1. Математика пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет3/20
Дата14.08.2023
өлшемі0,7 Mb.
#105253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
3.мәтінді есептерді шығару
Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады: 
1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады 
2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады 
3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері. Мәтін есептерді шығару кез- келген есепті шығара білуге үйретеді:
а) есеп мазмұнын талдай отырып, ондағы белгілі және белгісізді ажырата білуге үйретеді; 
б) берілген мәліметтер мен белгісіздің арасындағы байланысты тағайындай білуге үйретеді; 
в) есептің шығару жоспарын құру
г) есептегі белігілі мен белгісіз арасындағы байланысты теңдеу, теңдік арқылы математика тіліне аудару; 
д) сәйкес амалдарды орындау (сәйкес теңдеулерді шешу) есептің сұрағына жауап қайтару
е) есептің дұрыстығын тексеру. 
Мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап айтуға болады:
1) төртінші пропорционалды табуға арналған есептер; 
2) пропорционал бөлуге арналған есептер; 
3) екі айырма арқылы санды табуға арналған есептер
4) санның бөлігін және керісінше санды табуға арналған есептер. Есепті шешу бірнеше кезеңнен тұрады: 
- есептің мазмұнымен танысу. 
- есептің шарты және талабын түсіну, шартта көрсетілген элементтерді игеру
- қажетті ес жүйесіне керек ақпаратты іздестіру.
- білетін білім мен тәжірибені пайдаланып, шарты мен қорытындысының сәйкестігін айқындау. 
- есептің шешу жоспарын анықтау.
- берілген және ізделінді тәсілдер арқылы есептің бірнеше тәсілін қарастыру. - есепті белгілі тип түріне негіздеу.
- берілген есепті шешудің ең тиімді жолын таңдау. Жалпы мәтінді есептерді көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады: 
- арифметикалық тәсіл – бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.
алгебралық тәсіл – мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады. 
Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Ал алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады. Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер алғырлыққа, салыстыруға, белгісіз шамаларды анықтауға, есептің нәтижесін тексере білуге тәрбиелейді. Теңдеу құруға берілген есептерді шығару үшін төмендегі шарттарды орындау керек. 
Есептің мәтінін анықтау.
Белгісіз шамаларды анықтау.
Теңдеу құру.
Теңдеуді шешу.
Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
Есепті тексеру.
Есептің толық жауабын жазу.
 Мысалы төмендегідей есептерді теңдеу құру арқылы шығарып көрейік.
 7 есеп. Еркін әкесі 36-ға келген кезде туылған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?
 Шешуі:
Х жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе кіші болады деп тұжырымдаймыз да, оның сандық мәнін іздейміз.
Ол үшін тапсырма шартына сәйкес теңдеу құрамыз.
5*(0+Х)=36+Х 5*Х=36+Х
5*Х-Х=36 4*Х=36
Х=36:4 Х =9
5*(0+9)=36+9 45=45
Баласы 9 жаста болса, онда әкесінің жасын табу үшін:
36+9=45
 Жауабы: Әкесі қазір 45 жаста.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет