі әрі сыни тұрғыда ойландыруға жетелейтін тапсырмалар беріп отыруы керек. Осыдан барып біз баланы алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға ретінде қалыптастырамыз. Сапалы білім берудегі негізгі міндет те, мақсат та осы. Сол себепті де мен сапалы білім берудегі басты мақсат деп мына үш факторды атап өткім келеді: сыни тұрғыда ойлауға жетелеу; шығармашыл білім алушылардың талантын ұштау; нәтижесінде алған білімді өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Теорияны тәжірибемен ұштастыру! Міне, ұстаздың шеберлігі осында жатыр. Алған білімді бала тек біліп қана қоймай, өмірде қолдана алуы маңызды. Нәтижесінде біз өмірге бейім, кез-келген тығырықтан жол таба алатын тұлғаны тәрбиелейміз.
Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың: «Сендер адаспаңдар – арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар» деген сөзін әр ұстаз жадында ұстауы керек. Ендеше, әр педагог өз шәкіртін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болашағы ретінде тәрбиелеу үшін барын да, жанын да салуы керек деп білемін!

№9 Мектептің оқу-тәрбие процесі тұтас құбылыс және мұғалім қызметінің обьектісі

Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын, арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.
Бұрын орта мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті: ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыру тек қана әлеуметтік жағдайда ғана жүзеге асады, яғни адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде ғана толық ашылады.
Ал, балаға бірден-бір әсер ететін орта-мектеп. Сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп, оқушының жеке қабілеттерін дамытуда, дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін жүзеге асыруда мұғалімдердің іс- әрекеті мен озық тәжірибесі, қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.
Оқыту ісіне жаңа тәсілдер дайындау, өзара нұсқаулық-ақпараттық қатынастан білім алуға деген сұраныстарды қанағаттандыруға, жеке тұлғаға бағытталған өзара көшу- педагогикалық ғылым мен тәжірибенің алдына қойылып отырған үлкен міндет.
Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов. «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты- әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Мұғалім өз жұмысында оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды оқыту, жетілдіру, ғылымға бейімдеу, бала дарындығын ашу, оны дамыту, бала бойындағы зерттеушілік іс-әрекетін, қабілеттілік белгілерін көре алуы мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.
Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы- оқушыға білімді терең игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа және зерттеушілік іс-әрекетке жетелеу.
Жеке тұлға қабілеттерін дамытуға бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілікті арттырып, оқушымен қарым-қатынасы берік сенімге негізделгенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- танымдық іс-әрекеттері формаларының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті инновациялық технологиялар арқылы дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізі талап- оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және оларды басқара білу. Ол біріншіден, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім қазіргі кезде белсенді емес, оқушылардың өздері белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.
Сонымен ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырға жауапкершілікпен қараған дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін.

№10 Мамандық таңдау – маңызды мәселе

Адам баласы өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек болса, соның бірі мамандық екені көпке аян. Мамандық таңдау – мына жаһандану заманында қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген өте өзекті тақырыптардың бірі.
Мамандық таңдау үлкен жауапкершілік. Мамандық таңдауда үш нәрсеге баса назар аударғанымыз дұрыс. Олар: қызығушылық, қалау, қабілет. Егер таңдау барысында осы үш дүние бір жерде тоғысқан болса – бағыңыздың жанғаны.
Мамандық таңдау. Осы сұрақ төңірегінде ұстазымыз сауал жолдағанда ат тонымды ала қашатын едім. Бірақ, қазір ойлап отырсам жүйрік аттай жүйткіп өте шыққан уақыт аралығында он бірінші сыныпқа да қадам басыппын. Демек, бұл- санаға сілкініс жаса деген ұғым. Шырмауықтай шырмалған ойларға салынып, қандай мамандық таңдаймын деп бас қатырып жүргенімде, теледидардан “ұстаз мәртебесі” көтерілетінін көзім шалып қалды. Бала күнімде ұстаздыққа қатты қызығатынмын. Бірақ, анамның күндіз-түні жазудан бас алмай, сүріне жығылатын көргенімде бұл ойымнан айныған едім. Бірақ, жоғарыда аталған қуанышты жаңалықты естігенімде “ұстаздық” жолды таңдаймын деп бел будым. Осы орайда сіздің тараптан “неліктен?” деген сауал туар. Оған төмендегідей жауап беріп өтсем:
Өз мамандығына деген сүйіспеншілік қана адамды абырой биігіне жетелесе керек. Жалпы, ұстаздық ең қадірлі де қасиетті мамандық. Себебі, ұстаз – қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы адамның тәрбиешісі. Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Менің болашақ ұстаздық жолда ұстанатын ұстанымым: «Ақыл - адамды аздырмайтын ем, білім - таусылмайтын кен, Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі -талап, шолғыншысы - ой, жолдасы - кәсіп, қорғаны - сабыр, қорғаушысы - мінез».
Қорыта айтқанда, тәрбиенің үш бұлағы бір арнаға құйылса, онда оның суы да мөлдір, тұнық болмақ. Сондықтан «өз бақытың - өз қолыңда» - демекші жарқын болашаққа жол табу өз еншіңде.
№11 Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру

Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңалықтар болып жатыр.

Оқу бағдарламалары білім беру процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - білім алушылардың өздігінен білім алуы үшін белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған. Мұндай тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын ұғынуға, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де қалыптастыруға ықпал етеді.
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді нығайту білім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілдікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан да қазіргі қоғам мен мектеп жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың жаңа міндеттерін сапалы шешуге, шығармашылыққа қабілетті педагог қызметкерлеріне мұқтаж.
Білім беру мазмұнының жаңару курсының нәтижелілігі тікелей мұғалімдердің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатын оқыту үрдісі, өзін өзі өзектендіруі, өзекті білімді меңгеруі, біліктілігі мен дағдысы жетілуінде біліктілікті арттыру курсы маңызды рөл атқарады.
Педагогтарды оқытуда аталған курс тәжірибеге бағытталған белсенді оқу тәсілдерін қолданумен ерекшеленеді. Біліктілікті арттыру курсы аясында оқыту қызметі андрагогика ұстанымына негізделеді. Олар:
-білім алушылар оқу үрдісінде жетекші роль атқарады;
-білім алушылар, қалыптасқан тұлға ретінде алдарына нақты мақсат қоюға, өз бетімен, өзін өзі басқаруға, өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылады.
-ересек адамдар меңгерген білім, білік, дағдыларын, өмірлік және кәсіби тәжірибелерін оқыту үрдісінде тиімді қолданады;
-оқу процесінде білім алушылар мен тренердің іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде бірлесе ұйымдастыру
Біліктілікті арттыру курсының екі негізгі міндеттерін атап өтуге болады: білім алушыларды жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету және кәсіби білік, дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету негізінен дәріс түрінде жүзеге асырылады. Дәріс төмендегідей дидактикалық міндеттерді шешеді: дұрыс емес стереотиптерді жою, қызығушылық, сендіру, тәуелсіз іздеуге және интеллектуалды белсенділікті тудырады теориялық деңгейден ойдағыдай өтуге көмектеседі.
Теориялық деңгейден қолданбалы білімге ойдағыдай өтуде стреотиптерді жоюға, белсенді ойлауға және өз бетімен ізденуге қызықтыруға, сендіруге үйретеді. Дәрістің артықшылығы ұсынылған материалдың өзара байланысы мен логикалық қабылдаудың тұтастығында. Оқыту курстарындағы дәріс сағаттарының қысқартылуы шектеулі уақытта теориялық материалдарды нәтижелі меңгеруге, дәрісті өткізуде инновациялық тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер тудырады. Осындай жетістікке жетуге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі- белсенді оқу дәрістері. Белсенді оқу білім алушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді.
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ортасын қалыптастыруға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс- тәсілдерлі қолдануға;
- алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға және уақытты басқаруға;
- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде.
Интерактивті дәріс ерекшеліктері: - қатысушылар бір-бірімен және оқытушымен байланысқа түсе алады;
-білім алушы дәріс презентациясын пайдаланады;
-білім алушылардан әруақытта ақпаратты өңдеу және дәріске белсенділік таныту талап етіледі;
- әруақытта дәріскерден және білім алушылардан тиімді кері байланыс ұсынуы талап етіледі;
- дәріскер білім алушылардың өзара қарым-қатынас деңгейін бақылап отырады;
Белсенді оқыту дәрістерінен алған ақпараттар ұзақ мерзімді есте сақтауға мүмкіндік береді.
Кейс амал-тәсілінде басты назар білім алушылардың ұсынылған нақты немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. білім алушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік беретін білім алушылардың материалды оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әртүрлі жағдайларды саралауға мүмкіндігі мол білім беруі тәсілдерінің заманауи түрі.
Кейс әдісін тиімді қолдану арқылы білім алушылар бойында келесі дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға болады:
- Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
- Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
- Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
- Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
- Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама -қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.
- Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты жүйелі саралауды талап ететін кешенді құрылымдық жүйе екендігі белгілі. Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады.
Аталған әдісті кәсіптік тәжірибемде қолдану арқылы төмендегідей қорытындыға келдік:
Сase-study әдісімен жұмыс жасаудағы артықшылықтар: әрбір қатысушы өзінің пікірін басқа қатысушының пікірімен салыстыра алады, шешіліп жатқан мәселенің өзектілігі және оны білім алушылар тәжірибесімен тығыз байланыста болғандықтан білім алушылар ынтасы мен белсенділігі жоғары болады.
Сase-study әдісімен жұмыс жасау барысындағы қиыншылықтар: нашар ұйымдастырылған талқылаулар ұзақ уақыт алуы мүмкін. Егер қатысушылар да қажетті білім мен дағдылар болмаса, жұмысты дұрыс ұйымдастыруда және талқылауға дұрыс бағыт беріп отыруда қатысушының кәсіби біліктілігіне жоғары талап қоймаса, жақсы нәтиже көрсете алмайды. Сонымен қатар, мұғалім практикалық жағдаяттарды талқылауда оқушыларда жиі кездесетін қателерді болдырмауға тырысу керек. Олар:
- Оқушылар берілген ақпараттардың ішінен қажеттісін ажыратам деп сол ақпараттарға көміліп, негізгісін анықтай алмайды;
- Жағдаятты тар көлемде қарастырады да, проблема көрінбей қал
- Оқушылар талқылауды аяқтамай-ақ, әрекет ету жоспарын құрады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, белгілі мотив-мақсаттардың мазмұны болмасын, олардың алғашқы басқышында жетістіктің түрткісі орын алуы тиіс. Өзіндік даму мен өзіндік жетілуге деген қажеттіліктерден туындайтын түрткі саналылыққа ауысып, адамның әрекет ету ортасын кеңейтіп отыратын себептерін оятады тұлғаның әлеммен байланысын кеңейтіп, қорытындысында білім алушыны өзіндік кемелденуге жетелейді
Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – оның кәсіби беделі орталықтан орын алатын мінез- құлықтың қасиеттерін қамтушы оң қасиеттердің ауқымын белгілейді.
К.Ушинскийдің пікірінше, бала өз оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оны оқу процесін басқару. Қазақстан білім беру кеңістігінде реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келетін фактілерінің іске асырылуында деп сөзімді аяқтаймын.

№12 Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз да, дарынды және талантты тұлға болу мүмкін емес.

Заманауи қоғамға жан-жақты жаңашыл адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру- қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Ендеше, «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» - деген тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі әрбір адамның ойына түрткі салуы тиіс. Өйткені мұғалімнің бүгінгі күні жасап отырған еңбегінің нәтижесі қандай болса, еліміздің, қоғамымыздың болшағы да сондай болмақ.
Демек, жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, талантты, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.
Білім берудегі негізгі мақсат - тек білімді, дарынды, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Жаңа заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру мен тәрбие үдерісінде жүзеге асырылатындықтан, білім мазмұнын таңдауда әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселесі тереңірек, әрі нақтырақ қарастырылады.
Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы” деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Біз алдымыздағы жеке тұлға – оқушымыздың құзырлығын дамыту үшін, яғни қоғамның жан –жақты білімді, белсенді азаматын тәрбиелеу үшін, сыныпта өтілген тақырыптарды, одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу үшін мынадай мақсаттарды көздеуіміз қажет:
- оқушылардың қазіргі заманға сай бейімделуіне, халқына зор көмек беретін, жаңалық аша алатын тұлғаны қалыптастыру;
- бастаған жұмысты тиянақты дер кезінде аяқтауын қадағалау, дарынды және талантты тұлғаны даярлау болып табылады.
Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» – деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Осы ретте, баланың өмірден өз орнын табуы үшін оның қабілетін ерте кезден дамыту тікелей ұстазға байланысты деп білемін. Ал, талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда қолданылатын кеңейтілген тапсырмаларды мақсатты, сауатты пайдаланудың маңызы зор. Ол балаға қалай әсер етеді? Жауап төмендегідей:
1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдану;
2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдау;
3. «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыру;
4. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесу;
5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеу;
6. Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізу;
7. Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісіне қатысу;
8. Сыни ойлау дағдыларын дамыту;
9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану;
10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдану;
11. Аса құштар және ынталы болу;
12. Оқушылардың жетістікке жету қабілеттерін көрсету;
Кеңейтілген тапсырмалардың он екі идеясын қолдану арқылы біз тек оқушы бойындағы дарын мен талантты дамытып қоймай, сонымен қатар тұйық оқушы бойындағы талантты анықтауға мүмкіндік аламыз. Дұрыс таңдалған бір әдістің өзінде он екі идеяның бірнеше ерекшелігі тоғысып жатады. Биология пәнін оқытуда кеңейтілген тапсырмаларды жүйелі қолдану арқылы оқушының пәніме деген қызығушылығын арттырып, білім алу құштарлығы мен ынтасының жоғарылайтындығын түсініп келемін.
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.
Баланың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр баланың өзін сезіне білуіне, ішкі табиғатын ашуға көмектесу, өзін шығарашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей мұғалімге байланысты. Әдебиет сабағында оқушының сөйлеудегі және жазудағы тіл мәдениеті дамып, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуі, ұтымды, шешен сөйлеуі қалыптасады. Бұл пәннің баланың бойындағы дарынды аша білудегі мүмкіндігі жоғары. Ал, дарынды оқушыны жан-жақты қабілетті, терең білімді, зерек те еңбекқор,өз ісін сүйетін, талантты да шебер ұстаз ғана тәрбиелей алады. Дарынды мұғалім дарынды баланы бірден таниды. Ол оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оның талантының ашылуына дер кезінде қолдау көрсетеді. Қосымша жұмыстар жүргізе отырып, оқушы шығармашылығын дамытуға, оның қызығушылығын оятып , өз бетімен жұмыс істеуіне шабыттана көмектеседі.
Қорытындылай келе, кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын. XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Сондықтан ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырларына жауапкершілікпен қарап, өмірден өз орнын табуына өз ықпалын тигізгені дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін.

№13 МЕН ҮШІН ПАТРИОТИЗМ ДЕГЕН НЕ?
Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.Менің ойымша патриот ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өз імізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

14 Білім беруді нығайтудағы көзқарасым

Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «....басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық- интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» - деп көрсетілген.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. 
Сондықтан білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кәсіби-құзырлы тұлғаны қалыптастыруды, кәсіби мәселелерді өз бетімен шешуге қабілетті маманды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тиімді құруды, кәсіби қызметтің қоғамдық және жеке тұлғалық мәнін, оның нәтижесінде жауапкершілікпен қарап, сезінуді болжайды.
Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ негізгі тірегі - білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені өтірік емес. Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын, арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.
Бұрын орта мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті: ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыру тек қана әлеуметтік жағдайда ғана жүзеге асады, яғни адамның табиғи қабілеттеріне қоршаған орта әсер еткенде ғана толық ашылады.
Ал, балаға бірден-бір әсер ететін орта-мектеп. Сондықтан да жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті мектепке жүктеліп, оқушының жеке қабілеттерін дамытуда, дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін жүзеге асыруда мұғалімдердің іс- әрекеті мен озық тәжірибесі, қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады.
Оқыту ісіне жаңа тәсілдер дайындау, өзара нұсқаулық-ақпараттық қатынастан білім алуға деген сұраныстарды қанағаттандыруға, жеке тұлғаға бағытталған өзара көшу- педагогикалық ғылым мен тәжірибенің алдына қойылып отырған үлкен міндет.
Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынов. «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Шығармашыл мұғалімнің білім берудегі мақсаты- әр түрлі деңгейдегі білім беру әрекеттерінің жоспарланған нәтижесіне жету. Мұғалім өз жұмысында оқушылардың қабілеттерін анықтап, оларды оқыту, жетілдіру, ғылымға бейімдеу, бала дарындығын ашу, оны дамыту, бала бойындағы зерттеушілік іс-әрекетін, қабілеттілік белгілерін көре алуы мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.
Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы- оқушыға білімді терең игертудің әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа және зерттеушілік іс-әрекетке жетелеу.
Жеке тұлға қабілеттерін дамытуға бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілікті арттырып, оқушымен қарым-қатынасы берік сенімге негізделгенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- танымдық іс-әрекеттері формаларының бірі болып табылады. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті инновациялық технологиялар арқылы дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Қазіргі кезде оқытуға қойылатын негізі талап- оқушылардың белсенді іс- әрекеттік сезімін оята отырып, жаңа инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және оларды басқара білу. Ол біріншіден, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім қазіргі кезде белсенді емес, оқушылардың өздері белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.
Сонымен ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырға жауапкершілікпен қараған дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеу – біздің мақсатымыз.

19 МЕНІҢ ШӘКІРТТЕРІМ-МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде,
өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.
Ұстаздан жақсылыққа тәрбиелену, өзі бақытты болып,өзгелерді де бақытты ету жолына үйрену дегенге саяды. Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш сияқты.
Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, шәкірттердің рухын биіктету үшін біз оқытушылар өз үлестерімізді қосуға тырысамыз . Алдымызда бізге сеніп тапсырылған бала, ертеңгі қоғамның бір белді тұлғасы болмасына кім кепіл?
Әрбір шәкіртімнің жасаған қылықтары мен үшін қайталанбас бейнелер.Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап жүретінмін.
16 шәкіртімді әлі күнге дейін ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да.
Себебі: олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, өз баламдай аянбай тәрбиеледім, жақсылыққа сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де.
Шәкірт бойында ынта- ықылас оянбаса, онда еңбегіңнің зая кеткені.
Өзіңді шәкірттердің іздеп жүруі, мақтан тұтуы – ұстаз үшін баға жетпес бақыт.
Табиғаттың ең бір үлкен сыйы- ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік, байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет.
Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын кісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды.
Менің шәкіртім де дәл осындай.. Ол –Канафин Арыстан . Алғаш бірінші курсқа түсіп ,топ жетекшісі ретінде қабылдап алғанымда тұйық болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге болатын байқадым.Ынта қойып, тапсырылған іске ерекше ықыласпен кірісетін шәкіртіме жауапты жұмыс тапсырып сенім арттым. Ол ғылыми жоба байқауына , түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі еді. Алғаш Арыстанды ағылшын пәнінің оқытушысы Жұлдыз Нұрлановна олимпиадаларға қатыстырып , білім алушының ашылуына септігін тигізді десем де болады. Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан, облыс көлеміне де шығуына өзінің ,ұстазының адал еңбегі арқылы жетті. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, проблемалары, ұсыныстар туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі оның қанаттанып биік белестерден көрінуіне бірден — бір себепші болды. «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, осы шәкіртімнің де мектеп қабырғасын бітіріп келгеніне үш жылдың жүзі болды. Тамшының тас тесетіні сияқты талай еңбектің арқасында осы дәрежеге жеттім, «сіздің мен үшін еңбегіңіз зор», — деген сөзі әліде құлағымда. Сүйікті ұстаз болу үшін, шәкірт жүрегінен орын алуымыз қажет-ақ. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге болады.Елдің ертеңі, келешегі – біздің қолымызда.

20 МЕНІҢ ҰСТАЗДЫҚ БАҚЫТЫМ

Есік ашылып,тұлымдары желбіреген ер балалар мен шаштарына ақ бантик таққан қыз балалар бірінен соң бірі кіріп жатты. Бұл менің оқушыларым.
Осы балалардың шат күлкісі, күлімдеген жүздері менің жүрегіме «мен кіммін?», ұстазбын ба?, әлде анамын ба?- деген ой мазалап қоя берді.
Ой тұнығынан ойланбастан мен ұстазбын деп айқайлағым келді. Себебі олар еліміздің болашақ үміт артар азаматтары, ертеңі. Осы күлімдеген жүздер менің өміріме, ұстаздық жолына тереңірек үңілуге жол ашты.Сол мезетте менің түсінгенім, ұстаз мамандығын жан-жүрегімен сезінген, бала жүрегіне жол таба
білетін, ата-ана алдындағы жауапкершілікті сезіне білген адам ғана өз мамандық иесі бола алатынын түсіндім.
Мен өзімді әлі, еркін маманмын деп айтуға жүрексінемін, өйткені мен, еңбек жолына енді ғана қадам басып отырмын. Алар асулар мен белдер әлі алда деп білемін. Мен сүйкімді оқушылар мен оның жанұсына енген ұстазбын.
Ата-ана маған ең қымбат баласын сеніп тапсырды. Сондықтан балалрдың мектеп қабырғасындағы өмірі қалай болатындыңы маған байланысты, сондай-ақ ата-ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасының қалыптасуы да маған байланысты.Мен әр баланың жанұя мүшесі тәріздімін, мүмкін мен әр жанұяның өмірлік досы болармын…
Мен, бала мен ата- ананың маған артқан сенімін қалай ақтауым керек?-деген ойға қалдым. Осы ойлардың жетегінде жүріп, ізденімпаздықпен аянбай еңбек еттім.Сол еңбегімнің нәтижесінде бірталай жетістіктерге де қол жеткіздім.
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай,ұстаз бала тәрбиелеу мен білім беру жолында үлкен сындардан өтеді. Әрине бұл жетістіктеріме мақтанбаймын,осы еңбегімнің жемісіне, еңбек іс әрекетіме,мамандығыма деген көзқарасымның қалыптасуына әріптес ұстаздарымның көмегі зор. Апайларымнан алған ең басты сабағым, балаға деген мейірімділік,қамқорлық,шыдамдылық,әрине шығармашылық ізденісте болу. Оқушыларды заман талабына сай ,тұлға ретінде білім мен тәрбие беру үшін, қазіргі іс-тәжірибеде жүрген дамыған елдердің озық инновациялық технологияларының әдіс-тәсілдерін қолданып келемін. Шынымды айтсам кейде балаша ойнап,балаша күліп ұстаз екенімді ұмытып кетемін, ал кейде бірге өткізген қызықты да,тәтті қылықтырына тамсана тоймай бір сәт еске аламын. Міне,мен осылайша әнші, биші, суретші, әртіс, әсем сөз маманы,баланың жан-дүниесін түсіне алатын психолог-ұстазға айналдым.
Балаларға білім мен тәрбие беруде, ұлттық құндылықтырды бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын. Күн сайын маған үміт толы күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.Мөлдір бұлақтың бастауын,көзін ашып.тұнығына қану үшін таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып,бала жүрегіне мейірім дәні мен білім нәрін себу менің басты мақсатыма айналды. Ұстаз-киелі мамандық.Ұстаз оқушыларын білім әлеміне, еңбек жолына,танымдық қабілеттерін дамытуда аянбай еңбек етеді. Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген сөзді әр ұстаз үнемі жадында сақтап қана қоймай, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Ұстаз жұмысы күрделі де қызықты. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,оны тек қана шын жүрегімен, жан-тәніңмен ғана сезіне аласың. Ұстаз болу, мен үшін-үлкен бақыт. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушы еліміздің ертеңгі болашағы.Еліміздің болашағы, ертеңі білімді ұрпақ өсіру баршаға ортақ, әрі міндет. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»-деп Мұхтар Шаханов айтқандай біздің ұстаздарымыздың қолында әркез сол кілт жүруі керек.«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң, тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығын, үкілеген үмітіміз-бала келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарайық…
Балалардың шат күлкісі мен күлімдеген жүздерінен, зерделі білім нәрімен сусындаған,еліміздің болашақ үміт артар азаматтары мен шәкірттердің биігін көруді арамн етемін.
… Ертең мектепте менің қызықты,қуанышты күнім басталады. Ертең маған тағы да күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарайды.Ол менің оқушыларымның үміт толы көздері…

21 «ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫН ЖАҒУ ҮШІН МҰҒАЛІМ БІЛІМ НӘРІН БОЙЫНА СІҢІРУІ ҚАЖЕТ »

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет