1) Майлықожа Сұлтанқожаұлының айтыстарына "SWOT" талдау жасаңыз.
Қазақ халқының бағына біткен суырып салма ақынының бірі ,қазақтың халық ақыны -Майлықожа Сұлтанқожаұлы.Ерте жасынан әкесінен айырылып ,жартылай жетімдіктің дәмін татқан ол жастайынан айтысқа бет бұрады.Он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген ,артына мол мұра қалдырған,қазақ халқының ықыласына бөленген ақын.
Келесі ақынның айтыстары туралы "SWOT" талдау арқылы айтып өтсем.
"SWOT"
S-Күшті тарапы
Ақын айтыстарының күшті жақтары сөз қозғайтын болсам.Майлықожа ақын апайтөс ақындармен айтысқа түскен болатын.Олар: Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныс.Бұл ақынның терең ойшылды,сөзге шебер,білімді шайыр екендігінен хабар береді.
W-Әлсіз тарапы
Майлықожа Сұлтанқожаұлының айтыстарының әлсіз тұстары жоқ деп ойлаймын.Себебі кез келген ақынмен айтысқа түскенде жеңілмеген.Сөз саптауы өте күшті болғанының әсерінен кей бет қақтырмаған ақындарды сөзімен жолбарыстай талап тастағаны туралы айтылады.
O-Мүмкіндік
Ақын айтыстарының барлығы дерлік белгілі бір өнегеге,үндеуге арналады.Өз айтыстарында халық үнін ,мұңын,сөзін жеткізіп отырды.Ақын өз шығармалары арқылы имандылық,адамгершілік,дінді нығайту секілді құнды қасиеттерді дәріптеді .Сонымен қатар салт-дәстүріміздің сақталуына ,келешек ұрпаққа жетуіне айтыстары арқылы мүмкіндік туғызды.
Ал айтыстарының тәрбиелік мәні зор.
T-Қатер
Өз айтыстарында шындықты жеткізу барысында өз басына қатер төндірген жайттар да жоқ емес.Бірақ соған қарамастан,ештеңеден тайсалмай тек шындықтың,әділдіктің туын көтерді.
2) ХІХ ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс,бетбұрыс,бағыттар қазақтың жаңа жазба әдебиетінің қалыптасуын талдап,саралаңыз. Қазақ жазба әдебиетінің аса бір кемелденген,түрленіп,толыққан ,құнарланған уақытты бастан кешкен ғасыры-ХІХ ғасыр еді.Бұл ғасырда қазақ жазба әдебиеті толығымен тарихи бағыттың мәселелерін қозғады.Сонымен қатар терең зерттелген әдебиет ғасыры болып табылады.
Бұл ғасыр әдебиеті даму барысында өзіндік көркемдік үлгілерімен,мазмұндалу ерекшелігімен,туу,жасалу себептерімен көзге түсті.ХІХ ғасыр әдебиетінің шығармашылығын байытқан ақын-жазушылардың өмірбаяны,келешек ұрпаққа қалдырған мол мүрасы,зерттеушілерді назарынан тыс қалдырмады.Сонымен қатар бұл ғасырды зерттеу барысында сөз өнерін жасандылыққа толтырып,тоқыратқан ғалымдар да болды.Бұл әдеби мұраның дұрыс зерттелуіне кедергісін келтірді.
Соған қарамастан,әдебиеттануды жиып,теріп,бастырып,зерттеу ісін тоқтатпады.Он тоғызыншы ғасыр әдебиеті мазмұны жағынан,көркемдік жағынан,тақырып пен мазмұн үйлесуімен,бірнеше ерекшелігімен,осы уақытқа дейінгі әдебиеттермен байланысының үзілмеуімен ,сапасы жағынан, көптеген өзгерістерге ұшырай отырып,жаңалық болып енді.
Қазақ әдебиетіне қызығушылық танытқан орыс зерттеушілері бірнеше жылдар бойы шаршамай қазақ әдебиетнің үлгілерін жинаумен айналысты және орыс тіліне аударма жасады.Сонымен қатар сол уақыттардағы "Түркістан уәлаяты", "Дала уәлаяты"газеттерінде басылып, әдеби еңбектер жарық көре бастады.
Он тоғызыншы ғасыр әдебиеті үлгісі жағынан,сан алуан жанрлы болған әдебиет.Яғни әдебиет жанрларының сан алуан түрі дамыған ғасыр.Олар: айтыс,жаңа өлең түрлері,сатира,дастан-поэмалар,проза,роман,әңгіме түрлері ,лирикалық өлеңдер .Көркемдік жағынан бұл жанрдар жеке өзара топтасып,бөлінеді.
Бұл ғасырда өмір сүрген аса көрнекті өкілдерді айтып кетпеске болмас.
Бостандық жолындағы,тәуелсіздік жолындағы рухты ақын-Махамбет.
Халықтың мұңын мұңдаған,зар заман ақындары- Ақтамберді,Шортанбай,Дулат т.с.с.
Ерекше жанр түрі айтыстың дамуына үлес қосқан ақындар-Майлықожа,Шөже, Түбек.
Сал-серілер - Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері.
Жаңа жазба әдебиеттің дамуына үлес қосқандар- Абай,Шоқан,Ыбырай.
3) Абайдың дәстүрлі назира үлгісінде жазылған поэмаларын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетінде нәзира дәстүрін қалыптастырған ақын.Нәзиралық дәстүр дегеніміз-салт-дәстүрді,қаза тілін тұғыр ету.Ақын өз поэмаларының тілін осы нәзирагөйлікпен жазды.Ол поэмалар:"Ескендір","Масғұт","Әзім әңгімесі".
Енді осы жазылған поэмаларды Венн диаграммасына салатын болсақ.
Ұқсастықтары:
Яғни үш поэмада шығыс дастандарының ертегі тақырыптарынан алынған,белгілі бір сюжетке негізделген.Көлем жағынан аз, оқиға сюжеті де өте шағын болып кездеседі. Бұл поэмалардың үшеуінің де оқырманға айтар ойы,тәрбиелік мәні зор.
Ал айырмашылықтарына келетін болсақ:
Үш поэманың сюжеті үш түрлі.
Айтар ойы,тәрбиелік мәні өзгеше.
Мазмұндалуы да үш түрлі.
Әр поэма әр түрлі көзқараспен жазылған.
Мысалы "Масғұт " дастанында «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды», - деген пікірді ұстанатын емес, жеке тұлға ретінде өзіндік ойын ашық айта алатын, өзіндік пікірі бар адамды тәрбиелеуге көздейді.
Ал "Ескендір"дастанында дүние жүзін жаулап алғысы келетін басқыншының іс-әрекеттері туралы,қанды істері туралы және ақылды ,ойшыл уәзірі Аристотельдің арқасында бір байламға келгені сөз болады.Бұл поэма арқылы адам бар байлықты өзімен бірге арғы дүниеге әкете алмайтынын,әр нәрсенің өз шегі болатындығын,қанағат етуді түсіндіре білді.
Ал "Әзім әңгімесі" поэмасының басқа поэмалардан айырмашылығы туралы айтатын болсам.
Толық аяқталмаған.
Жазылу үлгісі басқаша.
Қолдан қолға үзінді болып,бітпеген поэма.
Он бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған поэма.