компьютер экранында ақпаратты ойын түрінде көрсету балалардың үлкен қызығушылығын тудырады;
мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті ақпараттың бейнелі түрін тасымалдайды;
қозғалыстар, дыбыс, анимация баланың назарын ұзақ уақыт бойына аударады;
проблемалық тапсырмалар, баланы компьютер арқылы дұрыс шешуге ынталандыру балалардың танымдық белсенділігін ынталандырады;
оқытуды дараландыруға мүмкіндік береді;
компьютерде жұмыс істеу барысында мектеп жасына дейінгі баланың өз-өзіне сенімділігі артады, оның қолынан көп нәрсе келеді;
күнделікті өмірде көрінбейтін өмірлік жағдайларды имитациялауға мүмкіндік береді.
Бірақ мен айтқым келетін ең бастысы, компьютерлік технологиялардың балалармен жұмыс жасауда орасан зор артықшылықтары бар, бірақ есте сақтау керек, компьютер адамның эмоционалды қарым-қатынасын алмастыра алмайды, бұл мектепке дейінгі жаста өте қажет. Ол тек тәрбиешіні толықтырады, оны алмастырмайды.
№25 МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ МЕНІҢ ОЙЫМ
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі – деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей дүниедегі мамандық атаулының төресі – ол ұстаздық екен. Шынында да, мұғалім барлық мамандықиесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететінмейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы–барлық мамандықтыңанасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз — білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Сондықтан мамандығым- мақтанышым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабарыжоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтанжаңашылдықтыңдәуірінбасынанкешіріпжүргенталантты да, талаптыоқушынытәрбиелеуде, осындай жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығыдепбағалауғаболады.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің, жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде.Мұғалім - жас ұрпақ тәрбиешісі.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс.
Мен өз сөзімді ағылшынағартушысыУильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
№26 МІНСІЗ МҰҒАЛІМНІҢ ПОРТРЕТІ Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалімді талап етіп отыр. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация маманы болу – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі болып табылады. Бүгінгі күнде экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Нәтижеге бағытталған жаңаша білім беру тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгіде жетістігінің кепілі болып табылады. Бүгін қоғамның білім беруге қойып отырған талаптары мен білім берудің нақты жағдайы арасындағы қарама-қайшылықтарды үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін барлық деңгейінде – кәсіптікке дейін, жоғарғы оқу орнындағы, жоғарғы оқу орнынан кейін де жаңарту негізделген. Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мақсаты жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің жоғарғы сапасын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнының ұлттық моделін құру, нәтижеге бағытталған білім беру негізінде кәсіби құзіретті мұғалім қалыптастыру. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.
Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне , мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. «Мектептің жүрегі – жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай «қазақ тілі» пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Мен сындарлы оқыту бойынша қазақ тілі пәні бойынша әдіс-тәсілдерімен оқытып жатырмын. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді..
№27 КРЕАТИВТІЛІК-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫСЫ
ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы оқушының шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін ержүрек болуы тиіс».
Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін «Мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағыттылған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», – деген еді [1].
Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адам деп есептеуге болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады [2]. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, қазақ тілі сабағында түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колданамын. Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. Мысалы, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына тоқтала кетсем, сабақ барысында «кубизм» стратегиясын, «анықтау» стратегиясын, «сәйкестендіру», «суреттеу», «топтастыру» стратегияларын қолдану оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Уақыт» сөзіне «бесжолды өлең» құрастырып жазады. Тағы бір тиімді, әрі ұтымды әдіс, ол оқылым мәтініндегі автор көзқарасына өз пікірлерін «Попс формуласы» арқылы дәлелдеп жазу. Мысалы, 1-сөйлем: «Менің ойымша, …», 2-сөйлем: «Мен оны былай түсінемін: …», 3-сөйлем: «Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім:…». Оқушыларды оқытуда негізінен өз басым сын тұрғысынан ойлау технологиясының пайдасы көп деп ойлаймын. Өйткені өзім әр сабағымда осы технологияның элементтерін пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде:
Нәтижесінде тапсырмалардың түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады.