1. Математика пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет1/20
Дата14.08.2023
өлшемі0,7 Mb.
#105253
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Математика)


 1.Математика» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын
дамытады, миы мен еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін
жігер мен табандылықты қалыптастырады» деген болатын А.И. Маркушевич.
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары: білім беру, тәрбиелеу,
тәжірибелік, дамытушылық болып табылады.
1. Математиканы оқытудың білім беру мақсаты:
а) барлық оқушылар математикалық білімнің барлық жүйесін терең
және саналы меңгеруін қамтамасыз ету;
б) математикалық тілді меңгеруге үйрету;
в) оқушыларды бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің
математикалық әдістерін игеруге жәрдемдесу;
г) оқушыларды математикадан алған білім мен іскерліктерін оқуға
және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана
білуге үйрету;
д) оқушыларды ғылым негізімен таныстыру;
е) оқушыларды математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету.
2. Математиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты:
а) математиканың қоғамдағы алатын орны туралы және оның қоғамның,
техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны
туралы мағлұматтарды қалыптастыру;
б) оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық
мәдениетке тәрбиелеу және оқушылардың математикаға деген тиянақтылығын қамтамасыз ету;
в) оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
г) оқушыларға адамгершілік пен эстетикалық тәрбие беру (еңбек
сүйгіштік, патриоттық сезім, әдемілікті сезіну);
д) математиканы оқыту үрдісінде оқушыларды саналы тәртіпке,
белсенділікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге, жауапкершілікке т.б.
адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
е) оқушыларды математикалық құбылыстарды дұрыс талдауға
бағыттау;
ж) оқушыларды математика ғылымына, математик ғалымдарға
сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
3. Математиканы оқытудың тәжірибелік мақсаты:
а) оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге,
практикалық (экономикалық, қоршаған ортаға байланысты) есептерді
шығаруға;
б) математиканы физикаға, химияға, информатика, т.б. жаратылыстану
пәндерінде қолдана білуге үйрету;
в) математикалық құралдар мен аспаптарды пайдалануға баулу;
г) оқушылардың өз бетінше білім алуына көмектесу (оқулықтар және
ғылыми әдебиеттермен жұмыс).
4. Математиканы оқытудың дамытушылық мақсаты:
а) оқушылардың математикада логикалық қабілеттерін дамыту;
б) математикаға ықыласын, өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін
дамыту;
в) математикалық есте сақтау және ізденушілік, шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
г) математикалық объектілерді, қатынастарды, амалдарды тез және
кеңінен қорытындылай білу қабілетіне баулу;
д) сандық және кеңістік қатынастар сферасында логикалық ойлау
қабілетін дамыту.

«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.


Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.
Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. .
Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:
• логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
• оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
• сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
• математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;
• өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
• білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
• түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
• коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
• ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет